Об очередном призыве граждан 1979-1988 годов рождения на срочную военную службу в апреле - июне и октябре - декабре 2006 года Қолданыста
Басқа 0
1979-1988 жылы туған азаматтарды 2006 - жылғы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңындағы 31 - баптың, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы туралы» 9 - бабтың 4 - тармағы, Қазақстан Республикасын Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі №96 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа жығару және 1979-1988 жылдары туған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығының негізінде, 1979-1988 жылдары туған азамаггарды мерзімді әскерге шақыруды ұйымды түрде шақыру және әскерге алынушыларды әскери бөлімдерге жоспарлы, ұйымшылдықпен жіберу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әскерге шақыру пункті мына мекен - жайда ұйымдастырылсын: Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 211 үй, Ақкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңындағы 20 - бапқа сәйкес, аудандық әскерге шақыру (бұдан әрі- шақыру) комиссиясы құрылсын (қосымша 1):
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясының төрағасы комиссияның толық емес құрамда жұмыс істеуіне жол бермеуге және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Егер шақыру комиссиясы мүшелерінің біреуі ауырып немесе басқа да себептермен келмей қалса, онда ауыстырушы құрам бекітілсін. (қосымша 2).
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, аудандық орталық аурухана міндеттелсін:
Тармақша 1
1) әскерге шақыру комиссиясынның қарамағына әскерге шақырылушыларды дәрігерлік анықтамадан өткізу үшін қажетті санда маман - дәрігерлер мен орта медициналық персоналдар бөлсін. (қосымша 3).
Тармақша 2
2) аудандық орталық аурухананың стационарында шақыру комиссиясынның жолдамасы бойынша барған әскерге шакырушылардың денсаулықтарын қосымша тексеруден өткізу үшін резервгі керуеттер болсын, қосымша тексерулер шақыру комиссиясы белгіленген мерзімде өткізілсін;
Тармақша 3
3) Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің есебіне және жоспарына сәйкес барлық әскерге шақырылушыларды аудандық емдеу мекемелері арқылы кеуде қуысын рентгендік тексеруден өткізу, электрокардиограмма, анализдерді тапсыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дәрігерлік куәләндіру туралы Ережеге» сай, шақыру комиссиясы қажетті медициналық құралдармен және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етілсін;
Тармақша 5
5) әскерге шақырылушыларды тексеруден өткізу олардың әскери қызметке жарамдылығы мәселесін шешу үшін арнаулы рентгендік пленкалардың резерві болсын.
Тармақша 6
6) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру аяқталған соң, емделуді қажет ететін әскерге шақырылушылардың тізімін қорғаныс бөліміне тапсырғаннан кейін, азаматтарды емдеу мекемелеріне бекітіп кезекті шақыруға дейін емдеу жүргізсін.
Тармақ 6
6. 1979-1988 жылы туған азаматтарды 2006 - жылғы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан айларындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын жататын азаматтардың дәрігерлік комиссиядан өту кестесі бекітілсін.
Тармақ 7
7. Ақкөл қалалық, село және селолық округтердің әкімдеріне, ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың және ауданның оқу орындарының басшыларына:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясына келулерін қамтамасыз етсін. Барлық кәсіпорындардағы, мекемелердегі, іссапарлардағы және демалыстағы әскерге шақырылушылардың барлығы шақыртылып, олардың қорғаныс істері бөліміне келіп комиссиядан өтулері міндеттелсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру кезінде әскерге шақырылушылар стационарлық тексеруден өту, сонымен қатар амбулаторлық анализдерді тапсыру үшін жұмыстарынан босатылсын.
Тармақша 3
3) Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру қағаздарын алған әскерге шақырылушыларға кетулеріне 7 күн қалған уақыт ішінде толық есептесу жүргізіліп, әскери бөлімдерге салтанатты шығарып салу ұйымдастырылсын.
Тармақ 8
8. Сел және селолық округтерінің әкімдері, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңындағы талаптарға сәйкес міндеттелсін:
Тармақша 1
1) барлық шақыруға жататын әскерге шақырылушыларды шақыру қағаздарына жеке қол қойғызу арқылы тапсыру, олардың шақыру комиссиясына Аккөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім көрсеткен күндері келулерін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды шақыру бөліміне жеткізу үшін жауапты жетекшілер бөлінсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды тасымалдағанда оқыс жағдайларды болдырмаудың алдын алу шаралары қарастырылсын;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыларды шақыру бөліміне жібермес бұрын, олардың жеке шақыру қағаздарында көрсетілген қажетті құжаттардың түгелдігі тексерілсін.
Тармақша 5
5) шақырудан бас тартқан әскерге шақырылушыларды іздестіруде Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге көмек көрсетілсін.
Тармақ 9
9. Білім бөлімінің бастығы Ақкөл аудандық корғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесе отырып әскерге жіберілетін құрамның нормативтік президентік тесті тапсыруларын тексеру бақылауды ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Ақкөл АІІБ бастығына Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес:
Тармақша 1
1) Ақкөл аудандық қорғаныс істер бөліміне әскерге шақырылушылардың бұрын сотталғандығы, қылмыстық жазасын өтегендігі, қылмысы үшін сотта және тергеуде жүргендігі туралы ақпарат берсін.
