Об очередном призыве граждан 1979-1988 годов рождения на срочную воинскую службу осенью 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы күзде 1979-1988 жылдарда туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», 1999 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 76 «Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ережесін бекіту туралы» қаулысын және Ақмола облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 12 мамырда № 3189 тіркелген Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № Ә-4/140 «2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы» қаулысын негізге алып, 1988 жылда туған, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған жастары үлкен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласы, 1 шағынаудан, 22 үй, Степногорск қаласының корғаныс істері жөніндегі бөлімі - мекен-жайында шақыру пункті ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамында бекітілсін.
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясы шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды 2006 жылғы қазан-желтоқсанда әскери қызметке шақыруды жүргізсін.
Тармақ 4
4. Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (майор Қатышев Т.С., келісім бойынша) азаматтарды шақыру комиссиясына шақыруды өткізсін.
Тармақ 5
5. Степногорск қалалық емханасының бас дәрігері (Дүйсенов А.Х., келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін шақыру комиссияның қарамағына дәрігерлер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлердің қажетті санын бөлсін;
Тармақша 2
2) шақыру кезеңінде тістерін емдеуге мұқтаж шақырылушылардың тіс емдеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Степногорск қаласының аймақтық психиатрия ауруханасы шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін шақыру комиссияның қарамағына психиатр-дәрігерін берсін.
Тармақ 7
7. Степногорск қаласының кәсіпорындарының, мекемелерінің, ұйымдарының, оқу орындарының басшылары:
Тармақша 1
1) іссапарларда жүрген шақырылушыларды шақырып алсын және шақыру комиссиясын өту үшін Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуді оларға жүктеп, шақырушылардың шақыру комиссияға келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды шақыру уақытына стационарлық тексеруге, сондай-ақ амбулаторлық анализдерді тапсыруға жұмыстан босатсын;
Тармақша 3
3) Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру қағазы бойынша мерзімді әскери қызметке шақыруына байланысты қызметкерге қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес барлық еңбекақысын төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне шақыру учаскесіне алты адамнан тұратын техникалық жұмысшыларды берсін.
Тармақ 9
9. Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінің, Қарабұлақ селолық оқругінің әкімдері:
Тармақша 1
1) бүкіл шақырылушыларға жеке шақыру қағаздарын тапсырып және оларды шақыру комиссиясына Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі белгіленген күндерде келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды шақыру пунктіне жеткізу үшін алып барушыларды және қажетті көлікті беруді қамтамасыз етсін, апарған уақытта шақырылушыларды жол апаттарынан сақтандыру үшін шаралар қолдансын;
Тармақша 3
3) шақырылушыларды шақыру пунктіне жіберер алдында, оларда шақыру қағаздарында көрсетілген құжаттардың түгел болуын тексерсін;
Тармақша 4
4) Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырудан бас тартып жүрген шақырылушыларға іздеу салуына көмек берсін.
Тармақ 10
10. Шақыру өткізуіне байланысты шығындардың қаржыландыруы Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтінімі бойынша қалалық бюджетте көзделген қаражаттар есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 11
11. Степногорск қаласының ішкі істер бөлімі (Есентеміров Т.О. келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе қылмыстық іс қарап жатқан шақырылушылар туралы мәліметтерді жеті күн мерзім ішінде берсін;
Тармақша 2
2) Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтінімдері бойынша шақыру мерзімінде шақыру учаскесіне шақырылушыларды облыстық шақыру пунктіне жіберу мен апару кезінде қоғамдық тәртіп сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери міндеттен бас тартып жүрген азаматтарға іздеуді жүргізсін.
Тармақ 12
12. Степногорск қалалық соты (С.Б. Мұхтаров, келісім бойынша) сотта шақырылушылар үстінен қаралатын істер, сондай-ақ шақырылушылар жөніндегі заңды күшіне енген үкімдер туралы Степногорск қаласы қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ақпарат берсін.
Тармақ 13
13. «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде 2006 жылғы 11 мамырда жарияланған, 2006 жылғы 10 мамырдағы № 27544 нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № ә-6/232 «2006 жылғы күзде 1979-1988 жылдарда туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 14
14. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолдануға енгізіледі.
Тармақ 15
15. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Д.Р. Қадыровқа жүктелсін.
Басқа 28
Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № ә-11/398 қаулысына қосымша Шақыру комиссиясының құрамы Қатышев Төлеген Саттарұлы - Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы Боцман Николай Яковлевич - Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің ТЖ жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Вернигора Наталья Ивановна - Степногорск қалалық емханасының мейірбикесі, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Әбдікәрімов Қайыргелді Нұрхамитұлы - тәрбиелеу және кадр жұмысы бойынша Степногорск қаласының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Пшенбаев Ақылбек Бекішұлы - Степногорск қалалық емханасының хирургиялық қызметінің меңгерушісі, медициналық комиссияның төрағасы Матюшкин Владимир Петрович - «Отан» республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби-техникалық оқу орталығының директоры (келісім бойынша) Штундер Георгий Георгиевич - «Қазақстан жүргізушілер Одағы» бөлімшесінің оқу бөлімі бойынша директорының орынбасары (келісім бойынша)