Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туған азаматтарын, 2006-жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында, кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туған азаматтарын, 2006-жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында, кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабындағы 1 тармактың 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 5 тармағы мен 20 бабының 1 тармағына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" №96 Жарлығына сәйкес, аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алакөл ауданының әскерге шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Үшарал қалалық, Достық кенттік және ауылдык округтердің әкімдеріне:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушыларды, олардың аудандық әскери шақыру комиссиясына шақырылғаны туралы хабардар ету және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды тұрғылыкты жері бойынша тіркеуді (тіркеуден шығаруды) жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырушылар мен әскер жасына дейінгілердің сандық құрамын растайтын құжаттар беру міндеттелсін.
Тармақ 3
3. "Алакөл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Б.Н.Бейсебаев) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды, өз қүзіреті шегінде, жүзеге асыру міндеттелсін.
Тармақ 4
4. "Алакөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесіне (Т.Жазыбекүлм), мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы ауданның корғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлау міндеттелсін.
Тармақ 5
5. "Алакөл ауданының "Орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (М.С.Әбдіғалымов):
Тармақша 1
1) ауданның әскерге шақыру комиссиясын білікті дәрігер-мамандармен және орта буын медициналық қызметшілермен жасақтау;
Тармақша 2
2) әдістемелік-нұсқау талаптарына сәйкес, шақырылушылардың дер кезінде дәрігерлік іріктелуін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұрау салуы бойынша, шақыру басталар алдында, стационарлық емдеудегі және диспансерлік есепте тұрған әскерге шақырылушылар туралы мәліметтерді хабарлау міндеттелсін.
Тармақ 6
6. Алакөл ауданының әкімдігі 2005 жылы 28 қыркүйекте қабылдаған "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы мерзімді әскери қызметке 2005-жыдғы қазан-желтоқсан айларында 1978-1987 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы" № 9-557 Қаулының (Қаулы Алакөл ауданының Әділет баскармасында 2005 жылы 13 қазанда, нормативтік құқықтық акті ретінде, мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2-5-13 нөмірімен енгізілген, аудандық "Алакөл" газетінің 2005 жылғы 22 қазандағы 40 нөмірінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы баспасөзде алғаш ресми жарияланғаннан кейін, он күнтізбелік күн өткен соң, қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 8
8. 0сы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.И.Жолжановқа жүктелсін.
Басқа 15
Алакөл ауданы Әкімдігінің 2006 жылғы "12" маусым "Қазакстан Республикасының 1979-1988 жылдары туған азаматтарын, 2006-жылдың сәуір-маусымында және казан-желтоқсанында, кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 6-261 қаулысына келісім парақ Мекемелердің басшылары: «Алакөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.И.Чучуладзе «Алакөл ауданының «Орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері М.С.Әдіғалымов «Алакөл ауданық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы Б.Н.Бейсебаев «Алакөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.Жазыбекұлы
Басқа 16
Алакөл ауданы Әкімдігінің 2006 жылғы "12" маусым "Қазакстан Республикасының 1979-1988 жылдары туған азаматтарын, 2006-жылдың сәуір-маусымында және казан-желтоқсанында, кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 6-261 қаулысына қосымша Алакөл ауданының әскерге шакыру комиссиясының ҚҰРАМЫ : Комиссия төрағасы: Чучуладзе Айдамир Исрафилович «Алакөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) Комиссия төрағасының орынбасары: Бектуров Казиер Нұғұманович Алакөл ауданы әкімі аппаратының әскери жұмылдыру және төтенше жағдайлар жөніндегі жұмысының бас маманы Комиссия мүшелері: Ирмекеев Ерлан Аяжанович «Алакөл ауданық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Ниязова Баршагүл Қиықбаевна «Алакөл ауданының «Орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің орынбасары (келісім бойынша) Комиссия хатшысы: Елубаева Ләтай Сулейменовна «Алакөл ауданының «Орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік қазыналык кәсіпорының медбикесі (келісім бойынша).