1979-1988 жылы туған азаматтарды 2006 жылғы көктемде, күзде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
1979-1988 жылы туған азаматтарды
2006 жылғы көктемде, күзде мерзімді
әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8-шілдедегі № 74 Заңының 17,19,20 – баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23-қаңтардағы Х»148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасы негізінде, 2006 жылғы көктемде: сәуір-мамыр-маусым айларында, күзде: қазан-қараша-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке дер кезінде және сапалы
шақыруды қамтамасыз ету мақсатында Күршім ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық азаматтарды әскери қызметке шақыру комиссиясы мына
кұрамда құрылсын:
Марат Дәулетханұлы Шұрбанов - Күршім аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)
Аслан Әмірғазыұлы Нұртазин - ішкі саясат бөлімінің жетекші маман міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары
Гүлзада Дабырбаева - «Күршім орталық аудандық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)
Комиссия мүшелері:
Талғат Нұржанұлы Исин - Күршім аудандык қорғаныс істері жөніндегі келісім шарт және әскери қызметке шақыру бөлімшесінің бастығы (келісімі бойынша)
Жанат Қапасқызы Әмренова - «Күршім орталық аудандық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының емхана меңгерушісі (келісімі бойынша)
Ерасыл Сағиұлы – Күршім аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Тармақ 2
2. Әскер қатарына шақырушылардың ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету мақсатында жеткілікті көлік бөліп, салтанатты түрде әскер қатарына шығарып салуды ұйымдастыру, олардың жанұяларын қамқорлыкқа алу ауылдық округ әкімдеріне тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (Е.Н.Жангүдеев) және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі (Б.Ф.Өлмесеков), әскерге шақырылғандарды салтанатты түрде әскер қатарына шығарып салуды ұйымдастыру және аудандағы, көктемгі, күзгі мерзімді әскери қызметке шақырылудың орындалу барысын бақылауда ұстау тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды дәрігерлік куәләндіру үшін «Күршім орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (Ф.О.Игісінов):
Тармақша 1
1) Медициналық комиссияны тәжірибелі дәрігер-мамандармен: хирург, терапевт, дерматолог, невропатолог, психиатр, отолоринголог, көз дәрігері және орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Медициналық комиссияның жұмысы барысында дәрігерлерді алмастыруға жол бермеу;
Тармақша 3
3) Әскерге шақырушыларды флюрографиялық тексеруден, қан, зәр құрамын, бруцелезге адамның иммунитет тапшылығы вирусының анализдерін алу және жүректің электрокардиограммасын түсірумен қамтамасыз ету ұсынылсын (келісімі бойынша)
Тармақ 5
5. Күршім ауданының ішкі істер бөлімінен (И.А.Әбиханов) әскерге шақырудан жалтарып жүрген шақырылушыларды іздестіру және шақыру учаскелеріне жеткізу, Күршім орталық, Теректі ауруханаларында және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге жөнелту күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция жасағын кестеге сай бөлуді ұйымдастыру ұсынылсын (келісімі бойынша).
Тармақ 6
6. Әскери қызметке шақыруға байланысты шараларды бекітілген аудандық бюджет есебінен қаржыландыру аудандық қаржы бөліміне (Р.В.Загарулько) тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы М.Д. Шұрбановтан 2006 жылғы көктемде мерзімді әскери қызметке шақырудың қорытындысы туралы ақпарат 2006 жылдың 30 маусымында беру ұсынылсын (келісімі бойынша).
Тармақ 8
8. Күршім ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 13-қазандағы № 1245 қаулысының “1978-1987 жылдары туған азаматтарды 2005 жылғы күзде, көктемде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы” (Күршім ауданының Әділет басқармасында 2005 жылдың 27-қазанында тіркелген, № 5-14-9) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа тапсырылсын.