Об очередном призыве граждан 1979 - 1988 года рождения на срочную воинскую службу в ряды Вооруженных Сил Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
1979-1988 жылдар аралығында туылған азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шүғыл әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі №96 «Әскери қызметті белгіленген мерзімде атқарған шүғыл әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шүғыл әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Заңының 23 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1988 жылы туылған, жынысы ер азаматтарды, шақырылған күні 18 жасқа толатын және әскерден уақытша босатылу құқығынан айрылған, одан да ересек ер азаматтарды шұғыл әскери қызметке 2006 жылғы қазан-желтоқсан айларында мерзімдік әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Шүғыл әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін аудандық шақыру комиссиясы мына резервтік құрамымен құрылсын:
Шақыру комиссиясының төрағасы - Қызылжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінің бастығы Қанатбек Өмірбекұлы Мұсаев
Резервте - Қызылжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің үшінші бөлімшесінің бастығы Игорь Геннадьевич Четверов
Шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары - Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Артур Кенжеәкімұлы Молдағұлов
Резервте - Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Тұяқ Қайырбекұлы Қолышпаев
Комиссия мүшелері:
- Қызылжар ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы орынбасары Иманбай Қапышұлы Жомартов
Резервте - Қызылжар ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Қайрат Темірғалиұлы Мейманов
Медициналық комиссияның төрағасы жасөспірімдер дәрігер-терапевті Кама Ашуқызы Сәдуақасова. бас дәрігердің орынбасары
Шақыру комиссиясының хатшысы жасөспірімдер кабинетінің медициналық бибісі Любовь Николаевна Мамбетова
Тармақ 3
3. Селолық округ әкімдері азаматтардың шақыру учаскесіне уақтылы келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ұйым басшылары әскер қатарына шақыртылатын, іссапардан (демалыста) жүрген азаматтарды шақыртсын, оларға хабарлауды шақыру учаскесіне уақытылы келуін ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Әскер қатарына әскерге шақыртылатындарды медициналық куәландырудан сапалы өткізу аудандық орталық емхананың бас дәрігері А.Я. Коға міндеттелсін:
шақырылушы азаматтарды медициналық куәландырудан сапалы өткізу үшін резервтік құрамымен медициналық комиссия құру.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер, басқада әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери-дәрігерлік экспертиза Ережесінің талаптарына сәйкес медкомиссияны қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
анықталған сырқат әскер қатарына шақырылушыларды олардың стационарлық тексеріс үшін қажетті төсек-орын бөлумен кезектен тыс медициналық қызмет және емдеуді қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінің бастығы Қ.Ө.Мүсаевқа:
шұғыл әскери қызметке шақыртуға жарайтын әскерге шақыртылғандармен, ата-анасымен немесе әскерге шақыртылатындарды тәрбиелеп жатқан тұлғалармен, әскерге шақыртылатындар, жұмыс істеп жаткан (оқып жатқан) ұйымдар мен білім беру ұйымдарының басшыларымен, тұрғылықты орны бойынша учаскелік инспекторлармен, әскерге шақыртылатықдармен таныс (көршілер, жолдастар) басқа да тұлғалармен жеке кеңесу жолымен азаматтарды танып білуге үшін жеңіл автомашинасы пайдаланылсын.
Тармақ 7
7. Қызылжар ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы К.А.Бейсенбаевқа:
әскерге шақыру және әскерге жіберетін кезеңінде шақыру учаскесіндегі қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін, белгіленген кезеңге қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің тапсырысы бойынша іздеу салуға, жалпыға бірдей әскери міндеттен бас тартып жүрген тұлғаларды ұстауға полиция қызметкерлерін бөлсін;
Тармақ 8
8. «Қызылжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы Ә. Айтқожанова Қазақстан Республикасының «Жалпыға ортақ әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Заңының 44-бабына сәйкес шұғыл әскери қызметке азаматтарды шақыртуды жүргізу үшін шығыс сметаға сәйкес қорғаныс істері жөніндегі Бөлімді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Даровик Қазақстан Республикасының «Жалпыға ортақ әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Заңының 44-бабына сәйкес жоспарланған шығыс сметаға сәйкес жүргізілген медициналық куәландыруға медициналық мекемеге төлем жүргізсін;
Қызылжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінен осы мақсатқа берілген автобусты ауданның елді мекендерінен әскерге шақыртылғандарды жеткізу үшін пайдаланнылсын;
шақыртуды жүргізу кезеңінде материалды-техникалық қамтамасыз ету үшін Қорғаныс бөлімі ұсынған саны 4 бірлік іс жүргізушілерді, автобус жүргізушісін, шақырту комиссиясы жүретін жайды жинаушы жұмысқа қабылдансын.
Тармақ 10
10. Шақыру комиссиясы қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің ғимаратында өткізілсін.
Тармақ 11
11. Қоса берілген әскери қызметке азаматтарды шақыртуды жүргізу кестесі бекітілсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Молдағұловқа жүктелсін.
Келісілген
Қызылжар аудандық қорғаныс
істері жөніндегі Бөлімінің бастығы
Қ.Ө.Мұсаев
20.04.2006 ж.
Қызылжар аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері
А.Я.Ко
20.04.2006 ж.
Басқа 13. Азаматтардың әскери қызметке шақырылуын өткізу КЕСТЕСІ
Бекітілген
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 20 сәуір № 156
қаулысымен
Азаматтардың әскери қызметке шақырылуын өткізу КЕСТЕСІ
№
Селолық округтердің
атауы
шақ. адам. саны.
соның ішінде келу күндері бойынша
24 сәуір
25 сәуір
26 сәуір
2006ж.
2006ж.
2006ж.
1
Архангелка
20
20
2
Асанов
40
40
3
Бескөл
97
10
4
Березов
20
20
5
Бугровое
20
6
Вагулин
26
7
Виноградов
34
8
Долматов
9
9
9
Куйбышев
47
10
Қызылжар
41
11
Новоникольск
27
27
12
Налобин
17
13
Прибрежный
24
14
Петерфельд
36
15
Рассвет
29
16
Светлопольск
30
17
Соколовский
23
18
Якорь
39
19
Рощинск
20
20
Лесной
14
БАРЛЫҒЫ:
613
47
40
39
Кестенің жалғасы
соның ішінде келу күндері бойынша
27 сәуір
4 мамыр
5 мамыр
10 мамыр
11 мамыр
12 мамыр
15 мамыр
16 мамыр
17 мамыр
2006ж.
2006ж.
2006ж.
2006ж.
2006ж.
2006ж.
2006ж.
2006ж.
2006ж.
10
20
15
10
10
22
26
34
21
20
47
17
24
36
30
23
14
41
43
45
47
44
46
44
47
22