О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан 1979-1988 годов рождения весной и осенью 2006 года на территории города Курчатова Күшін жойған
Басқа 0
Курчатов қаласының аумағында
1979-1988 жылдары туған
азаматтарды 2006 жылдың көктемінде
және күзінде мерзімді әскери
қызметке шақыруды өткізу туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабы 3- тармағына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылгы 18 сәуірдегі № 96 Жарлығына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 31- бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес, «1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006 жылғы 03 мамырдағы № 606 қаулысына байланысты, тіркеу нөмірі 2420, 2006 жылдың көктемінде және күзінде азаматтардың мерзімді әскери қызметке уақтылы да сапалы түрде шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін шақыру комиссиясы құрылсын (қосымша).
Тармақ 2
2. Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы ( Балтеков Қ.С., келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақыру пунктін жұмысқа дайындасын;
Тармақша 2
2) дәрігер мамандармен және шақыру пунктінің әкімшілігімен әдістемелік-нұсқаулық сабақ өткізсін;
Тармақша 3
3) шақыруды өткізуге қажетті құжаттарды әзірлесін;
Тармақша 4
4) шақырудың уақтылы және сапалы түрде өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Курчатов қаласының қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын бас дәрігері (Сұлтанов А.Д., келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақырылушылар талдауларының зертханалық зерттелуін, кеуде органдарының флюорографиялық тексерілуін ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды медициналық тексеру үшін емдеу мекемелерін кажетті орындармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) қаланың қорғаныс істер жөніндегі бөліміне шақырылушыларды медициналық куәландыру ұшін дәрігерлердің және орта медицина персоналдардың қажетті мөлшерін бөлсін;
Тармақша 4
4) шақырылушылардың уақтылы және сапалы түрде медициналық тексерілуін, емделулерін бақылауға алсын.
Тармақ 4
4. Шақыру комиссиясының мүшесі - дәрігер (Мұсағалиева Қ.Қ., келісім бойынша):
Тармақша 1
1) медицина персоналдары мен шақырылушылардың медициналық жуәландыру жұмыстарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 ясылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 04 наурыздағы № 100 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери кұрылымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама Қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрықтарына сәйкес ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) дәрігерлер кеңесімен, пікір алмасулармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қаланың полиция бөлімінің бастығы (Ысқақов Қ.Қ., келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақыру комиссиясының жұмысы және шақырылушыларды әскерге агттандыру кезеңінде шақыру пункттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің хабарлауы бойынша мерзімді әскери қызметтен бас тарқан азаматтарды іздестіруге және қорғаныс бөліміне
жеткізуге жәрдемдессін.
Тармақ 6
6. Қаланың кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде аттандыруды өткізуге ұсыныс жасалсын.
Тармақ 7
7. Қаланың қаржы бөлімі (Қалиев Б.А.) қаланың 2006 жылға арналған бюджетімен белгіленген қаражаттар шегінде шақырудың қаржыландырылуын жүргізсін.
Тармақ 8
8. «Дидар» газетінде 2005 жылдың 13 желтоқсанындагы 122 - 123 нөмірінде, «Рудный Алтай» газетінің 2005 жылдың 13 желтоқсанындағы 191 нөмірінде жарияланған, тіркеу нөмірі 5-3-11, «Курчатов қаласының аумағында 2005 жылдың күзінде 1978-1987 жылдары туылған азаматтарды мерзімді
әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» әкімдіктің 2005 жылғы 24 ашадағы № 673 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е.В.Старенковаға жүктелсін.
Басқа 22. Шақыру комиссиясының құрамы
Курчатов қаласы әкімдігінің
«31» мамырдағы 2006 года
№ 850 қаулысына қосымша
Шақыру комиссиясының құрамы
Комиссия төрағасы:
Балтеков Қанихан Сайлауұлы - қаланың қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы (келісім бойынша);
Төраға орынбасары:
Старенкова Елена Васильевна - қала әкімінің орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әзмағанбетов Бауыржан Серікқалиұлы - қаланың полиция бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Мұсағалиева Қарлығаш Қысатайқызы - "Курчатов қаласының қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын бас дәрігерінің орынбасары (келісім бойынша);
Комиссия хатшысы:
Федорова Тамара Акимовна - "Курчатов қаласының қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аға медбикесі . (келісім бойынша).
Курчатов қаласы
әкім аппаратының басшысы
А. ӘЛІМХАНОВ