О проведении призыва на срочную военную службу граждан 1979 - 1988 годов рождения весной и осенью 2006 года Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылғы көктемде және күзде 1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
«Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 Жарлығын орындауға, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 -28 баптарын басшылыққа алып және «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, 2006 жылғы көктемде (сәуірде-маусымда), күзде (қазанда- желтоқсанда) мерзімді әскери қызметке азаматтарды дер кезінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1979-1988 жылы туған азаматтарды 2006 жылғы 17 сәуірден 30 маусымға дейінгі, 2006 жылғы 01 қазаннан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Қорғаныс Істері жөніндегі Зырян Біріккен Бөлімінің шақыру пунктінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақыруды және аттандыруды жүргізсін. Шақыру комиссиясының жұмысы шақыру кезеңінде жүзеге асырылсын.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды сапалы өткізу үшін шақыру комиссиясы мына құрамында бекітілсін:
Шестак Сергей Борисович - Корғаныс Істері жөніндегі Зырян Біріккен Бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Оспанов Мухаметқожа Ғалиұлы -Зырян қаласы әкімінің орынбасары,комиссия
төрағасының орынбасары;
Тоқпаев Серрікқан Орыспайұлы - Зырян қалалық аудандық ішкі істер бөлім
бастығының орынбасары;
Нағибаев Ермек Дүсіпханұлы
- медициналық қызметкерлер жұмысымен
басшылық ететін дәрігер;
Туманова Елена Олеговна
- Зырян ауданының орталық аудандык
қалалық ауруханасы КМҚК медбикесі,
комиссия хатшысы.
Тармақ 3
3. Зырян қаласы Зырян ауданы бойынша Облыстық денсаулык сақтау департаменті денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Д.Р.Фаустовқа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117, Қазакстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 100 бірлескен бұйрығымен бекітіліген, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, өзге де әскерлерде және әскери құрылымдарда әскери - дәрігерлік сараптау Ережесінің талаптарына сәйкес, медициналық комиссияны білікті дәрігер - мамандармен, орта медициналык кызметкерлермен және қажетті қүрал - саймандармен, дәрі - дәрмектермен жинақтастыру ұсынылсын.
Тармақша 1
1) Комиссияның келесі құрамы белгіленсін:
Пятков Сергей Геннадьевич
- травматолог;
Адамбусинова Роза Әзенқызы
-жасөспірімдер дәрігері;
Крайнова Наталья Ивановна
-терапевт;
Гараева Резеда Тухбатқызы
-офтальмолог;
Оспанова Назигуль Бапанқызы
-дерматовенеролог;
Беляева Елена Николаевна
-психиатор;
Долгова Римма Нұриханқызы
- отоларинголог;
Камзина Елена Георгиевна
- невропатолог;
Карабельникова Тамара Николаевна
- стоматолог;
Мамырбаева Ғалия Әшімқызы
- рентгенолог;
Туманова Елена Георгиевна
- медициналық бике;
Скакпаева Сәуле Жанбазарқызы
- медициналық бике;
Косорукова Татьяна Викторовна
- медициналық бике;
Ильина Светлана Викторовна
- медициналық бике.
Тармақша 2
2) Емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері: О.Г Шатковский («Медициналык
орталық» КМҚК), С.Л.Зайцев (Орталық аудандық қалалық аурухана КМҚК),
В.Ю.Долгов (психоневрологиялык диспансер), Д.Д.Садвокасова (Серебрянка
қалалық ауруханасы), Л.А.Желтуха (Жаңа-Бұқтырма отбасылық дәрігерлік
амбулаториясы) стационар және амбулатория жағдайында шақырушылардьің
толық кайта тексеруін қамтамасыз етсін.
Комиссия жұмысы кезеңінде стационарларда көрсетілген орын саны бөлінсін:
Шарт негізінде «Медициналық орталық» Мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға: -
терапия бөлімшесінде -15
травматология бөлімшесінде -2
орталық аудандық қалалық ауруханада:
хирургия болімшесінде -5
кардиология бөлімшесінде -5
тері - венерология диспансерінде -1
туберкулез диспансерінде -3
Серебрянка қалалық ауруханасында
Терапия бөлімшесінде -5
Хирургия бөлімшесінде -2
Тармақша 3
3) параклиникалық зерттеулер Зырян ауданы және Зырян қаласының медициналық мекемелерінің базасында шарт негізінде өткізілсін. Шақырылушыларды медициналық тексеру шығысын төлеу жергілікті бюджет есебі арқылы жүргізілсін.
Тармақша 4
4) белгіленген мерзімде жүргізілетін тексерудің толықтығына және сапасына жауапкершілік емдеу мекемелердің бас дәрігерлеріне жүктелсін. Бір шақырылған азаматты тексеру стационарлы 4 тәулікке дейін, амбулаторлы- шақыру комиссиясының дәрігерлерімен белгіленген мерзімде.
Тармақша 5
5) жұмыс басы 2006 жылғы көктемде 17 сәуірден, күзде 01 қазаннан белгіленсін. Дәрігер-мамандардың жұмыс уақыты 9.00 ден 17.00 ге дейін.
Тармақ 4
4. Серебрянка қаласының, селолық округтер және кент әкімдері шақыру комиссиясына шақырылғандарды уақтылы хабарландыруды және әкелуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Зырян қалалық аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ә.Қ.Уәлиев:
Тармақша 1
1) Шақырудың барлық кезеңінде Қорғаныс Істері жөніндегі Біріккен бөлімінің шақыру пунктінің аумағында тиісті тәртіпті қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) Шақырылғандарды жөнелту кезеңінде келісілген кесте бойынша Қорғаныс Істері жөніндегі Біріккен Бөлімінің өкіміне полиция жасағын бөлсін.
Тармақша 3
3) Қорғаныс Істері жөніндегі Біріккен Бөлімінің шақыру комиссиясына себепсіз келмеген шақырылғандарды іздестіру және әкелу жұмыстарын жүргізсін. Осы мақсатта іздестіру тобы құрылсын.
Тармақ 6
6. Қорғаныс Істері жөніндегі Біріккен Бөлімінің бастығы С.Б.Шестак медициналық комиссияға шақырылғандарды тасымалдау үшін жолаушылар івтокөлік иелерін белгілесін. Шарт негізінде кезекті шақыруды даярлау барлық кезеңіне шақырылғандармен жұмыс жүргізу үшін запастағы офицерлер тартылсын.
Тармақ 7
7. Медициналық комиссияны және шақырылғандарды тексеруді қаржыландыру жылдық егжей - тегжейлі қаржыландыру жоспарына келісімді Зырян ауданы -Зырян қаласы бюджетінің есебі арқылы жүргізілсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулыны орындауға бақылау жасау Зырян ауданы Зырян қаласының Қорғаныс Істер жөніндегі Біріккен Бөлімінің бастығы, комисия төрағасы С.Б. Шестакқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. «2005 жылғы көктемде және күзде 1979-1988. жылы туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Зырян ауданы - Зырян қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 17 мамырдағы № 1442 қаулысы, тіркеу № 2349 (Зырян ауданы - Зырян қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 1708 қаулысымен енгізілген өзгерістермен, тіркеу № 5-12-2) күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.