«О проведении очередного призыва граждан 1979-1988 годов рождения на воинскую службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан в октябре-декабре 2006 года» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2006 жылдың қазан - желтоқсан айларында 1979-1988 жылдары туған азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне кезекті әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бап, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуіріндегі № 96 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес және Казақстан Республикасы 2001 жылғы 21 қаңтардың «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31,37 баптарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. №1 қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы және оның қосалқы құрамы құрылсын.
Тармақ 2
2. №2 қосымшадағы сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауыл және ауылдық округ әкімдері шақырылушылардың аудандық шақыру және дәрігерлік комиссияға уақытында келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Жақсы аудандық орталық аурухана» мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) аудандық дәрігерлік комиссияны білікті дәрігер мамандармен, орташа дәрігерлік қызметшілермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) емделу мекемелерінде шақырылғандардың денсаулығын кезектен тыс және қажетті емделу орын санын бөлінсін;
Тармақша 3
3) аудандық медициналық комиссияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы №117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы №100 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде медициналық тексеруден өткізу Ережесін енгізу туралы» бірлескен Бұйрығының №7 қосымшасына сәйкес кажетті медициналық және шаруашылық құрал - жабдықтармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Ақмола облысы ІІД Жақсы аудандық ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) Жақсы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесе отырып, әскерге шақыру бөлімдерінде және аттандыру станциясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушылардың анықтау және алдын-ала тергеуде болғаны жайында уақытында хабарлау;
Тармақша 3
3) әскери міндетін өтеуден бас тартушыларды іздестіру, ұстау;
Тармақ 6
6. «Жақсы аудандық каржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жақсы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өтінімі бойынша аудандық бюджетте қаралған қаржыдан шақыру көлеміндегі қажетті қаржыландыруды уақытында қамтамасыз етсін;
Тармақ 7
7. Меншік түріне қарамастан, барлық ұйым басшыларына әскерге шақырушыларды іссапардан (демалыстарынан) шақыртып алу, оларға хабар жіберіп және шақыру учаскелеріне уақытында келуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Б.Мұгаловаға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Жақсы аудандық әділет Басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және жарияланады.
Басқа 16. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Жақсы ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 қыркүйектің №А-13/198 қаулысына 1 қосымша Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Нұрматов Ерболат Сәдуақасұлы - Жақсы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Ибраев Марат Ғазезұлы - Аудандық маслихаттың хатшысы, комиссия төрағасының орынбасары Рахымжанов Ертай Сапарбайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Көпеева Жанна Ерғазықызы - аудан әкімі апаратының әкімшілік құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы Раковский Владимир Ильич - Жақсы аудандық қорғаныс істері бөлімінің әскери қызметшілердің келісім шарты және шақыру бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Титов Екатерина Николаевна - аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) Ауылдық шақыру комиссиясының қосалқы құрамы Соколов Евгений Александрович - Жақсы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Әбдірашитов Сүйіндік Әділбекұлы - аудандық маслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Тынымбаев Асан Айтқожаұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Рябокон Васмлий Иванович - аудандық аурухананың хирург дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Шалдықова Әсел Маратқызы - аудан әкімі аппараты жалпы бөлімнің бас маманы Нұрбекова Роза Жәнелқызы - Жақсы аудандық қорғаныс істері бөлімінің әскери қызметшілердің келісім шарты және шақыру бөлімі бастығының аға көмекшісі Левина Вера Ивановна - аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 17. Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі
Қосымша 2 Жақсы ауданы әкімдігінің «28 қыркүйектің 2006 ж. А-13/198 қаулысымен бекітілген Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі № Ауыл және ауылдық округ аттары Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі 29.09. 2006 02.10. 2006 03.10. 2006 04.10. 2006 05.10. 2006 06.10. 2006 09.10. 2006 10.10. 2006 11.10. 2006 16.10. 2006 1. Белагаш ауылы * 2. Беловод а/о * 3 Есіл а/о * 4. Жақсы ауылы * 5. Жаңақима а/о * 6. Запорожье а/о * 7. Ешім а/о * 8. Қайрақты а/о * 9. Калинин а/о * 10. Новокиен а/о * 11. Қызылсай а/о * 12. Терісаққан а/о * 13. Чапаев а/о * 14. Подгорный а/о * 15. Тарас а/о * 16. Киев ауылы *