О проведении очередного призыва на срочную воинскую службу граждан 1979-1988 годов рождения осенью 2006 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы күзде 1979-1988 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізу туралы Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 және 20- баптарының негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 «Белгіленген эскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі эскери қызметшілерді запасқа шығару жэне Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығының, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысы негізінде, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1-тармағы 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, 2006 жылғы күзде азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды мерзімінде және сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, Шемонаиха ауданының экімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы күзде 1979-1988 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін аудандық шақыру комиссиясы мынадай қүрамда құрылсын:
Тармақ 3
3. 2006 жылғы күзде Шемонаиха ауданының азаматтарын әскери қызметке шақыруды жүргізу кестесі бекітілсін (қосымша). Шақыру комиссиясының жұмысы 2006 жылғы 2 қазанда мына мекен-жайда басталсын: Шемонаиха қаласы, Гагарин көшесі, 9.
Тармақ 4
4. Қала, кенттер, ауылдық округтердің экімдеріне, аудандық ұйымдардың басшыларына, әркімнің өз құзыры шегінде азамматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуы мен облыстық жинақтау пункітіне (ОЖП) жіберуді мерзімінде және ұйымдастырушылықта жүргізу үшін:
Тармақша 1
1) шақыру учаскесіне 1979-1988 жылдары туған азаматтардың толық және уақтылы келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды тасымалдау кенттер, ауылдык округтер әкімдері аппараттары өкілдерінің алып баруымен жүргізілсін;
Тармақша 3
3) комиссияға қажетті құжаттарды дайындап тапсыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Шемонаиха ОАА» КМҚК бас дәрігеріне (Т.М. Абайделдінов) медициналық комиссияның жұмысын, кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылушы азаматтардың сапалы куэландыруларын бақылауға алу ұсынылсын. Шемонаиха қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің (ҚІБ) аудандық дәрігерлік комиссиясы маман дәрігерлермен, орта дәрігерлік қызметшілермен жинақтау шаралары қабылдансын. Шемонаиха ҚІБ дэрігерлік қамтамасыз етуіне арналган шығын төлемі шарт негізінде жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (С.Х. Қайпеков) әскери қызметке шақырудан бұлтартқан азаматтарды іздеу, облыстық жинақтау пункітіне жіберу кезінде шақыру пункіттерінде тэртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын. ҚІБ аумағында полиция жасағының кезекшілігін ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Ішкі саясат (Т.С. Степанова), мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріне (Ә.К. Селтеева) шақыру кезеңінде әскери қызметке шақырылушы жастармен тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге белсенді қатысып, командалардың қалыптастырулары мен аудандық шақыру пункітінен аттандыруға дейін Қарулы Күштердің соғыс жэне еңбек ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімінің бастығына (Н.Р. Крузмягина) 2006 жылға арналған аудандық бюджетпен белгіленген мөлшерде, азаматтарды шақыру бойынша шараларды қаржыландыру жүргізілсін.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына азаматтарды шақыруды мерзімінде және ұйымдастырушылықта жүргізу үшін 2006 жылғы 1 қазаннан қызметкерлер саны 4 адам (4- тех.қызметкерлер) жұмысқа алынсын. Төлем ақы 2006 жылға арналған бюджетте белгіленген қаржы шегінде жүргізілсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Беляеваға жүктелсін. Келісілді: Шемонаиха ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы В. Андинов Шемонаиха IIБ бастығы С. Қайпеков «Шемонаиха АОА» бас дәрігері Т. Абайделдінов
Басқа 14. Шемонаиха ауданының 1979-1988 жылдары туған азаматтарын 2006 жылғы күзде әскери қызметке шақыруды жүргізу
Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2006 жылгы 2 қазан № 1700 қаулысына 1 қосымша Шемонаиха ауданының 1979-1988 жылдары туған азаматтарын 2006 жылғы күзде әскери қызметке шақыруды жүргізу КЕСТЕСІ Аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Қалиева