О проведении очередного призыва граждан 1979-1988 годов рождения на воинскую службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан в апреле июне 2006 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жыдың сәуір - маусым айларында 1979-1988 жылдары туған азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің, 2006 жылғы 18 сәуіріндегі №96 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусым және казан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31,37 баптарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. №1 қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы және оның қосалқы құрамы құрылсын.
Тармақ 2
2. №2 қосымшаға сәйкес комиссияның ұсынылған кестесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауыл және ауылдық округ әкімдері шақырылушылардың аудандық шақыру және дәрігерлік комиссияға уақытында келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Жақсы аудандық орталық аурухана» мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) аудандық дәрігерлік комиссияны білікті дәрігер мамандармен, орташа дәрігерлік қызметшілермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) емделу мекемелерінде шакырылғандардың денсаулығын кезектен тыс және тұрақты емдеу үшін қажетті емделу орын санын бөлінсін;
Тармақша 3
3) аудандық медициналық комиссияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы №117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы №100 «Казақстан Республикасы Қарулы Күштерінде медициналық тексеруде өткізу Ережесін енгізу туралы» бірлескен Бұйрығының №7 қосымшасына сәйкес кажетті медициналық және шаруашылық құрал - жабдықтармен қамтамасыз етсін;
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөліміне:
Тармақша 1
1) Жақсы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесе отырып, әскерге шақыру бөлімдерінде және аттандыру станциясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушылардың анықтау және алдын-ала тергеуде болғаны жайында уақытында хабарлау.
Тармақша 3
3) әскери міндетін өтеуден бас тартушыларды іздестіру, ұстау;
Тармақ 6
6. Жақсы аудандық қаржы мемлекеттік мекемесі Жақсы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өтінімі бойынша аудандық бюджетте қаралған қаржыдан шақыру көлеміндегі қажетті қаржыландыруды уақытында қамтамасыз етсін;
Тармақ 7
7. Меншік түріне қарамастан, барлық ұйым басшыларына әскерге шақырушыларды іссапардан (еңбек демалысынан) шақыртып алу, оларға хабар жіберіп және шақыру учаскелеріне уақытында келуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Б.Мұгаловаға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Жақсы аудандық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және жарияланады.
Басқа 16. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Жақсы ауданы әкімдігінің 25 сәуір 2006 жылғы №А-5/1 қаулысына 1 қосымша Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Нұрматов Ерболат Сәдуақасұлы - Жақсы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, шақыру комиссисының төрағасы (келісім бойынша) Ибраев Марат Ғазезұлы - аудандық мәслихаттың хатшысы комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшедері Рахымжанов Ертай Сапарбайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Әбілдаев Гүлжан Тарғынқызы - аудандық аурухананың хирург дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) Көпеева Жанна Ерғазықызы - аудан әкімі аппаратының әкімшілік- құқықтық жұмыстар бөлінің жетекші маманы Раковский Владимир Ильич - Жақсы аудандық қорғаныс істері бөлімінің әскери қызметшілердің келісім шарты және шақыру бөлімінің бастығы Титова Екатерина Николаевна - аудандық аурухананың медбикесі комиссия хатшысы (келісім бойынша) Аудандық шақыру комиссиясының қосалқы құрамы Соколов Евгений Александрович - Жақсы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Әбдірашитов Сүйіндік Әділбекұлы - аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Комиссия мүшелері Тынымбаев Асан Айткожинович - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Рябокон Василий Иванович - аудандық аурухананың хирург дәрігері, медициңалық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Шалдыкова Әсел Маратқызы - аудан әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы Нұрбекова Роза Жәнелқызы - Жақсы аудандық қорғаныс істері бөлімінің әскери қызметшіліердің келісім шарты және шақыру бөлімі бастығының аға көмекшісі Левина Вера Ивановна - аудандық аурухананың медбикесі,-комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 17. Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі
Қосымша № 2 Жақсы ауданы әкімдігінің 25 сәуір 2006ж. №А-5/86 қаулысымен бекітілген Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі № Ауыл және ауылдық округ аттары Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі 25.04.06 26.04.06 27.04.06 28.04.06 02.05.06 03.04.06 04.04.06 1. Белагаш ауылы * 2. Беловод а/о * 3 Есіл а/о * 4. Жақсы ауылы * 5. Жаңақима а/о * 6. Запорожье а/о * 7. Ешім а/о * 8. Қайрақты а/о * 9. Калинин а/о * 10. Новокиен а/о * 11. Қызылсай а/о * 12. Терісаққан а/о * 13. Чапаев а/о * 14. ІІодгорный а/о * 15. Тарас а/о * 16. Киев ауылы *