Қолданыстағы ред. 20.09.2006

Ауданда 1979-1988 жылдары туылған ер азаматтарды 2006 жылыдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 20.09.2006 г. № 303 (Ауданда 1979-1988 жылдары туылған ер азаматтарды 2006 жылыдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)

0

Ауданда 1979- 1988 жылдары туылған ер азаматтарды 2006 жылыдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылығы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылығы 23 қаңтардагы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкесәскерге шақырылушы ер азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру және жөнелту мақсатында аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан аумағында тұратын шақырылу күніне дейін 18 жасқа толған 1988 жылы туылған және мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немемес кейінге қалдыру құқығы жоқ, шақырылу күніне 27 жасқа толмаған 1979 жылы туылған ер азаматтар 2006 жылыдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2

2. Аудандық әскери шақыру комиссиясы 1- қосымшаға сәйкес құрылсын.

3

3. Бөлімдер, мекеме басшылыры 2- қосымшаға сәйкес Махамбет аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қарамағына техникалық қызметшілер бөлуді қамтамасыз етсін.

4

4. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шелдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес селолық округ әкімдеріне Махамбет аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі белгілеп берген мерзімге және тізімге сәйкес әскерге шақырушыларды аудандық шақыру комиссиясынан өтеулері үшін және қосымша тексеру үшін дәрігерлік мекемелерге тұрғылықты жерінен Махамбет аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге және кері қарай тұрғылықты жеріне дейін тасуды жүзеге асыру міндеттелсін.

5

5. Аудандық орталық ауруханасына (келісім бойынша):

1

1) 3- қосымшаға сәйкес әскер қатарына шақырылатындардың денсаулығының тексеру үшін медициналық куәландыру комиссиясын құру, оны қажетті маман-дәрігерлермен толықтыру;

2

2) дәрігер –мамандарды қажетті медициналық құралдармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;

3

3) 4,5-қосымшаларға сәйкес әскер қатарына шақырылушылардың флюрографиялық байқаудан және дәрігерлік комиссиядан өткізілуін қамтамасыз ету;

4

4) шақырылуға жататын азаматтарды уақытында сапалы бруцеллез жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (ЖҚТБ), қан, зәр құрамын анықтап белгілеу және жүректің электрокардиограммасын жазу ұсынылсын.

6

6. Селолық округ әкімдері тиісті әкім аппаратынан өкіл бөле отырып, шақырылған азаматтарды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне жеткізуді және шақырудан жалттарған азаматтарды жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері арқылы қамтамасыз етсін.

7

7. Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша 2006 жылғы күзгі шақыру уақыты аралығында шақыруға келмегендерді іздестіріп жеткізу, шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шақырылғандар командасын облыс орталығына жеткізу үшін арнайы полиция қызметкерлерін бөлуді қамтамасыз етсін.

8

8. Аудандық Қорғаныс істреі жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) тендеоден өткен жолаушылар тасымалдаушы жеке кәсіпкер мен келісім-шарт жасап, шақыртуға жататын азаматтарды селолық округтерден қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне және облыстық шақыру пунктіне жеткізу үшін автокөлік ұйымдастыру, 2006 жылдың күзінде мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындысы туралы аудандық әкімиятына хабарлама данындау ұсынылсын.

9

9. Аудандық қаржы бөлімі 2006 жылғы бекітілген бюджетке сәйкес әскерге шақырушыларды мерзімді әскери қызметке шақыруға және облыстық жинақтау пунктіне жөнелтуге байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

10

10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
Қаулы ескертулерсіз келісілді:
Аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы
Б. Қартқожақов
Аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері
А. Жұмыров
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Р. Мырзабаев

15

Аудандық әкімиятының
2006 жылғы 20 қыркүектегі
№ 303 қаулысына 1-қосымша
Ауданда 1979-1988 жылдары туылған ер азаматтарды 2006 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссияның құрамы
Қартқожақов Бекболат Жұмабайұлы
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Құрманбаев Асқар Рахымұлы
Ауданы әкімі аппаратының
ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері
Әміржанов Болатбек Орынғалиұлы
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары (келісім бойынша);
Рахметова Жанна Камалқызы
Аудандық емхана дәрігері, шақыру
комиссиясының аға дәрігері (келісім бойынша)
Есенғалиева Ғалия Кабдрахманқызы
Аудандық емхананың медбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)

16

Аудандық әкімиятының
2006 жылғы 20 қыркүектегі
№ 303 қаулысына 2-қосымша
1979-1988 жылы туылғын ер азаматтарды 2006 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына бөлінетін техникалық қызметкерлер

Мекеменің аты
Бөлу мерзімі
Қызметкерлер
1
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
20 қазан 30 желтоқсан
1
2
Махамбет селолық округі әкімі аппараты
20 қазан 30 желтоқсан
2

17

Аудандық әкімиятының
2006 жылғы 20 қыркүектегі
№ 303 қаулысына 3-қосымша
1979-1988 жылы туылғын ер азаматтарды 2006 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін дәрігерлік комиссияның құрамы:
Рахметова Жанна Камалқызы – дәрігерлік комиссияның төрайымы

мамандығы
Аты-жөні
Ескерту
1
Оташы
Алламбергенов Орынбай
2
Емдеу дәрігері
Рахметова Жанна
3
Құлақ-мұрын дәрігері
Мұстағалиев Анар
4
Тері аурулары дәрігері
Мырзағалиева Света
5
Тіс дәрігері
Қуанышев Исабай
6
Фтизиатр
Еспосынов Жалғас
7
Рентгенолог
Адресов Самат
8
Психиатр
Тулегенова Лилия
9
Невропатолог
Тулегенова Лилия

18

Аудандық әкімиятының
2006 жылғы 20 қыркүектегі
№ 303 қаулысына 4-қосымша
2006 жылғы күзгі әскер қатарына шақырылушылардың флюрографиялық байқаудан өту мерзімдері
Селолық округ атаулары
Флюрографиялық байқаудан өту күндері
Махамбет
16.10
Чкалов
17.10
Сарайшық
18.10
Есбол
19.10
Сарытоғай
20.10
Бақсай
23.10
Жалғансай
24.10
Алға
24.10
Алмалы
26.10
Ақтоғай
27.10
Ақжайық
30.10

19

Аудандық әкімиятының
2006 жылғы 20 қыркүектегі
№ 303 қаулысына 5-қосымша
2006 жылғы күзгі әскер қатарына шақырылушылардың дәрігерлік комиссиядан өту күндері

Селолық округ атаулары
Дәрігерлік комиссиядан өту күндері
1
Махамбет
16.10,31.10,20.11
2
Чкалов
17.10,01.11,27.11
3
Сарайшық
18.10,02.11,04.12
4
Есбол
19.10,03.11,11.12
5
Сарытоғай
20.10,06.11
6
Бақсай
23.10,07.11,18.12
7
Жалғансай
24.10,08.11
8
Алға
24.10,09.11
9
Алмалы
26.10,10.11
10
Ақтоғай
27.10,13.11
11
Ақжайық
30.10,14.11