1979 - 1988 жылдары туылған азаматтарды 2006 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1979 - 1988 жылдары туылған азаматтарды 2006 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетгік басқару туралы» Заңының 31 бабы 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі №96 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсаныда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 18 жасқа толған, 27 жасқа дейінгі шақыру жасындағы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру өткізілсін.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыруды ұйымдастырып, жүргізу үшін аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 3
3. Комиссия мүшелерінің түрлі себептермен шақыру мерзімі кезінде болмай қалған жағдайда қосымша комиссияның құрамы бекітілсін (№2 қосымша).
Тармақ 4
4. Шақырылушыларды дәрігерлік байқаудан өткізетін дәрігерлік комиссия кұрамы бекітілсін (айырбастау құқығынсыз) (№3 қосымша).
Тармақ 5
5. Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі (Шайхин.Т. З.-келісім бойынша) шақыруға байланысты шараларды «Әскери қызметке шақыру және тіркеу жөніндегі шаралар» бағдарламасы бойынша берілген есеп бойынша бюджетге көрсетілген қаржы шегінде қаржы бөлу тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық медицина бірлестігіне (Мазитов У.С. - келісім бойынша) «Әскери міндеттілік және әскери қызымет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабы негізінде шақыру комиссиясының жұмысы уақытында дәрігерлік комиссия мүшелерінің негізгі жұмыс орындары мен жалақыларының сақталуын, дәрігерлік комиссияны дәрі-дәрмекпен, қажетті дәрігерлік құралдармен жабдықтау және емдеуді қажет ететін шакырушыларды толық емделулерін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Дүйсенбаев С.Ә. - келісім бойынша) «Әскери міндеттілік және әскери қызымет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес;
Тармақша 1
1) Әскери міндеттерін орындаудан қашып жүргендерді, аудандық прокурордың келісімімен іздестіріп, оларды шақыру учаскесіне жеткізу, қажет болған жағдайда ұстау;
Тармақша 2
2) Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліммен тығыз байланыста болып, шақырылушылар арасында құқық бұзушылықты болдырмауды алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін шақыру мерзімі кезінде аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге тұрақты 1 (бір) ішкі істер қызметкерін бөлу;
Тармақша 3
3) Әскер қатарына шақырушыларды аудандық шақыру учаскесінен Қарағанды қаласындағы облыстық жинақтау орнына бекітілген кесте бойынша автокөлік және теміржол көлігімен жеткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 1 (бір) ішкі істер қызметкерін бөлу;
Тармақша 4
4) Шақырылушыларды аудандық шақыру комиссиясына автокөлікпен жеткізу кезінде олардың жеке бастарының қауіпсіздігін сақтап, шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін учаскелік инспектор кызметкерін бекітіу;
Тармақша 5
5) Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда,оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеу
Тармақша 6
6) Қылмыстық жауапа тартылғандар, қамаудағы немесе тергеуде жүрген шақырушылар туралы деректерді аудандьщ қорғаныс істер жөніндегі бөлімге жедел хабарлап отыру тапсырылсын;
Тармақ 8
8. Ауданның селолық әкімдеріне және барлық басқарма, мекеме, кәсіпорын (меншік нысанына қарамастан) басшыларына «Әскери міндеттілік және әскери қызымет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы және 44 бабына сәйкес мына іс-шараларды жүргізу тапсырылсын:
Тармақша 1
1) Әскер қатарына шақырылушыларға уақытында хабар беріп, олардың аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне шақырылған уақытта дер кезінде келуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Іс сапарда жүрген, ауысыммен жұмыс істейтін әскер қатарына шақырылушыларды жұмыс орнынан уақытша босатып, дәрігерлік комиссиясынық тексерісінен өтуге жағдай жасау;
Тармақша 3
3) Шақырылушыларды аудандық шакыру комиссиясына бекітілген кесте бойынша автокөлікпен жеткізу кезінде олардың жеке бастарының қауіпсіздігін сақтау үшін селолық бас маманды бекіту тапсырылсын.
