1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы от 03.04.2006 г. № 150 (1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы)
1. «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Брюзгин И.Н.) 2006 жылғы сәуір-маусым, қазан - желтоқсан айларында Бөрлі ауданының аумағында тұратын 1979-1988 жылдарда туған азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыруды жүргізсін.
2. «Бөрлі ауданының аумақтық медициналық бірлестігі» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері (Хасайнов Б.Е) шақыру пунктінде кезекті әскери қызметке шақыру кезінде жұмыс жасау үшін дәрігер-мамандар мен медбикелер бөлсін.
3. «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Каиргалиев С.Р) шақыру пунктінде жұмыс жасау үшін жұмыссыздар қатарынан техникалық қызметкерлер бөлсін.
4. Ауданның селолық округ әкімдері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған және бейбіт кезінде әскери қызметке жарамсыз деп танылған, кайта куәландырылатын әскери қызметті өтеуге міндетті азаматарды автокөлікпен қамтамасыз етсін.
5. «Батыс Қазақстан облысы ішкі істер Департаментінің Бөрлі ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Мукатов С.Б ) мерзімінде келмеген және шақырудан бас тартқан азаматтарды анықтауда және шақыру пунктіне жеткізу үшін “Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесіне көмек көрсетсін.
6. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Адлялиев С.Р.) мен «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Хусаинов А.К.) Ақсай қаласы бойынша көшелердің атаулары мен үйлеурдің нөмірлерін реттеу мақсатында 2006 жылғы 31 тамызға дейін түгендеуді жүргізу жүктелсін.
7. Бұқаралық ақпарат құралдарына (Менжанова Е.Ж., Перегудов О.А.) әскери қызмет қатарына шақыру барысын жариялау ұсынылсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Куликешевке жүктелсін.