Тармақша 2
2) Әскерге шақыру және әскерге алынушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына жіберу кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақша 3
3) Әскери міндеттен бас тартқандарды іздестіруде көмек көрсетілсін.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, осы қаулы 2006 жылғы 18 сәуірден бастап іске асырылсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары М.С. Балпанға жүктелсін.
Тармақ 13
13. Аудан әкімдігінің қаулысы Ақмола облыстық әділет Департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Келісілді
АОА бас дәрігері
Жүнісов Б.Ғ
«27» 04 2006
Келісілді
Ақкөл АІІБ бастығы полиция п/к Бекенов Т.Б.
«27» 04 2006
Басқа 31
Аудан әкімдігінің 2006. «27»
сәуір № а-4/158 қаулысына
1-қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясыныц ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Нұрмағамбетов К.Т. - Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы комиссия төрағасы
Тармақ 2. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
2. Балпан М.С. - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Тармақ 3
3. Абаханов С.Ш. - Ақкөл АІІБ бастығының кадрлар және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Тармақ 4. КОМИССИЯ ХАТШЫСЫ
4. Юст Т.В. - Ақкөл ОАА бас дәрігерінің орынбасары шақыру қомиссиясының бас дәрігері
КОМИССИЯ ХАТШЫСЫ
Тармақ 5
5. Роппель Л.П. - медбике
Басқа 37. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Бекітілген Аудан әкімдігінің
2006. «27» сәуір № а-4/158
қаулысына 2-қосымша
АУДАНДЫҚ ӘСКЕРГЕ ШАҚЬІРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ АУЫСТЫРУШЫ ҚҰРАМЫ
Бегімқұлов Ерсайын Елемесұлы әскери қызметшілерді келісім-шартпен әскерге алу және шақыру бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Ли Александр Пен-Ногович Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Асатбаев Дүйсенбай Темірболатұлы Ақкөл АІІБ бастығының орынбасары
Мынбаева Раушан Хамитқызы аудандық терапия бөлімінің меңгерушісі
Ахметова Бақыт Нұртайқызы туберкулезге қарсы диспансердің медбикесі
Сакута Антонина Ивановна әскери қызметшілерді келісім-шартпен әскерге алу, шақыру бөлімі бастығының аға көмекшісі
Байбатыров Болат Көшербайұлы әскери қызметшілерді келісім-шартпен әскерге алу, шақыру бөлімі бастығының көмекшісі
Басқа 38
Аудан әкімдігінің 2006. «27»
сәуір № а-4/158 қаулысына
3-қосымша
2006 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларындағы кезекті шақыруға, Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің дәрігерлік шақыру комиссиясына қатысатын маман-дәрігерлердің және медбикелердің ТІЗІМІ
Гривастов Сергей Владимирович - хирург
Тәжібаева Күләш Серікқызы - терагевт
Бедаш Максим Михайлович - психиатр
Мансұрбаев Бауыржан Тұрсынұлы -невропатолог
Данильченко Людмила Николаевна - отоларинголог
Тимошина Людмила Михайловна - дерматовенеролог
Чегвинцева Надежда Сергеевна - офтальмолог
Любакивская Наиля Сократовна - стоматолог
Зинченко Надежда Пантелеевна - фтизиатр
Нүгербекова Раиса Хамитқызы - функционалды диагностика
3 (три) медицинские сестры
Басқа 39
Бекітілген Аудан әкімдігінің
2006. «27» сәуір № а-4/158
қаулысына 4-қосымша
2006 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын 1979-1988 жылы туған жас жігіттердің дәрігерлік комиссиядан өту КЕСТЕСІ
№№
пп
селолық округтердің, кәсіпорьшдардың, мекемелердің, оқу орындарының атаулары
әскерге шақырушылардың барлығы
анализдер тапсыру күні
дәрігерлік комиссия өту күні
ескерту
1
Ақкөл қалалық округі
195
27, 28, 29, 30.03.2006г.
18, 19, 20, 21.04.2006г.
2
Новорыбинка с/о (Калинин, Құрылыс, Новорыбинка)
25
30.03.2006
24.04.2006г.
3
Урюпинска с/о
37
04.04.2006
21.04.2006г.
4
Наумовка с/о
15
05.04.2006
04.05.2006г.
5
Кеңес с/о (Гусарка, Барап, Кеңес)
33
05.04.2006
27.04.2006г.
6
Еңбек а/о
22
03.04.2006
24.04.2006г.
7
Минск с/о Степногор с\о
18
06.04.2006
26.04.2006г.
28.04.2006г.
8
Приозер с/о
17
06.04.2006
04.05.2006г.
9
Ивановка с/о
21
06.04.2006
28.04.2006г.
10
Искра с/о
16
06.04.2006
26.04.2006г.
11
Қырыққұдық с/о
6
07.04.2006
03.05.2006г
12
Бөгенбай с/о
10
07.04.2006
03.05.2006г.
Барлыгы
415
Флюорографиядан өту және анализдер тапсыру сағат 8 00-ден сағат 10-ға дейін ОАА-да және отбасылық - дәрігерлік амбулаторияларда өткізіледі.