1979 - 1988 жылдары туылған шақыру күніне дейін 18 жасқа толған азаматтарды 2006 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста
Басқа 0
1979 - 1988 жылдары туылған шақыру күніне дейін 18 жасқа толған азаматтарды 2006 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шакыру туралы
«Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Қазакстан Республикасының Заңына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді кызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі №96 Жарлығына сәйкес азаматтарды әскери кызметке шақыруды үйымшылдықпен саналы өткізү мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, әскери қызметке шакырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақырылуын кейінге қалдыру құқығынан айырылған 1979-1988 жылдары туылған ересек жастағы ер азаматтар 2006 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
Тармақ 2
2. Азаматтардың мерзімді әскери қызметке шакырылуын өткізу ушін I-қосымшаға сәйкес ауданда шақыру комиссиясы кұрылсын және онын жұмысы 2006 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында үйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық білім бөліміне (Д.Нәзікбаев) 2-косымшаға сәйкес кезекті әскерге шақыру кезінде техникалық қызметкерлер бөлу үсынылсын.
Тармақ 4
4. Ауылдық округі әкімдеріне әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру пунктіне және медициналық комиссияға уйымдасқан түрде жеткізу ушін көлікпен қамтамасыз ету, мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салуды үйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Қармақшы аудандық емхананың бас дәрігері Б.Нысанбаев (келісімі бойынша) 3-қосымшаға сәйкес шақырылғандарды дәрігерлік тексеруден өткізу ушін аудандық шақыру пунктіне жоғары білікті маман дәрігерлер мен аяжандардың кажетті санын болу, аудандағы емдеу орындарында шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастыру, олардың әскери қызметке жарамдылығын аныктау үшін тереңдетілген дәрігерлік жабдықтармен, медициналық мүліктермен қамтамасыз ету сұралсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімі (Қ.Кожанов, келісімі бойынша) және Жосалы станциясының желілік полиция пункті (С. Нурымбетов. келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) шақыру кезінде әскерге шақырылғандар мен оларды шығарып салушылар арасында және тасымалдау кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Тармақша 2
2) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы каулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Әкімтаевка жүктелсін.