1979-1988 жылдары туған Жаңаарка аумағында тұратын азаматтарды 2006 жылдың көктемгі, күзгі мерзімдерінде әскери кызметке шақыруды жүргізу туралы
Қазакстан Республикасының «Қазакстан Республикасының жергілікті мемлекеттік баскару туралы», «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңдарына сәйкес және 1979-1988 жылдары туған Жаңаарка аумағында тұратын азаматтарды 2006 жылдың көктемгі, күзгі мерзімдерінде әскери қызметке шақыруды өз мәнінде жүргізу мақсатында Жаңаарка ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1979-1988 жылдары туған Жаңаарқа аумағында тұратын азаматтарды 2006 жылдың көктемгі, күзгі мерзімдерінде әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы от 27.03.2006 г. № 129 (1979-1988 жылдары туған Жаңаарқа аумағында тұратын азаматтарды 2006 жылдың көктемгі, күзгі мерзімдерінде әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы)
1. Аудан аумағындағы 2006 жылдың 3 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы 1979-1988 жылдары туған, әскерге шақырудан босатылуға құқығы жок әскер жасындағы азаматтар міндетті мерзімді әскери кызметке шакырылсын.
2. Кент және селолык округ әкімдеріне, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар басшыларына әскери қызметке шақырылған барлық азаматтардың әскерге шақыру пунктіне ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
3. Әскерге шақырылатын азаматтардың мерзімдік әскери қызметке уакытында шақырылуын ұйымдастырып және оны жүзеге асыратын аудандық әскерге шақыру комиссиясы №1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
4. Қазакстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабын негізге ала отырып, әскерге шақыру комиссиясына келмеген немесе келуден жалтарған азаматтарды уақытында келуін қамтамасыз ету үшін іздестіру тобы №2 қосымшаға сәйкес кұрылсын. Әскерге шақырушыларды іздестіру және жеткізу үшін (С.Касымов, келісімі бойынша) ВАЗ 21213 №714 ВА автокөлігін пайдалануға рұқсат етілсін.
5. Аудандық медициналық бірлестігіне (Ш.Жұмашев, келісімі бойынша) медициналық комиссиясының құрамын жасақтау, қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық заттармен қамтамасыз ету, қажет жағдайда қосымша дәрігер мамандары мен медбикелерді бөлу ұсынылсын.
6. Аудандық ішкі істер бөліміне (С.Әлиев, келісімі бойынша) әскерге барудан бас тартушыларды іздестіріп, облыстық жиын пунктіне жіберуді ұйымдастыру, селолық округтерден әскерге шақырылғандардың шақыру пунктіне уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарына жіберілер кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға ерекше көңіл бөлу ұсынылсын.
7. Жаңаарқа стансасының бастығына (М.Бағарамова, келісімі бойыша) әскерге шақырылған командаларын Жаңаарка стансасынан Қарағанды стансасына дейін жіберу үшін поезда отыратын орындармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
8. Теміржол полиция бекеті (А.Сембеков, келісімі бойынша) жастарды әскерге шығарып салу, оларды облыс орталығына дейін жеткізу кезінде қатаң тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар жүргізуі ұсынылсын.
9. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (С.Касымов, келісімі бойынша) және Жаңаарқа ауданы әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі өкілі Ө.Дыбысовқа әскерге алынушылар күніне байланысты шығарып салу салтанаты мен жиынын өткізу ұсынылсын.
10. Аудандық қаржы бөлімінің бастығының міндетін атқарушы (А.Жылқыбаев) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне ұсынған шығындар сметасына сәйкес көктемгі, күзгі әскерге шақыру науқанын қаржыландыруы тапсырылсын.
11. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 23 бабының 1 тармағына сәйкес осы қаулы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының шыққан күнінен бастап күшіне енеді.
12. Аудан әкімиятының 25 наурыз 2005 жылғы «1978-1987 жылдары туған Жаңаарқа аумағында тұратын азаматтарды 2005 жылдың көктемгі, күзгі мерзімде әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы» №82 қаулысының (Қарағанды Облыстық Әділет Департаментінде тіркелген, тіркеу №1767, 08 сәуір 2005 жыл) күші жойылсын.
13. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары І.Ісләмовке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық қорғаныс істер жөніндегі
бөлімінің бастығы
С.Қ.Қасымов
27.03.2006ж.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
С.С.Әлиев
27.03.2006ж.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық қаржы
бөлімінің бастығының
міндетін атқарушы
А.Жылкыбаев
27.03.2006ж.
КЕЛІСІЛДІ:
Теміржол полиция
бекетінің бастығы
А.Сембеков
27.03.2006ж.
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 27 наурыздағы
№ 129 қаулысына №1 қосымша
1979-1988 жылдары туған Жаңаарқа аумағында тұратын азаматтарды 2006 жылдың көктемгі, күзгі мерзімдерінде әскери қызметке шақыруды жүргізетін комиссияның құрамы:
Қасымов Сағадат Қуанышбекұлы - қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы, комиссия
төрағасы.
Дыбысов Өміржан Ұзақұлы - аудан әкімдігінің төтенше
жағдайлар жөніндегі өкілі,
комиссия торағасының орынбасары
Саденов Жаныс Қыстауұлы - аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары (келісімі
бойынша)
Мәдиев Жұлдыз Балтабайұлы - аудандық медицина бірлестігінің
дәрігері, медициналық
комиссияның төрағасы
Жакаева Манара Жарылғасынқызы - комиссия хатшысы.
Акибаева Оразкүл - дәрігер-хирург
Жүнісова Сандүғаш - дәрігер-терапевт
Қарсыбекова Жұлдыз - дәрігер-окулист
Оралбаева Аян - дәрігер неврапотолог, психиатр
Бурштейн Борис Ефимович - дәрігер-стоматолог
Төлеубаев Амангелді - дәрігер-дерматолог
Асқарова Рыскүл - медбибі
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 27 наурыздағы
№ 129 қаулысына №2 қосымша
Әскерге шақыру комиссиясына келмеген немесе келуден жалтарған азаматтарды уақытында келуін қамтамасыз ететін іздестіру тобының
құрамы:
Әбдікешев Нұржан Нәрікбайұлы - аудандық қорғаныс істер
бөлімінің орынбасары,
іздестіру тобының бастығы
Омаров Қуат Тілеубергенұлы - аудандық ішкі істер
бөлімінің қылмыстық
іздестіру бөлімінің бастығы