О проведении призыва на срочную военную службу граждан 1978-1987 годов рождения весной и осенью 2005 года Күшін жойған
Басқа 0
1978-1987 жылдары туған азаматтарды 2005 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 29-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19-қаңтардағы N 9000 Заңының 13 және 14-баптарына сәйкес, 2005 жылғы көктемде (сәуір-маусым айларында) және күзде (қазан-желтоқсан айларында) мерзімді әскери қызметке азаматтарды дер кезінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалардың бастықтары облыс азаматтарын мерзімді әскери қызметке дер кезінде шақыруды және аттандыруды жүргізсін, осы кезеңге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметіне басшылық және бақылау жасау үшін облыстық шақыру комиссиясы мынадай құрамда құрылсын:
1.
Александр Васильевич Гречухин
облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы
2.
Қадырәли Мұқашұлы Мұқашев
облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, облыстық шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары (келісімі бойынша)
Облыстық шақыру комиссиясының мүшелері:
3.
Айгүл Қазиқызы Құсайынова
облыстық денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары
4.
Оксана Владимировна Панкратова
қорғаныс істері жөніндегі департаменттің шақыру бөлімі бастығының орынбасары - дәрігер-терапевт, облыстық медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша)
5.
Күләш Базанқызы Сеймазинова
медбике, облыстық шақыру комиссияның хатшысы
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері, барлық меншік түріндегі ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары жас жігіттердің қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармаларға келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын. Қалалар мен аудандардың әкімдері қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармаларды жабдықталған шақыру пункттерімен қамтамасыз етсін, техникалық қызметшілерді және шақырылушыларды тасымалдауға арналған көліктің қажетті санын бөлсін. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке салтанатты шығарып салуды ұйымдастырсын. ўскерге шақыруды қаржыландыруды жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүргізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті (Мұқашев Қ. М.), облыстық жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментімен (Қажыбаев А.К.), облыстық денсаулық сақтау департаментімен (Андағұлов Қ.Б.), облыстық ішкі істер Бас басқармасымен (Байжасаров З.Б.), облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен (Поворотов О.А.) бірлесіп "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңына "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы N 9000 Заңының 13, 14 және 35 баптарына сәйкес 2005 жылғы көктемде (сәуір-маусым айларында), және күзде (қазан-желтоқсан айларында) мерзімді әскери қызметке азаматтарды әскерге шақыруды өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің 2004 жылғы 1 сәуірдегі N 74, облыстық әділет басқармасында 2004 жылғы 7 сәуірде тіркелген N 1683 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.В. Гречухинге жүктелсін.
Келісілді:
Облыстың қорғаныс істері
жөніндегі департаменттің бастығы
Облыстық ішкі істер Бас
басқармасының бастығы