Об очередном призыве граждан 1979-1988 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года и об отборе кандидатов в военно-учебные заведения Министерства обороны Республики Казахстан и Российской Федерации в 2006 году Күшін жойған
Басқа 0
1979-88 жылы туған азаматтарды 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери кызметке кезекті шақыру және 2006 жылы Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігінің және Ресей Федерациясының әскери оқу мекемелеріне кандидаттар іріктеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 ««Белгіленген мерзімді әскери қызметін өтеген әскери қызметкерлерді мерзімді әскери қызметтен босату және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, 1988 жылы туған азаматтарды, соңдай-ақ одан жасы жоғары, бірақ әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру мерзімі біткен азаматтарды мерзімді әскерге шақыруды және әскери бөлімдерге жөнелтуді ұйымшылдықпен өткізу үшін, жастардың арасынан әскери оқу орындарына үміткерлерді сапалы және ұйымдасқан түрде іріктеу мақсаттарында, аудан әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Астрахан ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде (Астрахан ауданының ҚІББ) шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. №1 қосымша бойынша, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және кандидаттарды әскери оқу орындарына іріктеу үшін комиссия құрылсын.
Тармақ 3
3. №2 қосымшада берілген, әскерге шақырылғандарды және әскери оқу орындарына кандидаттарды дәрігерлік тексерістен өткізу үшін медициналық комиссия құрылсын.
Ауданда көз дәрігерінің жоқтығына байланысты, медициналық комиссияның құрамында Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаментінің бағыттамасымен келген көз дәрігері жұмыс істейді.
Тармақ 4
4. Астрахан орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері:
Тармақша 1
1) азаматтарды дәрігерлік тексерістен өткізу үшін Астрахан ауданының ҚІББ қарамағына қажетінше маман дәрігерлер мен орташа медициналық құрам бөлсін;
Тармақша 2
2) Астрахан ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бағыттауымен жіберілген азаматтарды қосымша тексерістен өткізу үшін аудандық ауруханада бос орындар ұстасын. Қосымша тексеріс акт жасау арқылы Астрахан ауданының ҚІББ белгілеген мерзімде өткізілсін;
Тармақша 3
3) ауданның емделу-алдын алу мекемелері арқылы флюорографиялық, электрокардиограммалық және лабораториялық зерттеулерден өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) медициналық куәландыру кезеңінде тісін емдеуді қажет ететін шақырушылардың тістерін емдеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5) дәрігерлік тексеріс өткізілгеннен кейін, Астрахан ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі әскерге шақырылған емдеуді қажет ететін азаматтардың тізімін аудандық ауруханаға тапсырсын, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп одан әрі емделулерін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Шақыру және медициналық комиссия үшін жұмыс күні сағат 9-дан 18-ге дейін, 13-тен 14-ке дейін түскі демалысымен белгіленсін.
Тармақ 6
6. Ұйым басшылары:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылғандарды хабарландырып, олардың шақыру учаскесіне уақытымен келулерін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) кезекті әскери қызметке шақырылғандармен толық есеп айырыссын.
Тармақ 7
7. Ауылдық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыру қағазын тапсыруды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) ауданның елді мекендерінен Астрахан ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінен аттандыру кезінде шақырылғандар мен шығарып салушылар арасында тәртіпсіздікті болдырмау шаралары қабылдансын.
Тармақ 8
8. Астрахан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы:
Тармақша 1
1) шақыру және әскерге аттандыру кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің бұзылмауын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиясына және әскерге аттандыру үшін келмегендерді іздесін;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылғандарды тасымалдауға бөлінген көліктің техникалық дайындығына тексеру жүргізсін.
Тармақ 9
9. Астрахан ауданының ҚІББ бастығына 2006 жылдың сәуір-мамыр айларында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына жастар арасынан үміткерлер іріктеу жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 10
10. Әскерге шақыру шараларын орындауға байланысты шыққан шығындар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 11
11. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, медицина және техникалық жұмысшылардың жұмыс орнында орташа жалақысы сақталсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
Тармақ 13
13. Қаулы Астрахан ауданының әділет Басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді, «Маяк» газетінде жариялануға жатады.
Басқа 26
Астрахан ауданы әкімдігінің
2006 ж. «21» сәуір №188
қаулысына №1 қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және әскери оқу орындарына кандидаттар іріктеу комиссиясының кұрамы
Оспанбаев Жұмабай Сыздықұлы
Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Қожахмет Мирам Қосманұлы
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Молдияров Қуат Темірболатұлы
Астрахан ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Воротникова Любовь Константиновна
Астрахан орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Төлеубекова Мүгілсім Жапарқызы
Астрахан орталық аудандық ауруханасының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 27
Астрахан ауданы әкімдігінің
2006 ж. «21» сәуір №188
қаулысына №2 қосымша
Әскерге шақырылғандарды және әскери оқу орындарына кандидаттарды әскери тексерістен өткізетін Медициналық комиссияның кұрамы
Нұрәлиев Мұхтар Наржігітұлы
Астрахан орталық аудандық ауруханасы хирургі (келісім бойынша)
Жаңабеков Сырым Сандыбекұлы
Астрахан орталық аудандық ауруханасының тіс дәрігері (келісім бойынша)
Есенбаева Ғалияш Әбенқызы
Астрахан орталық аудандық ауруханасының дерматологі (келісім бойынша)
Арбиева Маргарита Ростиславовна
Астрахан орталық аудандық ауруханасының психиатры (келісім бойынша)
Мирошниченко Светлана Васильевна
Астрахан орталық аудандық ауруханасының невропотологі (келісім бойынша)
Жаңабекова Шынар Қабдірахманқызы
Астрахан орталық аудандық ауруханасының отоларингологі (келісім бойынша)
Сүлейменова Гүлшекер Рахымбекқызы
Астрахан орталық аудандық ауруханасының терапевті (келісім бойынша)