О проведении призыва граждан на воинскую службу 1979-1988 годов рождения на территории Акжарского района Северо-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағында 1979-1988 жылдары туған азаматтарды әскери қызметке шакыру туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 4 тарауына, Қазақстан Республикасы Президенттін «Белгіленген әскери қызмет мерзімін еткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір - маусымда және қазан - желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 76 Жарлығына сәйкес және 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 76 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери қызметке жастарды дайындау және азаматтарды мерзімді әскери кызметке шакыру Ереже бекіту туралы» қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1979 - 1988 жылдары туған азаматтарды әскерге шақыру Ақжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі Ленинград селосындағы бөлімінің шақыру пунктінде 2006 жылдың сәуірде - маусымда, қазанда - желтоқсанда өткізілсін.
Тармақ 2
2. Селолық округтердің әкімдері 1979 - 1988 жылдары туған әскерге шақырылатындардың корғаныс істері жөніндегі бөлімімен белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне уақытында келулерін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясы қосымшаға келісімді құрамда ұйымдастырылсын. Шақыру комиссиясының төрағасы Ақжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық орталык емханасының бас дәрігері (Сәбитова Ш.Қ.), шақыру комиссия жұмысын сапалы істеу үшін:
Тармақша 1
1) шақырушыларды медециналық куәландырудің жүргізілуін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасындағы қарулы күштерінде, басқа әскерлерде және әскери құрылымда әскери-дәрігерлік сараптама Ережелерінің талапатарына сәйкес шақыру медециналық комиссиясының қажетті медициналық аспаптармен жабдықталуын;
Тармақша 3
3) көкірек қуысындағы органдарды флюрографиялық тексеру және қажетті анализдерді алудың өткізілуін;
Тармақша 4
4) стационарлық тексеру үшін төсек-орын саны бөлуді және медециналық ету және айқындалған ауру шақырушыларды емдеу қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Кәсіпорындарының, үйымдырдың, білім беру мекемелерінің басшылары іссапардан (демалыстан) шақыруға жататын азаматтарды шақырсын, оларды хабардар ету және шақыру учаскесіне уақытылы келулерін ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Әділова Ә.Н.) қаржы қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырылатындарды селолық округтерден Ленинград селосындағы шақыру пунктке жеткізу, әскерге шақырылатындарды бақылау медициналық комиссияға жеткізу және Петропавл қаласындағы жиналу пунктіне аттандыру үшін;
Тармақша 2
2) Ленинград селолық емханасына медициналық комиссияны өткізу мен анализдерді дайындау үшін және әскерге шақырылатындарды тексеруге қажетті дәрі-дәрмекті сатып алу үшін;
Тармақша 3
3) Шақыру комиссияны сапалы өткізу үшін сәуірден бастап маусымға дейін және қазан айынан бастап желтоқсан айына дейін екі техникалық қызметкерге, автобус жүргішісіне, аудармашыға және электронды-есептеуіш машина операторына ақы төлеу және ұстау үшін.
Тармақ 7
7. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Серікбаев Қ.Ж.) шақыру мерзімінде шақыру пунктінде жастарды кәсіптік бағыттау және әскери-патриоттық жұмысын жүргізсін.
Тармақ 8
8. Ақжар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Жахин О.М.):
Тармақша 1
1) Шақыру комиссияның жұмыс істеу мерзімде қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің аумағында қоғамдық тәртіптің сақталау, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтінім бойынша көрсетілген мерзіміне полиция қызметкерін бөлсін, іздеу жүргізсін, әскери қызметтен бас тартатын шақырылатындарды ұстап қалу;
Тармақша 2
2) Учаскелік инспекторлары селолық округінің әкімі аппаратының мамандармен бірлесіп үй-үйді аралап әскери есепке алу құжаттары жоқ тұлғаларды жеткізуге міндет жүктелсін.
Тармақ 9
9. Аудандық білім бөлімінің бастығы (Закенов Б.Н.) Ленинград селосындағы № 1, 2 мектептерінің және № 6 кәсіптік - техникалық мектебінің мұғалімдері арасынан Ақжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде құжаттамалық-техникалық жұмыстар үшін жұмысшыларды бөлсін.
Тармақ 10
10. 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 258 аудан әкімдігі «1978-1987 жылдары туған азаматтарды 2005 жылдың көктемгі және күзгі кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары А.А.Тастеміровке жүктелсін.
КЕЛІСІЛГЕН
Аудандық ішкі істер
Бөлімінің бастығы
Жахин О.М.
20.04.2006
Аудандық орталық
емханасының бас дәрігері
Сәбитова ШД.
20.04.2006
Қорғаныс істері жөніндегі
болімінің бастығы
Серікбаев Қ.Ж.
20.04.2006
Басқа 21. Әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің
2006 ж. «19» сәуірдегі № 94
қаулысына қосымша
Әскерге шақыру комиссиясының құрамы
№
Негізгі қурам
Резервті курам
тегі, аты, әкесінін аты
Лауазымы
тегі, аты, әкесінін аты
Лауазымы
1
Серікбаев Қаратай Жұмабекұлы
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Бикенов Өсербай Өтегенұлы
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары
2
Хасенов Қанат Актайұлы
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмысы бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Ысқақ
Бауыр Ақылұлы
Аудан әкімі аппаратының әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы
Комиссия мүшелері:
3
Рақымжанов Самат Шерғалиұлы
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Бәкіров Темірлан Миқашұлы
Поселкелік полиция бөлімінің бастығы
4
Сәбитова Шолпан Қайыргелдіқызы
Аудандық орталық емхансының бас дәрігері, медициналық комиссиясы төрайымы
Молдағанапова Ардақ Кайырбекқызы
Ленинград селолық ауруханасының бас дәрігері
5
Гончарова Людмила Алексеевна
Ленинград селолық ауруханасының медбикесі, комиссия хатшысы
Хасенова Әлия Шакенқызы
Жеткіншектер қызметінің
медбикесі