Об очередном призыве на срочную военную службу граждан 1979-1988 годов рождения в апреле июне и октябре-декабре 2006 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айы жедел әскери қызметке 1979-1988 жылдары туған азаматтарды әскери шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы заңы» негізінде Қазақстан Республикасының әскери бөлімдеріне ауданының қорғау істері жөніндегі бөлімнің жоспарына сәйкес әскерге шақырылушыларды жіберу, азаматтарды жедел әскерге шақыру, ауданда әскерге шақыру медициналық комиссияны уақытылы, ұйымшыл және сапалы өткізу мақсаттарында Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы 1979-1988 жылғы туылған азаматтарды 2006 жылгы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан 2006 жылы жедел әскери қызметке шақыруын және медециналық тексеруін бастасын.
Тармақ 3
3. Целиноград ауданы қорғаныс істері жөніндегі бастығы (Б.Қ. Тулаковқа келісім бойынша) аудандыіс селолық округтары бойынша медициналық комиссиядан өту кестесіне сәйкес, жедел әскери қызметке 1979-1988 жылдары туған азаматтарды әскерге шақыру және Медициналық тексеру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлімі (Скрипко В.Г.) 2006 жылғы қарастырылған аудан бюджеті көлемінде сәйкес кезекті көктемгі-күзгі әскерге шақыру жұмыстарының қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Целиноград аумақтық клиникалық ауруханасының бас дәрігері (Б.М.Тәжинге келісім бойынша)
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушыларды сапалы медициналық тексерістен өткізу үшін аудандық әскерге шақыру комиссиясының басшылығына төмендегі құрамда білікті дәрігер - мамандарды және орта медициналық қызметкерлерді бөлсін.
Тармақша 2
2) аумақтық клиникалық аурухананы әскерге шақыру мерзіміне флюро және электрокардиограмма (ЭКГ) пленкаларының және әскерге шақырушылардың фактордың резустардың және қан тобының анализы уақытылы жасауға реактивтардың қорымен қамтамасыз етсін.
Тармақша 3
3) Целиноград аумақтық клиникалық ауруханада әскерге шақырушыларды қосымша тексеру және емдеу үшін төсектердің қорын қамтамасыз етсін.
Тармақша 4
4) аудандық әскерге шақыру пунктін қажетті құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Селолық округтардың әкімдері, білім ұйымдары, мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары және ауданның басқа да ұйымдардың басшылары:
Тармақша 1
1) жеке шақыру қағаздарында белгіленген әскерге шақырушылар қажетті құжаттармен әскерге шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдерді шақыру пунктіне шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Оқу орындарының, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшыларына ұсыну, әскерге шақыру комиссиясын өту үшін оқудан, жұмыстан босатуды сапардан уақытша шақырып алу қажет. Арнайы шақыру қазындағы қажетті құжаттармен уақытында шақыру пунктіне келуін қамтамасыз ету.
Тармақ 8
8. Аудандық ішкі істер бөлімі С.Т. Серікпаевқа (келісім бойынша)
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына әскерге шақырушыларды жіберу және шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті ұстауын қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) бұрын сотталған, сотта немесе тергеуде жүрген әскерге шақырушылар туралы жазбаша хабардар етсін.
Тармақша 3
3) әскерге шақырушылардың тасымалдауда жол қауіпсіздігімен қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. 2004 жылдың 3 наурызынан № 24 Целиноград ауданы әкімінің қаулысының күшін жойылғаның мойындау. 2005жылы жедел әскери қызметке 1978-1987 жылдары туылған азаматтарды кезекті көктемгі әскери шақыру, 2005 жылдың 27 сәуірінде Целиноград ауданының Әділет басқармасында тіркелген. №1-17-3 19 қыркүйектен № 250 жедел әскери қызметке 1978-1987 жылдары туылған азаматтарды кезекті күзгі әскери шақыру, 2005 жылдың 22 қазанында № 1-17-16 Целиноград ауданының Әділет басқармасында тіркелген.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ермағанбетов М.К. жүктелсін.
Басқа 20. Аудандық әскерге шақыру комиссияның ҚҰРАМЫ
Қосымша Целиноград ауданының әкімдігінің 2006 жылғы 3 сәуір № 85 қаулысымен бекітілген Аудандық әскерге шақыру комиссияның ҚҰРАМЫ Бейсен Қуанышқанұлы Тулаков комиссия төрағасы, Целиноград аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, (келісім бойынша) Айгүл Серғазықызы Есмурзина Целиноград аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Нүриля Қасенбайқызы Смаилова комиссия хатшысы, Целиноград аумақтық ауруханасының медбикесі (келісім бойынша) Тажиев Сейфолла Такенұлы Целиноград аумақтық ауруханасының аға дәрігері (келісім бойынша) Марат Имашұлы Жакенов Целиноград аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Қанат Есенбекұлы Ахметов Целиноград аудандық білім бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Светлана Григорьевна Медведь Целиноград аумақтық ауруханасының дәрігер-терапевті (келісім бойынша) Людмила Васильевна Лобова Целиноград аумақтық ауруханасының дәрігер-психиатры (келісім бойынша) Диана Емельянова Дегенгард Целиноград аумақтық ауруханасының дәрігер-дерматолог венерологы (келісім бойынша) Бақытгүл Серікқызы Абильдина Целиноград аумақтық ауруханасының тіс дәрігері (келісім бойынша) Бақытбек Хасенұлы Сапаев Целиноград аумақтық ауруханасының дәрігер-хирургы (келісім бойынша) Гүлнар Қайырбекқызы Бейсекеева Целиноград аумақтық клиникалық ауруханасының дәрігер-отолорингологы (келісім бойынша) Гения Барматоломеевна Г алаганова Целиноград аумақтық клиникалық ауруханасының невропотолог дәрігері ( келісім бойынша) Мұратбек Сұлтанұлы Нұрмағанбетов Целиноград аумақтық клиникалық ауруханасының көз дәрігері ( келісім бойынша) Гүлнар Нұрмуханқызы Балтина Целиноград аумақтық клиникалық ауруханасының медбикесі (келісім бойынша) Сәуле Ғабдуманапқызы Жанабаева Целиноград аумақтық клиникалық ауруханасының медбикесі (келісім бойынша) Зәуреш Сүнғатқызы Тілеубаева Целиноград аумақтық клиникалық ауруханасының медбикесі (келісім бойынша) Вячеслав Владимирович Цай Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың хирург-дәрігері; (келісім бойынша) Нарип Аркенұлы Аркенов Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың Отоларинголог-дәрігері; (келісім бойынша) Нина Антольевна Строиеренко Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың терапевт-дәрігері; (келісім бойынша) Гүлмира Тоқтамысқызы Жұмағұлова Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың медбикесі (келісім бойынша)