О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан 1979-1977 годов рождений весной и осенью Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19, 20, 21 және 23-баптарына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі N 96 Жарлығына сәйкес 2006 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды дер кезінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері облыс азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. 2006 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу үшін облыстық шақыру комиссиясы мынадай құрамда құрылсын: МУКАШЕВ Кадрали Мукашевич облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы - облыстық шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша); КАЖИБАЕВ Амангельды Кажибаевич жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаменттің директоры - комиссия төрағасының орынбасары; Облыстық шақыру комиссиясының мүшелері: БАКТЫБАЕВ Жанарбек Телюбекович облыстың ішкі істер  департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша); ПАНКРАТОВА Оксана Владимировна қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының көмекшісі- дәрігер -  терапевт (дәрігерлік комиссияның төрайымы) (келісім бойынша); СЕЙМАЗИНОВА Куляш Базановна N 2 "Консультативтік емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық мекемесінің медбикесі
Тармақ 3
3. Облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаментіне (К.М.Мукашев, келісім бойынша) облыстың жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментімен (А.К.Кажибаев), облыстың денсаулық сақтау департаментімен (К.Б.Андагулов), облыстың ішкі істер департаментімен (Б.З.Байжасаров, келісім бойынша), облыстың жолаушы көлігі және автомобиль жолдары департаментімен (О.А.Поворотов) бірлесіп 2006 жылдың көктемінде және күзінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. 1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізудің қоса беріліп отырған кестесі бекітілсін.
Тармақ 4-1
4-1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының аумағында 1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылғы күзде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы кесте бекітілсін. <*>
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.З.Мурзинге жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Облыстың ішкі істер департаментінің бастығы
Басқа 7. 1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізудің кестесі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 606 қаулысымен бекітілген 1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізудің кестесі Аттандыру күні Топ нөмірі 26.04.06 212 27.04.06 213 28.04.06 211 04.05.06 214 05.05.06 204 05.05.06 205 12.05.06 200 12.05.06 900 13.05.06 400 17.05.06 610 18.05.06 609 19.05.06 606 24.05.06 614 25.05.06 608 26.05.06 607 02.06.06 715 08.06.06 708 14.06.06 713 16.06.06 703 23.06.06 800 Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы 1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылғы күзде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі р/н аттандыру күні команда нөмірі 1 20.10.06 900 2 1.11.06 710 3 3.11.06 717 4 8.11.06 704 5 10.11.06 712 6 14.11.06 215 7 15.11.06 209 8 16.11.06 210 9 16.11.06 212 10 17.11.06 211 11 22.11.06 802 12 23.11.06 300 13 24.11.06 311 14 29.11.06 205 15 29.11.06 400 16 1.12.06 200 17 13.12.06 213 18 6.12.06 610 19 7.12.06 610 20 19.12.06 610 21 20.12.06 610 22 8.12.06 614