Қолданыстағы ред. 11.05.2006

1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 11.05.2006 г. № 346/5 (1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)

0

1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі №96 «Белгіленге әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыту туралы» Жарлығына сәйкес, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында әкімдік қаулы етеді:

1

1. 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларына әскерге шақырулы 18-27 жасқа толған және әскери қызметке шақырылудан босатылу мен кейінге қалдыру құқығы жоқ, сондай-ақ, шақырылудан кейінге қалдыру құқығы жойылған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.

2

2. Әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу үшін қалалық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін (№1 қосымша).

3

3. Шақыру комиссиясының мүшелері аурып қалған және басқа себептерменболмай қалған жағдайда қалалық шақыру комиссиясының резервтік құрамы бекітілсін (№2 қосымша).

4

4. Медициналық комиссияның құрамы бекітілсін (№3 қосымша).

5

5. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің Жезқазған аймақтық өкілдігі (Қабыкенов Кенжебай Қабыкенұлы) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабы негізінде әскерге шақыру комиссиясы жұмысының барлық кезеңінде медициналық комиссияны дәрі-дәрмектермен, құралдармен қамтамасыз ету ұсынылсын (келісім боынша).

6

6. Жезқазған қаласы қаржы бөлімінің меңгерушісі (Байқасынов Айып Асылханұлы) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы негізінде 2006 жылдың көктемі мен күзгі мерзімінде әскерге шақыруды өткізуге байланысты шараларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылсын (келісім бойынша).

7

7. Қалалық ішкі істер басқармасына (Бөлекбаев Берік Сейтханұлы) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес:

1

1) әскерге шақыру комиссиясына келуден бұлтарған адамдарды іздестіріп, жеткізуге жәрдемдесу;

2

2) қылмыстық жауапкершілікке тартылған, ұстаған, тергеуде жүрген әскерге шақырылушылар туралы деректерді қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына тапсру ұсынылсын (келісім бойынша).

8

8. Қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісі (Қожахметов Манарбек Сұлтанбекұлы), қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі (Мырзахметов Бағлан Мырзаханұлы) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабы негізінде қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қарамығына қажетті техникалық қызметшілерді бөлу ұсынылсын (келісім бойынша).

9

9. Талап (Әбжанов Серік Сайлаубекұлы), Кеңгір (Сүттібаева Назикүл Сейтқалиқызы), Малшыбай (Мейрамов Елжас Даулетярұлы) селоларының әкімдері әскер қатарына шақырылушыларға қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақырылғаны туралы хабарлап, қалалық шақыру комиссиясына келуін және оларды Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарына жіберуді қамтамасыз етсін.

10

10. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығына (Ақатов Манас Олжабайұлы):

1

1) әскерге шақырылушылармен тәрбиелік және мәдени-бұқаралық жұмыстар жүргізу үшін үгіт пунктін, шақыру участкесін жабдықтау;

2

2) жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне шақыруға әзірлік барысы және оның нәтижесі туралы ақпаратты қала әкімінің аппаратына әскерге шақыру аяқталған соң нәтижесі туралы ақпаратты қала әкімінің аппаратына әскерге шақыру аяқталған соң тапсыру ұсынылсын(келісім бойынша).

11

11. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Станислав Валентинович Филиповичке жүктелсін.
келісілген:
Қалалық қаржы бөлімінің
меңгерушісі
Байқасынов Айып Асылханұлы
12.05.2006 ж.
Қалалық ішкі істер
басқармасының бастығы
Бөлекбаев Берік Сейтханұлы
12.05.2006 ж.
Қалалық еңбекпен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі
Мырзаханов Бағлан Мырзаханұлы
12.05.2006 ж.
Қарағанды облыстық денсаулық
сақтау департаментінің
Жезқазған аймақтық өкілдігінің
бастығы
Қабыкенов Кенжебай Қабыкенұлы
12.05.2006 ж.
Қалалық білім беру
бөлімінің меңгерушісі
Кожахметов Манарбек Сұлтанұлы
12.05.2006 ж.
Қалалық қорғаныс істері
жөніндегі басқармасының
бастығы
Ақатов Манас Олжабайұлы
12.05.2006 ж.

16. Қалалық әскерге шақыру комисисының құрамы

2006 жылғы «11» мамыр
№ 346/5 Жезқазған қаласы
әкімінің қаулысына №1 қосымша
Қалалық әскерге шақыру комисисының құрамы
Ақатов Манас Олжабайұлы – Жезқазған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, комиссия төрағасы
Филипович Станислав Валентинович - Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Абенов Абдынасыр Молдабайұлы - Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Мұқанов Амангелды Мұқанұлы – жүйке-тамыр дәрігер, қалалық медициналық комиссия төрағасы
Осипчук Валентина Павловна – медбибі, әскерге шақыру комиссиясының хатшысы

17. Қалалық әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы

2006 жылғы «11» мамыр
№ 346/5 Жезқазған қаласы
әкімінің қаулысына №2 қосымша
Қалалық әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы
Шамбулов Әділхан Құрманұлы - Жезқазған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары, комиссия төрағасы
Мухамбедин Аманғали Әбдіқалықұлы - Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Мұхамедканов Марат Мұхтарұлы - Жезқазған қаласы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Михальченко Марина Михайловна – терапевт-дәрігер, қалалық медициналық комиссия төрағасы
Титова Ирина Анатольевна – медбибі, әскерге шақыру комиссиясының хатшысы

18. Медициналық комиссия құрамы

2006 жылғы «11» мамыр
№ 346/5 Жезқазған қаласы
әкімінің қаулысына №3 қосымша
Медициналық комиссия құрамы

1

1. Жүйке – тамыр дәрігрі, комиссия төрағасы – Мұқанов Амангелді Мұқанұлы

2

2. Оташы (хирург) – Есмаганбетов Жарлқасын Амантайұлы

3

3. Тіс дәрігері – Тұрман Дина Нұрғалиқызы

4

4. Көз дәрігері – Мұстафина Гулниса Шәкімұратқызы

5

5. Терапевт – Михальченко Марина Михайловна

6

6. Тері аурулары дәрігері – Оспанова Гүлдәрі Оспанқызы

7

7. Дәрігер отоларинголог – Нұржанова Гүльмира Серікқызы

8

8. Дәрігер психиатр – Слепцова Людмила Михайловна

9

9. Дәрігер фтизиатр – Мелымко Елена Ивановна

10

10. Комиссия хатшысы – осипчук Валентина Павловна

11

11. Орта медициналық персонал- 4 адам