Об очередном призыве граждан 1979-1988 годов рождения на срочную военную службу в апреле - июне 2006 года и отборе кандидатов в военно-учебные заведения Министерства обороны Республики Казахстан и Российской Федерации в 2006 году Қолданыста
Басқа 0
1979-1988 жылдары туылған азаматтарды 2006 жылдың сәуір - маусымында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру және 2006 жылы Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігі мен Ресей Федерациясының әскери-оқу мекемелеріне үміткерлер іріктеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 160 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 1988 жылы туылған, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды, әскери бөлімдерге жоспарлы және ұйымдасқан түрде жөнелту, азамат жастар арасынан әскери оқу мекемелеріне үміткерлерді сапалы және ұйымдасқан түрде іріктеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Егіндікөл орталық аудандық ауруханасында әскерге шақырылу пункті ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. № 1 қосымшаға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру және әскери-оқу мекемелеріне үміткерлер іріктеу үшін комиссия құрылсын.
Комиссия мүшелерінің ауыруына, басқа да себептерге байланысты болмауы жағдайына, № 2 қосымшаға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру және әскери-оқу мекемелеріне үміткерлер іріктеу комиссиясының резервтік құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Әскерге шақырылушыларды және әскери-оқу мекемелеріне үміткерлерді медициналық куәландыру үшін № 3 қосымшаға сәйкес медициналық комиссия құрылсын.
Ауданда психиатр-дәрігердің, невропатолог-дәрігердің болмауына байланысты, психиатр, невропатолог дәрігерлердің медициналық комиссия құрамында Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаментінің жолдамасымен жұмыс істейтіні ескерілсін.
Тармақ 4
4. Егіндікөл орталық аудандық ауруханасының бас дәрігеріне:
Тармақша 1
1) Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімнің қарамағына азаматтарды куәландыру үшін қажетті дәрігер-мамандар мен орта медициналық персонал бөлу;
Тармақша 2
2) Егіндікөл орталық аудандық ауруханасында Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімнің жолдамасымен келген азаматтарды қосымша тексеруден өткізу үшін кереует резервтері болсын. Қосымша тексеру Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі белгілеген мерзімде, акті құрылу арқылы өткізу;
Тармақша 3
3) Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімінің жоспарына сәйкес әскерге шақырылуға жататын азаматтардың ауданның емдеу-алдын алу мекемелері арқылы кеуде клеткасын флюорографиялық (рентгеноскопия), жүректің электрокардиограммасын және барлық анализдерін тапсыруын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) медициналық куәландыру кезінде тіс ауруларын емдеуді қажет ететін әскерге шақырылушылардың ауыз қуысын емдеуін қамтамасыз ету үсынылсын;
Тармақша 5
5) медициналық куэландыру өткеннен соң, Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі Егіндікөл орталық аудандық ауруханасына, емдеу-алдын алу мекемелеріне бекіту және емдеу жүргізу үшін емдеуге мүқтаж әскерге шақырылушылардың тізімін тапсырсын.
Тармақ 5
5. Әскерге шақыру және медициналық комиссияның жұмыс күні 9.00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жоспарлансын.
Тармақ 6
6. Білім беру ұйымдарының және меншік түріне қарамай барлық ұйымдардың басшылары:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушыларды хабардар етсін және уақытында әскерге шақыру пунктіне келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мерзімді әскери қызметке шақырылған әскерге шақырылушылармен толық есеп айырыссын.
Тармақ 7
7. Ауыл және ауылдық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыру қағаздарын тапсыруды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарының қызметкерлері есебінен әскерге шақырылушыларды әскерге шақыру пунктіне жеткізу үшін шығарып салушылар және қажетті көлік бөлсін;
Тармақша 3
3) ауданның елді мекендерінен әскерге шақырылушыларды Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөліміне аттандыру кезінде тәртіп бұзушылыққа жол бермеу шараларын қолдансын.
