О проведении призыва граждан 1979-1988 годов рождения на срочную военную службу весной и осенью 2006 года в Вооруженные Силы Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемі мен күзінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының негізінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін, 2006 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін кейінге қалдыруға құқығы жоқ 1979-1988 жылдары туған азаматтарды, бірінші кезекте кейінге қалдыруға құқығын жоғалтқан, жасы үлкен шақырылушылардың шақыруы өткізілсін. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына қатаң сәйкестікте берілсін.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың жетекшілеріне, Гүлшат, Саяқ, Қонырат кент әкімдеріне әскерге шақырылушылар медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде, оларды медициналық куәландыру және шақыру комиссиясынан өту үшін жұмыстан және окудан босату ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін мына құрамда қалалық шақыру комиссиясы құрылсын: Бекмағамбетов Болат Абдикешұлы - комиссия төрағасы, Балқаш қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы города Балхаш; Бекей Әсия Жақсылыққызы - комиссия төрағасының орынбасары, Балқаш қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Орынбаев Мерей Орынбайұлы - қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Голоенко Валентина Викторовна - медицина комиссиясының төрайымы, хирург-дәрігер, «Балқаш қаласының №1 қалалық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының (әрі қарай-КМҚК) хирургия бөлімінің менгерушісі Дюшеева Жазгүл Кәнібекқызы - комиссия хатшысы, «Балқаш қаласының №1 қалалық емханасы» КМҚК медбикесі
Тармақ 4
4. Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаменті Балқаш аумақтық өкілеттілігіне (М.О.Жанов) шақырылушыларды сапалы куәландыру мақсатында: медициналық комиссия құрамына жоғары білікті дәрігер мамандар мен орта медициналық қызметкерлер (қосымшаға сәйкес) бөлінсін (Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі мен «Балқаш қаласының №1 қалалық емханасы» КМҚК арасында жасалған шарт бойынша); қалалық әскерге шақыру медициналық комиссиясын қажетті медикаменттермен құралдармен, медициналық және шаруашылық жабдықтармен қамтамасыз етсін (Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі мен «Балқаш қаласының №1 қалалық емханасы» КМҚК арасында жасалған шарт бойынша); шақыру мерзіміне рентгенкабинеттер мен флюрографиялық қондырғылардың үздіксіз жұмысын ұйымдастырсын; медициналық комиссия бағыттаған әскерге шақырылушыларды стационар жағдайында емдеу, сауықтыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде қалалық шақыру комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету үшін: Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Адамова К.Қ.) 2006 жылғы 1 сәуірімен 30 маусымы және 2006 жылдың 1 қазанымен 31 желтоқсаны аралығында Балқаш қаласының қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің берілген өтінішіне сәйкес жұмыссыздар қатарынан техникалық жұмыскерлердің қажетті санын бөлсін.
Тармақ 6
6. Қалалық ішкі істер бөлімі (Киякин Е.М.): Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабының 3, 4 тармақтарына, 44 бабының 2 тармағына сәйкес әскерге шақырылушы жастар арасында профилактикалық жұмыс жүргізу белсенділігін арттырсын; әскери шақырудың барлық кезеңінде Балқыш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөліміне шақыру пунктінде, теміржол және автомобиль отырғызу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауға пәрменді көмек көрсету; Балқаш сатнциясынан Қарағанды қаласының облыстық жинау пунктіне дейін шығарып салу үшін әр жіберілген командаға бір полиция қызметкерін бөлу; әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздеуді, жеткізуді қажетті жағдайда ұстауды ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Балқаш қаласының қаржы бөлімі (Томпиева Ж.К.) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабының 1 тармағына сәйкес жалпыға бірдей әскерге шақыру іс шарасын орындауға байланысты, шығындарға қажетті қаражат бөлсін.
Тармақ 8
8. Балқаш қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы №08/03 «1978-1987 жылдары туған азаматтарды 2005 жылдың көктемі мен күзінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» тіркеу нөмірі 8-4-2, («Балқаш өңірі» газетінің 2005 жылғы 20 мамырдағы 35 нөмірінде және «Балхашский рабочий» газетінің 2005 жылғы 25 мамырдағы 43 нөмірінде жарияланған), 2005 жылғы 22 қыркүйектегі №09/06 «1978-1987 жылдары туған азаматтарды 2005 жылдың көктемі мен күзінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Балқаш қаласы әкімдігінің 2005 жылдың 31 наурызындағы №08/03 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» тіркеу нөмірі 8-4-11, («Балқаш өңірі» газетінің 2005 жылғы 04 қарашадағы 82 нөмірінде және «Балхашский рабочий» газетінде 2005 жылғы 2 қарашадағы 90 нөмірінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Балқаш қаласы қорғаныс істер жөніндегі біріккен бөлімі (Б.А. Бекмағанбетов) 2006 жылғы 10 маусымда көктемгі, 2007 жылғы 10 қаңтарға күзгі әскерге шақыру нәтижелері жөнінде қала әкіміне ақпарат берсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Л.М. Түкбаеваға жүктелсін. «КЕЛІСІЛДІ» Қарағанды облысының денсаулық сақтау Департаментінің Балқаш аумақтық Бөлімінің өкілеттілігінің бастығы ____________М. Жанов 21.03.2006 жыл Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы ____________Е. Киякин 21.03.2006 жыл Қалалық қаржы бөлімінің меңгерушісі ____________Ж. Томпиева 21.03.2006 жыл Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі ________________Қ. Адамова 21.03.2006 жыл Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы ________________Б. Бекмағанбетов 21.03.2006 жыл
Басқа 11. 1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу медициналық комиссиясының ҚҰРАМЫ
Балқаш қаласы әкімдігінің 24 наурыз 2006 жылғы №15/02 қаулысына қосымша 1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу медициналық комиссиясының ҚҰРАМЫ Рет. № Дәрігер-мамандар Негізгі құрам Резервтік құрам 1 Медициналық комиссия төрағасы Голоенко В.В. Касатова К.Ж. 2 Комиссия хатшысы Дюшеева Ж.К. Жанибекова К.М. 3 Хирург Водинский Г.Л. Амирқұлов С. 4 Терапевт Ушакова В.С. Тоғузбаева М.К. 5 Офтальмолог Болатбекова А.Н. Тлеубекова С.К. 6 Отоларинголог Белгібаев Ж.С. Серікова Д.К. 7 Невропатолог Броновицкая Л.С. Молдабаева А.К. 8 Психиатр Искакова С.К. Алғожина Ж.Р. 9 Тіс дәрігері Табиев А.Ш. Қнашина А.А. 10 Дерматолог Махметов С.М. Қасымов Н.К. 11 Фтизиатр Болғамбаева Т.Б. 12 Рентгенолог Тусіпбеков А.У. 13 Медбике Самбаева Ж.К. Шуркова А.А. 14 Медбике Мұстафина З. Алимжанова К.О. 15 Медбике Айбосынова Г.С. Терлікбаева Б.М. 16 Медбике Холоденко С.Н. Ли Н.В. 17 Медбике Лоскина В.В. Мұқашбекова Э.