Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 4 тарауының 23 бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімі өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №96 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Балқаш аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті атқарушы органдары қорғаныс icтepi жөніндегі тиісті басқарма мен бөлімдер арқылы 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссияларының қызметіне басшылық ету және бақылау жасау үшін аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық орталық аурухана мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Т.Есімқұлов)
Тармақша 1
1)Аудандық шақыру комиссиясын білікті маман-дәрігерлермен және орта буын медициналық қызметшілермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2)инструкторлық-әдістемелік нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес шақырылушыларды дер кезінде медициналық іріктеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3)шақырылушыларды адамдардың иммунды тапшылық вирусы (АИТВ) инфекциясына ақысыз тексеруді, сондай-ақ тексерулердің басқа да түрлерін қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4)шақыру (жинау) пункттерін қажетті құралдармен, медициналық дәрі-дәрмекпен жабдықтасын;
Тармақша 5
5)тексеру мен емдеудің сапасына аудандық бас дәрігері дербес жауапкершілікте болатынына назар аударсын;
Тармақша 6
6)шақырушылушыларды тексеру үшін денсаулық сақтау ұйымдарында төсек-орынның қажетті санын бөлсін.
Тармақ 4
4. Аудандық ішкі саясат бөлімі (Қ. Бестерекова) жастарды қазақстандық патриотизмге, Отан қоpғay жөніндегі конституциялық борышын қалткысыз орындауға тәрбиулеу жұмысын жандандырсын.
Тармақ 5
5. Аудандық спорт және дене тәрбие бөлімі (Қ. Жақыпов) әскер жасындағы жастар арасында бұқаралық-спорт және әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жандандырсын, кәсіпорындар мен орта білім беретін оқу орындарында жастардың дене тәрбиесі дайындығын бақылап, тексерулер ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық корғаныс icтepi жөніндегі бөлімі (М. Көшербаев) көктемгі шақыру бойынша осы қаулының орындалу барысы туралы, облыс Әкімінің 2006 жылғы 20 шілдеге дейін және күзгі шақыру бойынша 2007 жылдың 20 қаңтарына дейін хабардар етсін.
Тармақ 7
7. Балқаш аудандық әкімиятының 2005 жылғы 16 cәyip күнігі № 46 (мемлекеттік нормативтік құқкықтық актілерін тіркеу тізімінде 28 cәyip 2005 жылы тіркелген №2/248 және аудандық «Балқаш өңірі» газетінің 23 шілде 2005 жылғы жарияланған) «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарындағы мерзімді әскери қызметке 2005 жылы cәyip-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1978-1987 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 8
8. Алматы облысы Балқаш ауданының Әділет басқармасының 2005 жылғы 11 шілдедегі № 2/759 санды қатынас хатына сәйкес Балқаш аудандық әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамыр күні № 97 санды «Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың cәyip-маусым және қазан-желтоксан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қаулысының Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 38-бабының 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, яғни жоғарғы тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актшілрге қайшы келуіне байланысты қаулыларының күші жойылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Рахымбаевқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы баспасөзде алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 17
Аудандық Әкімдігінің 2006 жылғы «27» шілде «Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-мамыр және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 136 Қаулысына 1 қосымша
Аудандық әскери шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ:
Көшербаев Марат Жеңісұлы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы,
комиссия төрағасы
Рахымбаев Бақытбек Рахымбайұлы аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары
Комиссия мүшелері:
Рыскелдиев Қайрат Жұмағалиұлы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары,
полиция майоры
Көжекбаев Ілімбай Көжекбайұлы аудандық орталық аурухана мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны бастығының орныбасары
Суанбаева Сабыркул Шайахметқызы мейірбике, комиссия хатшысы
Басқа 18
Аудандық Әкімдігінің 2006 жылғы «27» шілде «Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-мамыр және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 136 Қаулысына 2 қосымша
Әскер шақырылылғандарды медициналық тексеруден өткізу комиссиясының ҚҰРАМЫ:
Көжекбаев Ілімбай Көжекбайұлы аудандық орталық аурухана мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны бастығының орныбасары
Құлжабекова Фая Қағазбекқызы орталық аурухананың терапевт дәрігері
Алиев Илияс Гаджиевич орталық аурухананың хирург дәрігері
Естемесова Баку Базарбекқызы орталық аурухананың лор дәрігері
Құдагелдиев Мейрамбек Жүсіпұлы орталық аурухананың дермавенеролог дәрігері
Дербенев Владимир Сергеевич орталық аурухананың невропотолог дәрігері
Малчубаев Әбдігали Саматұлы орталық аурухананың психиатр дәрігері
Қаспақбаева Роза Қаспақбайқызы орталық аурухананың окулист фельдшері
Абдрасилова Гүлнәз Сейдахметқызы орталық аурухананың стоматолог дәрігері