Тармақ 9
9. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Мырзабеков А.Б) «Әскери міндеттілік және әскери қызымет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабы негізінде шақыру комиссиясының жұмысы уақытында аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне техникалық жұмыстар үшін 6 (алты) жұмыскер бөліну тапсырылсын.
Тармақ 10
10. Аудандық мәдинет, және тілдерді дамыту бөліміне (Еділбаев.М) әскерге шақыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына шақырушыларды салтанатты түрде шығарып салу және аудандық газетке теледидар бойынша әскери қызмет туралы хабарлар ұйымдастыру тапсырылсын.
Тармақ 11
11. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге (Жарылғапов М)
Тармақша 1
1) Әскерге шақырушылармен саяси-құқықтық және тәрбие жұмыстарын жүргізу мақсатында қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесін тиісті ақпарат құралдарымен жабдықтау;
Тармақша 2
2) жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне шақыруға әзілік барысы және оның нәтижесі туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына әскерге шақыру аяқталған соң тапсыру ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақша 3
3) Шақыру комиссиясының жұмысын толық қамтамасыз ету, ұйымдастыру барысында аудан мекемелері және кәсіпорындар басшыларының қатысуымен комиссия отырыстарын өткізіп отыру тапсырылсын.
Тармақ 12
12. Осы Қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары С.Смайловке жүктелсін. КЕЛІСІЛГЕН: Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Шайхин Тасболат Зайырұлы Аудандық медицина бірлестігінің директоры Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Дүйсенбаев Сүлеймен Әбенұлы Аудандық жұмысын қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Мырзабеков Аманжол Батырбекұлы Аудандық қорғаныс істер жөніңдегі бөлім бастығы Жарылғапов Мұхтар Жүсіпұлы
Басқа 25. АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің «3» шілде 2006 жылғы № 10/177 қаулысына №1 қосымша АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ Жарылғапов Мұхтар Жүсіпұлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы шақыру комиссиясының төрағасы Смайылов Сапар Мәжитұлы - аудан әкімі орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Әйтенов Бағдат Қойшығараұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары Омарбекова Ақмарал - аудандық медицина бірлестігінің Қасымбекқызы дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы Нұржігітова Ануза Айтжанқызы - аудандық медицина бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы
Басқа 26. АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚОСЫМША ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің «3» шілде 2005 жылғы № 10/177 қаулысына №2 қосымша АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚОСЫМША ҚҰРАМЫ Елеуов Болатбек Әлсерікұлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің келісім шарт бойынша әскери қызметшілерді іріктеу және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы Ахметбеков Абзал Мәзитұлы - аудан әкімі аппаратының басшысы Әбулясов Серік Ашмұханұлы - аудандық ішкі істер бөлім бастығының орынбасары Омаров Әбдіқадыр Төлешұлы - аудандық медицина бірлестігі директорының орынбасары Бейсенова Назерке Қайрақтықызы - аудандық медицина бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы
Басқа 27. ДӘРІГЕРЛІК КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің «3» шілде 2006 жылғы №10/177 қаулысына №3 қосымша ДӘРІГЕРЛІК КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ Омарбекова Ақмарал - аудандық медицина бірлестігінің Қасымбекқызы фтизиатры, терапевт дәрігері, дәрігерлік медициналық комиссиясының төрағасы Ильясов Ерден Әріпұлы - аудандық медицина бірлестігінің оташы, құлақ-мұрын дәрігері Жаңбыршиева Замира Жаксыбайқызы - аудандық медицина бірлестігінің жүйке,тері және жұқпалы аурулар дәрігері Бегаев Толеу Оразалыұлы - аудандық медицина бірлестігінің тіс дәрігері Әбішева Ләззат Сағдатқызы - аудандық медицина бірлестігінің көз медбикесі Нұржігітова Ануза Айтжанқызы - аудандық медицина бірлестігінің оташы бөлімшесінің медбикесі Орьшбаева Алия - аудандық медицина бірлестігінің медбикесі