О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан 1979-1988 годов рождений весной 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылғы көктемде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III « Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 және 20 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бабы 1 тармағының 8)- тармақшасына сәйкес 2006 жылғы көктемде азаматтарды жедел әскери қызметке дер кезінде өтуін қамтамасыз ету мақсатымең, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: І. Ауылдық округгер мен кенттер әкімдері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы аудан азаматтарын жедел әскери қызметке шақыруды және шығарып салуды дер кезінде жүргізсін.
Тармақ 2
2. Әскери қызметке шақыруды басқару және жұмыс барысын бақылау үшін мына құрамда аудаңдық комиссия құрылсын: Бекежан Кайсанович Саниязов - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі бастығы комиссия төрағасы (келісім бойынша); Назшуль Усеровна Сейсембина -аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; Карлыгаш Батырхановна Калибекова -комиссия хатшысы (келісім бойынша). Комиссия мүшелері: Токтасын Сагатович Сагатов -аудандық аурухананың бас дәрігері (келісімбойынша) Айгуль Женисхановна Жайлюбекова - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери міндеттілерді келісім - шарт бойынша жинақтау және шақыру бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша); Мейрамхан Алимханович Чистобаев - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша); Сания Слямхановна Мухамеджанова -медициналық комиссияның төрайымы, аға терапевт-дәрігер (келісім бойынша); Сатымбек Каирлинович Каирлин -аудандық білім беру және спорт бөлімінің дене тәрбиесі бойынша әдіскер (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Ауылдық окрутгер мен кенттер әкімдері, кәсіпорыңдар мен ұйымдар басшылары жасөспірімдердің әскерге шақыруға кешікпей, ұйымдасып келуіне жағдай жасап, оларді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Ұлан аудандык аурухананың бас дәрігері (Т.С.Сағатов, келісім бойынша) аудандық медициналық комиссияның жұмысын, әскерге шақырылған жасөспіірімдердің медициналық куәландыру сапасын бақылауға алу, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери қызметке шақыру пунктін қажетті құралдармен, дәрі-дәрмектермен, медициналық мүлікіермен жабдықтап, әскерге шақырылғандарды және басқа да тексерулерден өдулерін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Әскери қызметке аудандық шақыру комиссиясы Молодежный кентіңдегі аудандық қорғаныс істері жөніңдегі бөліміңде ұйымдастырылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер басқармасына (К.С.Кумаргажин, келісім бойынша) әскери шақырудан бас тартқандарды іздестіріп, оларды әскери шақыру пунктіне жеткізуге көмек көрсету, әскерге шақырылушыларды медициналық комиссиядан өткізу кезінде және жол жүру уақытында тәртіпті сақтауын қадағалау үшін әрбір ауыддық (кенттік) округтерден учаскелік инспекторлар бөлінсін.
Тармақ 7
7. Аудандық білім беру бөлімі (НА. Абдуллина) аудандық корғаныс істері жөнінде бөлімімен (Б..К.Саниязов кедісім бойынша) бірлесе, әскерге шақырылғандардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына қызметке шақырылғандардың дене шынықтыр жарамдылықтарын тексеруді ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімі (Н.Б.Тусубжанова.) 2006 жылға аудан бюджетімен белгіленген көлемде әскери шақыруды қаржыландырсын.
Тармақ 9
9. « 1978 - 1987 жылдары туған азаматтарды 2005 жылғы күзде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Ұлан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 26 қыркүйектегі №1982, тіркеу №5-17-6, аудандық «Ұлан таңы газетінде 2005 жылғы 29 қазандағы №56 жарияланған қаулының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Сейсембина жүктелсін. Келісілген: Аудандық ішкі і стер бөлімінің бастығы К.Кумаргажин Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Б. Саниязов Аудандық аурухананың бас дөрігері Т. Саганов