О проведении призыва граждан 1979-1988 годов рождения на срочную воинскую службу апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Қолданыста
Басқа 0
1979-1988 жылдары тұған бозбалаларды
2006 жылдың сәуір-маусымы мен
қазан-желтоқсанында мерзімді әскери
қызметке шақыруды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19-23, 44-баптарына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2006 жылдың сәуір-мусымы мен қазан-желтоқсанда Теміртаі қаласы мен Ақтау кентінде тұратын он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ еркек жынысты азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізсін.
Тармақ 2
2. Шақыруды жүргізу кезінде 1-қосымшаға сәйкес құрамда шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясының жұмысы 2006 жылдың сәуір-маусымы, қазан-желтоқсанда жүргізілсін.
Тармақ 4
4. «Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Теміртау аймақтық өкілдігі мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін:
Тармақша 1
1) «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің медициналық мекемелер және кәсіпорындармен жасаған медициналық қызметті төлеу жөніндегі келесімшарттарына байланысты медициналық шақыру комиссиясын жүргізу үшін 2006 жылдың сәуір-маусымы, қазан-желтоқсанда есепке сәйкес дәрігер-мамандар мен орта медициналық персонал бөлсін (2-қосымша);
Тармақша 2
2) «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өтініміне сәйкес медициналық комиссияны қажетті құрал-сайманмен, дәрі-дәрмектермен және мүліктермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) шақыру комиссиясы жіберген әскер қатарына шақырылатындарды кезексіз тексеруден өткізуді етсін.
Тармақ 5
5. Ұйымдардың басшыларына шақырылуға жататын азаматтарды іссапарлардан (демалыстардан) шақырып алу, олардың хабардан етілуін және шақыру учаскесіне уақытылы келіп жетуін ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды жүргізу кезеңіне 2006 жылдың сәуір-маусымы, қазан-желтоқсанда әскери қызметке шақыруға жататын 1979-1988 жылдары туған азаматтарға хабар беру үшін «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істери жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 30 техникалық жұмысшы бөлім.
Тармақ 7
7. «Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің Теміртау қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі әскерге шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкелердің, сондайөақ шақыру учаскесінде қызмет көрсетуге бөлінген персоналдың осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, қызметі және жалақысы сақталынады.
Тармақ 9
9. «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әскери қызметке шақыруды жүргізу шараларын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға және «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы полковник Бақыт Құдайбергенұлы Әбдібаевқа жүктелсін.
Тармақ 11
11. Қаулының орындалуы туралы ақпарат 2006 жылғы 5 шілдеде және 2007 жылғы 5 қандарда берілсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ
«Қарағанды облысы Теміртау қаласының
қорғаныс істері жөніндегі басқармасыә»
мемлекеттік мекемесі бастығы
_________________ Б. Әбдібаев
«6» наурыз 2006 ж.
КЕЛІСІЛДІ
«Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің
Теміртау қаласының ішкі істер басқармасы»
мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы
_________________ Н.Саульский
«6» 03 2006 ж.
КЕЛІСІЛДІ
«Қарағанды облысы денсаулық сақтау
Департаменті» мемлекеттік мекемесінің
Теміртау аймақтық өкілдік бөлімінің бастығы
_________________ С.Кенжебаев
«7» наурыз 2006 ж.
КЕЛІСІЛДІ
«Теміртау қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Ю. Ким
«7» 03 2006 ж.
КЕЛІСІЛДІ
«Теміртау қаласының қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Н.Кроут
«6» наурыз 2006 ж.
КЕЛІСІЛДІ
«Теміртау қаласының экономика және
бюджетті жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Б.Қонақабаев
«6» наурыз 2006 ж.
Басқа 16
Теміртау қаласы әкімдігінің
2006 жылғы «9» наурыз
№ 3/22 қаулысына 1-қосымша
Шақыру комиссиясының құрамы
Бақыт Құдайбергенұлы Әбдібаев «Қарағанды облысы Теміртау
қаласының қорғаныс істері жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы, полковник,
комиссия төрағасы
Захида Бамат-Гиреевна Парижева «Теміртау қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
әлеуметтік бағдарламалар мен
жұмыспен қамту мониторингі
бөлімінің бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Төлеутай Дәрменұлы Кенжекеев «Қарағанды облысы ішкі істер
департаментінің Теміртау қаласының
ішкі істер басқармасы» мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары,
полиция подполковнигі
Таисия Николаевна Петрухина «№2 Емхана» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынның дәрігер-терапевті,
медициналық комиссиясының төрағасы
Юлия Владимировна Сарычева «№2 Емхана» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның
медбикесі, комиссия хатшысы
📌 Ескерту.
«Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы полковник Бахыт Құдайбергенұлы Әбдібаетың болмаған кезінде шақыру комиссиясының төрағасы міндетін атқару бірінші бөлімшенің бастығы, «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Талғат Болатұлы Орманбетовке жүктелсін.
Басқа 17
Теміртау қаласы әкімдігінің
2006 жылғы «9» наурыз
№ 3/22 қаулысына 2-қосымша
Медициналық шақыру комиссиясын жүргізу үшін бөлінетін дәрігер-мамандар мен орта медициналық персоналдың есебі
Медициналық мекеменің атауы
Медициналық қызметкерлердің мамандығы
Медициналық қызметкерлердің саны
"№ 2 Емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Окулист
1
Отоларинголог
1
Терапевт
1
Медбике
3
"№ 3 Емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Хирург
1
"Жұқпалы аурулар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Медбике
1
Қарағанды облысы әкімінің жанындағы "Теміртау қалалық тері-венерологиялық диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тері венерологы
1
"Психиатриялық диспансер" мемлекеттік мекемесі
Психиатр
1
Медбике
1
"№ 1 Емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Невропатолог
1
Медбике
1
"Ботан" мемлекеттік емес мекемесі
Стоматолог
1