1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста
Басқа 0
1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылғы көктемгі және күзгі әскери қызметке шақыру туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-111 Заңының 20, 21, 23 бабтарына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ :
Тармақ 1
1. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 2006 жылдың сәуір- маусым және қазан- желтоқсан айларында өткізілсін .
Тармақ 2
2. 1979-1988 жылы туған азаматтарды аудан аумағында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі комиссия қүрылсын. (№ 1 қосымша)
Тармақ 3
3. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне (Д. Итбаев ) төмендегі жұмыстарды атқару тапсырылсын:
Тармақша 1
1) Азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін білікті дәрігер - мамандар мен орта буындағы медицина қызметкерлерін бөлу;
Тармақша 2
2) Азаматтарды флюорографиялық, кардиологиялық және басқа медициналық талдау түрлерінен өткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Медициналық куәландыру және емдеу жүргізетін мекемелерінің тізбесін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ұсыну ;
Тармақша 4
4) Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жолдамасы бойынша жіберілген азаматтарды қосымша тексеріп, емделуін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Шақыру учаскелерін қажетті медикаменттермен, құралдармен және медициналық мүліктермен жабдықтау;
Тармақша 6
6) Азаматтарды медициналық куәландыру аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің тізім - кестесіне сай жүргізу .
Тармақ 4
4. Аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендердегі азаматтарды медициналық куәландыру Ақсуат, Ақжар ауылдарында өткізу ұйымдастырылсын.
Тармақ 5
5. Әскерге шақырушылардың кәсіби деңгейін анықтау тобы құрылсын. (№ 2 қосымша).
Тармақ 6
6. Аудандық білім бөліміне (Қ. Бейілғожин) Абай атындағы /Ақжар/ және К. Нұрбаев атындағы /Ақсуат/ орта мектептерінде әскерге шақырылушылардың кәсіби деңгейін анықтау үшін арнайы бөлме және спорт алаңдарын даярлау міндеттелсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Е. Саденов) Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі мен Ішкі Істер Министрінің 2001 жылғы 12 тамыздағы № 265 және 19 тамыздағы № 638 бірлескен бұйрықтарына сәйкес күзгі әскерге шақыру кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен өзара бірлескен іс - қимылын ұйымдастыру, қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскерге шақырылудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруге ықпал жасау, шақыру учаскелерінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету сұралсын.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісіне (А. Түрекенова) 2006 жылдың сәуір- маусым және қазан - желтоқсан айларында әскери қызметке шақыру науқанын қажетті қаржымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А. Қарабиев күзгі әскерге шақыру науқанының өту барысы жөнінде аудан әкіміне баяндап отырсын.
Тармақ 10
10. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 8 қыркүйек № 1405 аудандық әділет басқармасында 2005 жылғы 21 қыркүйек № 5-16-1 тіркелген қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлісінің бастығы А.Қарабиевке жүктелсін.
Тармақ 12
12. Қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Келісілді:
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
А. Қарабиев
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Е. Саденов
Аудандық орталық аурухананың
бас дәрігері
Д. Итбаев
Басқа 19. 1979-1988 жылдары туған азаматтарды аудан аумағында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі комиссияның құрамы
Аудан әкімдігінің
2006 жылғы « 27 » 03
№ 218 қаулысына № 1 қосымша
1979-1988 жылдары туған азаматтарды аудан аумағында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі комиссияның құрамы
Қарабиев Абдрахман Жұмашұлы
-
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы
Мауадинов Қайрат Мұратқазыұлы
-
Ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Жангунов Асан Дайырбекұлы
-
Аудандық ішкі істер бөлімінің қызмет жөніндегі орынбасары , комиссия мүшесі (келісім бойынша)
Жақсылықов Гайдар Хамзаұлы
-
Аудандық орталық емхананың меңгерушісі, стоматологы ( әскерге шақыру комиссиясының аға дәрігері), комиссия мүшесі
Дүйсенбаев Даулет Дүйсенбайұлы
-
№1 Ақжар ауруханасының дәрігер - хирургы, ( әскерге шақыру комиссиясының аға дәрігері), комиссия мүшесі
Нұрғалиева Күлімхан Жексенбайқызы
-
аудандық орталық емхананың мейірбикесі, комиссия хатшысы
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Н. Қараталов
Басқа 20. Әскерге шақырушылардың кәсіби деңгейін анықтау тобының құрамы
Аудан әкімдігінің
2006 жылғы « 27 » 03
№ 218 қаулысына №2 қосымша
Әскерге шақырушылардың кәсіби деңгейін анықтау тобының құрамы
Әбділбаев Нұртас Тұрысбекұлы
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, топ жетекшісі
Топ мүшелері
Оспанов Сансызбай Қожахметұлы
Аудандық білім беру бөлімінің бастапқы әскери даярлық пәні бойынша әдіскері
Ильясов Әділ Әшкенұлы
К.Нұрбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі
Ахметжанова Оралхан Нұранбасқызы
Аудандық орталық емхананың дәрігер психиатры
Абылқасымова Айгүл Төлеуханқызы
№1 Ақжар ауруханасының дәрігер психиатры
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Н. Қараталов