Қазақстан Респуликасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Респуликасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Респуликасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Занының 19-бабының 3-тармағы және 20 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінін 2006 жылғы 18 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери кызметшілерді әскери қызметтен босату және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір- маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шакыру туралы» № 96 Жарлығына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы сәуір-маусым және Қазан-желтоқсан аралығында 1979-1988 жылдары туылған азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына Өтеген батыр кенті, Титон көшесі, № 30 мекен-жайында шақыру пункті ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Селолық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырушыларға шакыру қағазы тапсырылсын және көрсетілтен күнге аудандық қорғаныс бөліміне шақыру комиссиясына келуді қамтамасыз етсін:
Тармақша 2
2) шақырушыларды шақыру пунктіне жеткізу үшін кажетті көлікпен қамтамасыз етілсін. Шақырушыларды тасу кезінде алдын-ала сактандырылу шаралары қолдансын;
Тармақша 3
3) шақыру пунктіне жіберер алдында шақырушылардын арнайы шақыру қағазында көрсетілген қажетті құжаттары тексерілсін.
Тармақ 3
3. «Іле ауданының орталық ауруханасы» мемлекетік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Бақытгүл Ескендіркызы Тұрсынмұратова):
Тармақша 1
1) шақыру комиссиясының өкіміне сәйкес, әскерге шақырушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін білікті дәрігер-мамандармен және орта медициналық қызметшілерді бөлу ұсынылсын;
Тармақша 2
2) аудандық емдеу мекемесі арқылы кеуде клеткасы органдарынын флюрографиясын, электрокардиограмма және басқа дәрігерлік тексеруді 2006 жылғы көктемті, күзгі жоспарға сәйкес тегін тексерілуін қамтамасыз етсін:
Тармақша 3
3) әскерге шақырушылардын амбулаторихлық стационарлық тексерілуін және емделуін қамтамасыз етіп ауруханада кем дегенде бес төсектің бөлінуі ескертілсін;
Тармақша 4
4)әскери-дәрігерлік комиссияны керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5)азаматтарды мерзімділік әскери қызметке шақыру өткізілгеннен кейін және аудандық қорғаныс бөлімінің ұсынған тізімімен емделуді қажет ететіндерді, емдеу үшін аудандық емдеу мекемелеріне бекіту және келесі кезекті шақыруға дейін емдеумен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығына (Казербаев Данияр Камалбекұлы):
Тармақша 1
1) әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру мен ұстауды жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2)әскерге шақырушылардың әскри бөлімге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету тансырылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық шақыру комиссиясынын қызметіне басшылық ету және бақылау жасау үшін шақыру комиссиясының құрамы құрылсын: Әшірбаев Нұрғанат Өксіханұлы- комиссия төрағасы Іле аудандық қорғаныс бөлім бастығы Огнев Владимир Маркович- комиссия төрағасының орынбасары Іле аудандық құрылыс ісінің бас маманы Комиссия мүшелері: Прядко Олег Николаевич- Іле аудандық ішкі істер бөлім бастығының орынбасары Ахметова Алма Базарбекқызы- дәрігер, медициналық комиссиясының терайымы
Тармақ 6
6. Аудандық қорғаныс істері жөніндеті бөлім бастығы (Әшірбаев Нұрғанат Өксіханүлы) азаматтарды міндеті әскер қатарына шақырудың қорытындысы мен аталған қаулының орындалу барысы жайлы аудан әкіміне хабардар етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Ерболат Саларұлы Тұрымбетовке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Алматы облысы Іле аудандық әкімдігінің 2005 жылғы 12 қазандағы № 10-4065 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына мерзімді әскери кызметке 2005 жылғы қазан-желтоқсанда 1978-1987 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: «__»_______2006 ж. «__»_______2006 ж. «__»_______2006 ж.