О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан 1978-1987 годов рождений осенью 2005 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1978-1987 жылдары туған азаматтарды 2005 жылғы күзде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 2 тармағына,«"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19, 20 және 21 баптарына cәйкес 2005 жылғы күзде мерзімді әскери қызметке азаматтарды дер кезінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері облыс азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. 2005 жылғы күзде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу үшін облыстық шақыру комиссиясы мынадай құрамда құрылсын: Мұқашев Қадырәлі Мұқашевич облыстың қорғаныс істері   жөніндегі департаментінің бастығы - облыстық шақыру  комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Қажыбаева Амангелді Қажыбаевич жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментінің директоры - шақыру комиссиясы   төрағасының орынбасары Облыстық шақыру комиссиясының мүшелері: Бақтыбаев Жанарбек  Телюбекович облыстың ішкі істер  департаменті бастығының  орынбасары (келісім бойынша) Панкратова Оксана  Владимировна облыстың қорғаныс істері  жөніндегі департаментінің  шақыру бөлімі бастығының  орынбасары - дәрігер-терапевт    (келісім бойынша) Сеймазинова Күләш Базановна облыстық медициналық  бірлестіктің медбикесі (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаментіне (Қ.М.Мұқашев, келісім бойынша) медициналық комиссия құру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау департаменті (К.Б.Андағұлов) облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тапсырысы бойынша медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз ету үшін дәрігерлер мен орта медициналық қызметшілердің қажетті санын бөлсін.
Тармақ 5
5. Облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаментіне (Қ.М.Мұқашев,келісім бойынша) облыстың жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментімен (А.Қ.Қажыбаев), облыстың денсаулық сақтау департаментімен (К.Б.Андағұлов), облыстың ішкі істер департаментімен (Б.З.Байжасаров,келісім бойынша), облыстың жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен (О.А.Поворотов) бірлесіп 2005 жылғы күзде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. "1978-1987 жылдары туған азаматтарды 2005 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" облыс әкімінің 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 13, тіркеу N 2277, "Рудный Алтай" газетінде 2005 жылғы 23 сәуірде, "Дидар" газетінде 2005 жылғы 23 сәуірде жарияланған шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.В.Гречухинге жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: Шығыс Қазақстан облысының Облыстың ішкі істер қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы департаментінің бастығы