Тармақ 8
8. Егіндікөл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына:
Тармақша 1
1) Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімді тергеуде жүрген, бұрын сотталған, жазасын өтеп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабардар ету; әскерге шақыру пунктінде және бөлімдерге жіберу кезінде коғамдық тәртіптің сақталуын камтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру комиссиясына және бөлімдерге аттандыруға келмеген әскерге шақырылушыларға іздеу жүргізу;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды тасуға бөлінген көліктің техникалық жағдайын тексеру ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Астрахан ауданының қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімінің бастығына 2006 жылдың 18 сәуірінен бастап 2006 жылдың 1 маусымына дейін азамат жастар арасынан Қазакстан Республикасы және Ресей Федерациясының әскери-оқу мекемелеріне үміткерлерге іріктеу жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 10
10. Әскерге шақырылу іс-шараларын орындауға байланысты шығыстар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 11
11. Әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің жұмыс орындарында орташа жалақысы сақталсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бакылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С. Ысқақоваға және Астрахан ауданының корғаныс істері бойынша бірлескен бөлімінің бастығына жүктелсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шыққан күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 27. АЗАМАТТАРДЫ КЕЗЕКТІ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ-ОҚУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ҮМІТКЕРЛЕР ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 18 сәуірдегі
№ а-4/82 қаулысына
№ 1 қосымша
АЗАМАТТАРДЫ КЕЗЕКТІ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ-ОҚУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ҮМІТКЕРЛЕР ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
Оспанбаев Жұмабай Сыздықұлы - Астрахан ауданының қорғаныс істер бойынша бірлескен бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Ысқақова Жанат Советқызы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Асылбеков Төлеген Жазбекұлы - Егіндікөл аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Лебига Татьяна Андреевна - Егіндікөл орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)
Пистоль Римма Аркадьевна - Егіндікөл орталық аудандық ауруханасының медициналық бикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 28. АЗАМАТТАРДЫ КЕЗЕКТІ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ-ОҚУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ҮМІТКЕРЛЕР ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫНЫҢ РЕЗЕРВТІК ҚҰРАМЫ
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 18 сәуірдегі
№ а-4/82 қаулысына
№ 2 қосымша
АЗАМАТТАРДЫ КЕЗЕКТІ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ-ОҚУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ҮМІТКЕРЛЕР ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫНЫҢ РЕЗЕРВТІК ҚҰРАМЫ
Мельников Николай Ильич - Астрахан ауданының қорғаныс істер бойынша бірлескен бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Рыскелдинов Қайыр Өмірсадықұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Рыспаев Мұқтар Оралбайұлы - Егіндікөл аудандық ішкі істер бөлімі бастығының тәрбие және кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары (келісім бойынша)
Ахметова Балқия Насырқызы - Егіндікөл орталық аудандық ауруханасының дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)
Деменковец Валентина Николаевна - Егіндікөл орталық аудандық ауруханасының медициналық бикесі (келісім бойынша)
Басқа 29. МЕДИЦИНАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 18 сәуірдегі
№ а-4/82 қаулысына
№ 3 қосымша
МЕДИЦИНАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ
Ахмедов Уги Мюдирович - Егіндікөл орталық аудандық ауруханасының хирургі (келісім бойынша)
Құлахметов Сержан Серікпайұлы - Егіндікөл орталық аудандық ауруханасының тіс дәрігері (келісім бойынша)
Ахметова Балқия Насырқызы - Егіндікөл орталық аудандық ауруханасының дерматологы (келісім бойынша)
Құлахметов Сержан Серікпайұлы - Егіндікөл орталық аудандық ауруханасының отоларинголога (келісім бойынша)
Қасенова Алтын Қайырбекқызы - Егіндікөл орталық аудандық ауруханасының терапевті (келісім бойынша)
Құлахметова Жанат Шакирқызы - Егіндікөл орталық аудандық ауруханасының окулист дәрігері (келісім бойынша)