Қолданыстағы ред. 10.03.2006

1979 - 1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылғы көктемгі, күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 10.03.2006 г. № 07/01 (1979 - 1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылғы көктемгі, күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)

0

1979 - 1988 жылдары туған
азаматтарды 2006 жылғы
көктемгі, күзгі мерзімді
әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік жэне әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 23, 44 бабтарына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық шақыру комиссиясы осы құрамда бекітілсін:
Назымбеков Серік Назымбекұлы - қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің
бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Жекебаев Дулат Шайкенұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Нұрмағамбетов Гайдар Игітайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары (келісім бойынша)
Голикова Елена Владимировна - дәрігер-терапевт, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Ақылбекова Майраш Қуанышкызы - медбибі, медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша)

2

2. Ауданның қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің (бұдан әрі ҚІБ) бастығы Серік Назымбекұлы Назымбековке (келісім бойынша) Осакаров ауданының ҚІБ шақыру учаскесіне мерзімді әскери қызметке шакыруды 2006 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымын қоса алғанда, 1 қазанынан 31 желтоқсанын қоса алғанда өткізу ұсынылсын.

3

3. Аудандық шақыру комиссияның мүшелері сырқат бойынша және баска да себептермен жоқ болған жағдайда, комиссияның резерв құрамы бекітілсін:
Оспанов Бектұрсын Әжібайүлы - ҚІБ жұмылдыру дайындығы және
аймақтык қорғаныс бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Әбильдин Нұржан Шаймерденұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия
төрағасының орынбасары
Құтжанов Ерлан Есентайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Панаев Ширин Юсупович - дәрігер-хирург (келісім бойынша)

4

4. Азаматтарды мерзіміді әскери қызметке шақыру кезеңіне барлык аудандык шақыру комиссияның мүшелері өз міндеттерін атқарудан жұмыс орны, атқарған қызметі мен жалақысы сақтала отырып босатылсын.

5

5. «Аудандық медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры Қанат Ерекеұлы Сәдуакасовқа (келісім бойынша) ұсынылсын:

1

1) аудандық шақыру комиссияның қарамағына кажетті тәжірибелі дәрігер-мамандарды және орта медициналық қызметкерлерді медициналық куәландыруді өткізу үшін бөлу;

2

2) аудандық шақыру комиссияны қажетті медицина және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету;

3

3) стационарларда аудандық шақыру комиссияның жолдамасы бойынша әскерге шақырылушылардың денсаулығын қосымша тексеруден өткізу үшін резерв орындарының болуы;

4

4) барлық әскерге шакырылушыларды кеуде клетканың флюорография, электрокардиограмма және баска қажетті талдаулардан өткізуге қамтамасыз ету;

5

5) әскерге шақырылушыларды тексеру үшін электрокардиограмма таспалары, рентген үлдірлерінің резервте болу;

6

6) тістерін емдеуге қажет ететін әскерге шақырылушыларға сауықтыруды қамтамасыз ету.

6

6. Кенттер мен селолық округтердің әкімдеріне міндеттелсін және меншік нысанына қарамастан кәсіпорын, мекеме және ұйым басшыларына үсынылсын:

1

1) шақырылуға жататын азаматтарды іссапарлардан (демалыстардан) шақырып алу, олардың хабардар етілуін жэне шақыру учаскесіне уақытылы келіп жетуін ұйымдастыру, шақыру және медициналық куәландыру кезеңіне жұмыстан жалақысын және жұмыс орнын сақтай отырып босату;

2

2) әскерге шақырылушылармен қызметке жіберу дейінгі 7 күн ішінде толық есеп айырысуды өткізу, эскери бөлімшелерге салтанатты шығарып салуды үйымдастыру;

3

3) техникалық қызметкерлерді, қызмет етушілерді, автокөлікті шакыру учаскесіне бөлу.

7

7. Кенттер мен селолық округтердің әкімдері қамтамасыз етсін:

1

1) барлық әскерге шақырылушыларға дербес шақыру қағазын тапсыру;

2

2) ауданның ҚІБ келген күні әскерге шақырылушылардың қолында қажетті құжаттардың болуы;

3

3) әскерге шақырылушыларды шақыру комиссияға жеткізу және кәсіпорын, ұйымдардың көлігімен әскерге жіберу;

4

4) әскерге шақырылушыларды тасымалдау кезінде сәтсіз оқиғадан сақтау шараларын. Тасымалдауды учаскелік полиция инспекторының қоса жүрумен өткізу.

8

8. Аудандық телекоммуникация торабының директоры Ислам Мұхтарұлы Шәкірбековке (келісім бойынша) шақыру кезеңіне селолық округтер әкімдерінің ауданның ҚІБ үздіксіз байланысын қамтамасыз ету ұсынылсын.

9

9. Аудандық ішкі істер бөлімінің (бұдан әрі АІІБ) бастығы Берік Сейітханұлы Бөлекбаевке (келісім бойынша) ұсынылсын:

1

1) бұрын сотталған, жазаны өтеушілер, коғамға қарсы және басқа да қылмыстары үшін тергеуде жүрген әскерге шақырылушылар туралы ауданның ҚІБ ақпарат беру;

2

2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеніне АІІБ екі қызметкерін ауданның ҚІБ шақыру пунктінде тәртіпті сақтау үшін бөлу;

3

3) әскерге шақырылушыларды іздестіру және тәртіпті сақтау үшін жіберілген АІІБ қызметкерлерінің тізімін ауданның ҚІБ жіберу.

4

4) шақырудан жалтарып калған тұлғалардың іздестіруін жүргізу.

10

10. Осакаров ауданының электр жүйелерінің бастығы Олег Николаевич Бугаевқа (келісім бойынша) шақыру пунктін электр жарығымен үздіксіз қамтамасыз ету ұсынылысын.

11

11. Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат аудан әкімінің аппаратына 2006 жылдың 10 шілдесіне және 2007 жыддың 10 қаңтарына тапсырылсын.

12

12. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының негізінде қолданысқа енгізіледі.

13

13. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Дулат Шайкенұлы Жекебаевқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
Ауданның қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы
С.Н.Назымбеков
10 наурыз 2006 жыл
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Б.С.Бөлекбаев
10 наурыз 2006 жыл
«Аудандық медициналық бірлестік»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынның директоры
Қ.Е.Сәдуақасов
10 наурыз 2006 жыл
Осакаров ауданының электр
жүйелерінің бастығы
О.Н.Бугаев
10 наурыз 2006 жыл
Аудандық телекоммуникация
торабының директоры
И.М.Шәкірбеков
10 наурыз 2006 жыл