1979 - 1988 жылдары туылған азаматтарды 2006 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке кезекті шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 – бабы 1 – тармағының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (әрі қарай - Заң) 18,19, 20, 44-баптарына сәйкес және азаматтарды 2006 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру, уақытылы және сапалы өткізу мақсатында Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1979 - 1988 жылдары туылған азаматтарды 2006 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке кезекті шақыру туралы от 29.03.2006 г. № 03/05 (1979 - 1988 жылдары туылған азаматтарды 2006 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке кезекті шақыру туралы)
1. 1979-1988 жылы туылған азаматтарды 2006 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке кезекті шақыру үшін Заңның 17-бабының 5-тармағына сәйкес №1 қосымшада көрсетілгендей құрамда аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын.
2. Аудан бойынша поселкелік, селолық округтердің әкімдері, мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының басшылары және меншік түріне қарамастан ұйым, ұжым басшылары әскерге шақыру комиссияларының жұмысын, 2006 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке кезекті шақыруға жататын 1979-1988 жылдары туылған барлық азаматтардың әскерге шақыру пунктіне ұйымшылдықпен келуін 2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында қамтамасыз етсін. Көктемгі және күзгі 2006 жылғы әскери қызметке шақыруға жататын іс-сапарда және кезекті демалыста жүрген 1979-1988 жылдары туылған барлық азаматтарды Заңның 19-бабына сәйкес іс-сапардан және кезекті демалыстан шақырып алуға, оларды Балхаш қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру жиын пунктіне уақытылы келуін қамтамасыз етсін.
3. Балхаш қаласының қалалық мамандандырылған емханасы (Ж.Бекдайыров – келісім бойынша) Заңның 44-бабына сәйкес әскерге шақырылған азаматтарды медициналық куәландыруға өткізуге қатысатын дәрігерлердің қажетті санын бөлсін.
4. Заңның 20-бабына сәйкес 2006 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке кезекті шақырылатын 1979-1988 жылдары туылған азаматтардың әскерге жарамды – жарамсыздығын куәландыруға арналған дәрігерлік комиссия №2 қосымшада көрсетілгендей құрамда қосылсын.
5. Аудан поселкелік, селолық округтердің әкімдері әскери қызметке шақырылған 1979-1988 жылдары туылған азаматарды 2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында Балқаш қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің белгіленген тізімдегі және кезекті кестесі бойынша дәрігерлік куәландыру және оларды:
1) мекен жайының Қарағанды облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің жиын пунктіне дейін және кері қарай;
2) мекен жайынан Қарағанды облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің жиын пунктіне дейін және кері қарай;
3) мекен жайының Қарағанды облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің жиын пунктіне дейін әскерге аттандыру үшін жеткізіп салу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
6. Аудандық қаржы бөлімі (Б.Макаримова) Заңның 44-бабына сәйкес 1979-1988 жылдары туылған азаматтарды 2006 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуге байланысты әскери міндеттілікті орындауды қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін шараларды 2006 жылғы аудандық бюджетте көзделген қаржылар шегінде қаржыландырсын.
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.Аубакиров) Заңның 44-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес 2006 жылғы сәуір – маусым және қазан – желтоқсан айларына тоқсан бойы ақы төленетін қоғамдық жүмысқа жұмыссыздардың есебінен Балқаш қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіне 2 адам және Ақтоғай селосындағы шақыру пунктіне 1 адам барлығы 3 адам техникалық қызмет көрсету үшін бөлсін.
8. Аудандық ішкі істері бөлімі (Қ.Жанпейсов – келісім бойынша) Заңның 18-бабының 3-тармағына және 44-бабының 2-тармағына сәйкес жалтарып жүрген әскерге шақырушыларды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын. Әскерге шақырылғандарды Балқаш қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жиын пунктінен және Ақтоғай селосындағы жиын пунктінен теміржол бекетіне және Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен облыстық жиын пунктіне аттандыру кезінде қоғамдық тәртіп пен ұйымшылдықты сақтау мақсатында полиция жасағының және жол полициясы автокөліктерінің қажетті санын бөлсін.
9. Аудандық барлық мекеме, кәсіпорын, оқу орындары басшыларына және меншік түріне қарамастан басқа да ұйым, ұжым, қоғам басшыларына Заңның 18,19,44-баптарына сәйкес көктемгі және күзгі 2006 жылғы әскери қызметке шақыруды өткізудің маңыздылығы ескертілсін.
10. Балқаш қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Б.Бекмагамбетов – келісім бойынша) тарапынан көктемгі және күзгі 2006 жылғы әскери қызметке кезекті шақыруды өткізгені жөніндегі ақпаратты аудан әкіміне 2006 жылдың 15 шілдесі қарсаңында ұсынсын.
11. Ақтоғай ауданы әкімдігінің «Ақтоғай ауданы әкімиятының 1978-1987 жылдары туылған азаматтарды 2005 жылғы көктемгі және күзгі мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы 2005 жылғы көктемгі және күзгі мерзімді әскери қызметке кезеті шақыру туралы 2005 жылғы 24 наурыздағы №04/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 01.11.2005 жылғы № 8-10-11 мемлекеттік тіркеуден өткен қаулысының күші жойылған деп танылсын.
12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Әбеуоваға жүктелсін.
13. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Президентінің азаматарды 2006 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке шақыру туралы Жарлығы жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ
Балқаш қалалық қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы:
Б.Бекмагамбетов
«25» 03 2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Балқаш қаласының мамандандырылған
емханасының бас дәрігері:
Ж. Бекдайыров
«25» 03 2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Ақтоғай аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы:
Қ.Жанпейісов
«25» 03 2006 жыл
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2006 жылғы «29» наурыздағы
№ 03/05 қаулысымен бекітілген
№1 қосымша
«1979 - 1988 жылдары туылған азаматтарды 2006 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке кезекті шақыру туралы» құрылған аудандық комиссия құрамы
Бекмагамбетов Болат Әбдікешұлы – комиссия төрағасы, Балқаш қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы;
Әбеуова Салтанат Мірасілқызы – комиссия төрағасының орынбасары, Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары;
Қаппаров Ораз Амантайұлы – Ақтоғай аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Айтқұлов Ерлан Серікұлы - Балқаш қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру және шартты әскери қызмет бөлім бастығы;
Стамқұлов Мәкәрім Күлтебайұлы – Ақтоғай әскери есеп столының бастығы;
Голайенко Валентина Викторовна – дәрігерлік комиссия төрайымы, дәрігер терапевт;
Жанибекова Қарғаш – комиссия хатшысы;
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2006 жылғы «29» наурыздағы
№ 03/05 қаулысымен бекітілген
№2 қосымша
2006 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке кезекті шақырылатын 1979-1988 жылдары туылған азаматтардың әскерге жарамды – жарамсыздығын куәландыруға арналған дәрігерлік комиссия құрамы:
Голайенко Валентина Викторовна – дәрігерлік комиссия төрайымы, дәрігер терапевт;
Водинский Георгий Леонидович – дәрігер хирург;
Мукашева Дидар Қабылбековна – дәрігер терапевт;
Броневицкая Лидия Степановна – дәрігер невропатолог;
Алгожина Жанар Рамазановна – дәрігер психиатор;
Табиев Әнуарбек Шынарбекұлы – дәрігер стоматолгог;
Серикова Дария Қақашқызы – дәрігер отоларинголог;
Ким Лидия Николаевна – дәрігер венеролог;
Тлеубекова Сауле Қайратқызы – дәрігер окулист;
Жанибекова Қарғаш – комиссия хатшысы;