Қолданыстағы ред. 29.03.2006

1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылғы көктемде және күзде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 29.03.2006 г. № 965 (1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылғы көктемде және күзде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)

0

1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылғы көктемде және күзде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-11 Заңының 31 бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 08 шілде 2005 жылғы № 74-ІІІ Заңына сәйкес және 2006 жылғы көктемде (сәуір және маусым айларында), күзде (қазан және желтоқсан айларында) әскери қызметке азаматтарды дер кезінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ауылдық округ әкімдері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі (С.Мырзабеков, өз келісімі бойынша) аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке дер кезінде шақыруды және аттандыруды жүргізсін, осы кезеңге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын.

2

2. 2006 жылғы көктемгі және күзгі шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін. (қосымшаға сәйкес).

3

3. Аудандық шақыру комиссиясының жұмысына басшылык және бақылау жасау үшін аудандық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
Мырзабеков Сағадат Сағатбекұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі
біріккен бөлімі бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
Қуанышбаев Ұлан Ғалымұлы - аудан әкімі аппаратының кадр
және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Қаратаев Ержан Жұбайханұлы
аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары,
комиссия мүшесі (келісімі
бойынша);
Алжасарова Айгүл Алтынханқызы
медициналық комиссиясының
төрағасы (келісімі бойынша);
Қамбаева Әсемгүл Құралкызы
медициналық комиссияның
хатшысы (келісімі бойынша).

4

4. Ауыл әкімдері шақыруды өткізу үшін жастардың ұйымшылдықпен келуі жөнінде шаралар қолдансын. Ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші мамандары аудандық қорганыс істері жөніндегі біріккен бөліміне өздері тікелей басшылыкка ала отырып, әскерге шақырылған азаматтарды жеткізсін және әр дүйсенбі сайын әскерге шақырылған азаматтар жөнінде аудандық қорганыс істері жөніндегі біріккен бөліміне мәлімдеме жасасын.

5

5. Аудандық ішкі істер бөлімі (О.Өтепов) (өз келісімі бойынша) ауылдық округтердегі шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру мен шақыру пунктіне тәртіп сақтау мақсатында наряд бөлуді ұйымдастырсын.

6

6. Аудандық емхана мекемесі (Қ.Битенова) (өз келісімі бойынша) тұрақты жұмыс істейтін аудандық медициналық комиссияның жұмысын мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды куәландыру сапасын бақылауга алсын. Аудандық шақыру комиссиясын дәрігер мамандармен орташа медицина қызметкерлерін толықтыру жөнінде шаралар қолданылсын. Шақырушылар флюрографиялық, электрокардиологиялық, басқа зерттеулермен аудандық емхана есебінен толық қамтамасыз етілсін. Аудандық емдеу мекемесінде шақырушыларды клиникалық зерттеу және емдеу үшін қажетті мөлшерде төсек-орын бөлінсін. Шақыру кезінде қажетті зерттеушілерді қабылдау, шақырушыларды зерттеу және емдеу қаражаттары нақты пайдалану бойынша аудандық бюджет есебінен жүргізілсін.

7

7. Ауданның қаржы бөлімі (А.Асқатов) қорганыс істері жөніндегі біріккен бөлімімен бірге әскерге шақырылгандарды жіберу үшін және осы шараларды ұйымдастыруга байланысты шығындарды аудандық бюджет есебінен қаржыландыру жүргізсін.

8

8. Абай ауданының тұргындарына, 2006 жылгы көктемде және күзде әскерге шақырылу шараларының басталғандыгы жайлы хабарландыруды баспасөзде жариялау ауданның ішкі саясат бөлімінің бастыгы Р.Сіләмхановқа тапсырылсын.

9

9. Аудан әкімдігінің 21 маусым 2005 жылғы № 813 санды «1978-1987 жылдары туган азаматтарды 2005 жылгы көктемде және күзде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын. (Мемлекеттік тіркеу № 5-5-4, 20 шілде 2005 жыл).

10

10. Аудан әкімдігінің 14 қыркүйек 2005 жылғы № 882 санды «Аудан
әкімдігінің 2005 жылғы 21 маусымдағы № 813 санды қаулысының 3 тармағына
өзгерістер енгізу туралы» қаулысы жойылсын. (Мемлекеттік тіркеу № 5-5-7,
05 қазан 2005 жыл).

11

11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Сүлейменге жүктелсін.

12. Шақыру комиссиясыныіі жұмыс кестесі

Аудан әкімдігінің 2006
Жылғы 29 наурыз
№ 965 санды
қаулысына қосымша
Шақыру комиссиясыныіі жұмыс кестесі
Көктемде
Күзде
р/с
Ауыл­дар
Ша­қы-
рыл-
ған­дар
Жұ­мыс кесте­сі
17.04.06
18.04.06
19.04.06
20.04.06
21.04.06
24.04.06
25.04.06
1
Қа­ра­уыл
67
50
17
К
К
2
Саржал
29
29
Е
Е
3
Құн­ды­зды
22
4
18
Л
Л
4
Көк­бай
23
23
М
М
5
Қас­қа­бұ­лақ
18
9
9
Е
Е
6
Кең­гір­бай
би
13
13
Г
Е
Г
Е
7
Тоқ­та­мыс
27
27
Н
Н
8
Ме­деу
9
1
8
Д
Д
9
Ар­хат
16
16
Е
Е
Жиы­ны
224
50
50
50
50
24
Р
Р
Ауыл­дар
Ша­қы-рыл-ған­дар
02.10.06
03.10.06
04.10.06
05.10.06
06.10.06
09.10.06
10.10.06
11.10.06
12.10.06
13.10.06
1
Қа­ра­уыл
126
50
50
26
2
Саржал
59
24
35
3
Құн­ды­зды
44
15
29
4
Көк­бай
42
21
21
5
Қас­қа­бұ­лақ
43
29
14
6
Кең­гір­бай би
32
32
7
Тоқ­та­мыс
45
4
41
8
Ме­деу
15
9
6
9
Ар­хат
25
25
Жиы­ны
431
50
50
50
50
50
50
50
50
31
Аппарат басшысының
Міндетін атқарушы:
Ұ. ҚУАНЫШБАЕВ