О проведении призыва граждан 1979-1988 годов рождения на воинскую службу Күшін жойған
Басқа 0
1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімдік әскери қызметке шақыртуды жүргізу туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ Заңыпа сәйкес, «Бекітілген әскери қызметін атқарған, мерзімді әскери қызметтен босаған әскери қызметшілер және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақырту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуіріндегі № 96 Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім арқылы Жамбыл ауданының шақырту учаскесіне тіркелген кейінгі қалдыруға немесе босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтарды мерзімдік әскери қызметке шақыру 2006 жылдың 20 сәуірінен 30 маусымына, 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін жүргізу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Ауданда азаматтарды мерзімдік әскери қызметке шакыртуды жүргізу үшін мына құрамда комиссия құрылсын:
Кеженев Жамбыл Маратұлы - қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы
Асаинов Руслан Бижанұлы - бас маман-аудан әкімі орынбасарының көмекшісі
Комиссия мүшелері:
Мүсетаев Ерлан Әскерұлы - аудандық орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі, медициналық комиссияның төрағасы
Темірбеков Қайрат Сабырұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің қызмет жөнінен орынбасары
Попова Оксана Николаевна - аудандық орталык ауруханасының терапия бөлімінің бас медбибісі, комиссия хатшысы
Комиссия резервтегі құрамы
Радченко Юрий Иванович – қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақырту және әскери қызметке келісім-шартпен жинау жөніндегі бөлімшенің бастығы, комиссия төрағасы
Жакин Сәбит Женісұлы – құқық мәселесі жөнінен аудан әкімінің көмекшісі, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мушелері
Жолжанов Аян Үсенұлы – аудандық орталық аурухананың хирургі, медициналық комиссияның төрағасы
Оспанов Ерік Жасланұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының іздестіру жөнінен орынбасары
Нұртазина Гүлнәр Баймолдақызы – аудандық орталық аурухананың салауатты өмір салты жөнінен медбибі комиссия хатшысы
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне (келісім бойынша):
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына жататын азаматтарға медициналық сараптау саласында қажетті жұмыс тәжірибесі бар, білікті дәрігер мамандарды және медициналық қызметкерлерді бөлсін,
шақырту пункті қажетті мүлікпен, құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен жабдықталсын, медициналық куәләндіру мезгіліне дейін мерзімдік әскери қызметке шақыруға жататын жасөспірімдердің кеуде клеткаларын рентгендік тексеруден, жүректерін кардиограммадан, қан, зәр құрамын зерттеуден өткізу қамтамасыз етілсін;
әскери қызметке шақырылатын азаматтарды медициналық куәләндіру 2006 жылдың 20 сәуірінен және 2006 жылдың 1 қазаннан бастап жүргізілсін және ауруы табылған азаматтар аудандық ауруханада кезектен тыс тексерістен өткізілсін, емделу жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Селолық округ әкімдеріне, меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің жетекшілеріне мерзімдік әскери қызметке шақыруға жататын азаматтарды шақырту комиссиясына келуін қамтамасыз етсін, сонымен қатар арнайы шақырту қағазында көрсетілген күні және сағатында әскерге жөнелту үшін ауданның әскери комиссариатына жеткізсін;
Демалыста іс сапарда жүргендер шақырту комиссиясына келуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 5
5. Жамбыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің бастығына (келісім бойынша)
Тармақша 1
1) шақырту учаскесіндегі жұмыстарды ұйымдастыру, құжаттарды ресімдеу облыстағы пунктке команданы жөнелту үшін 1 қосымшаға сәйкес техникалық қызметшілерді тартуға рұқсат етілсін;
Тармақша 2
2) азаматтарды шақыртуды жүргізуді және шақыртудан бас тартқандарды іздестіруді қамтамасыз жөнелту үшін 1 қосымшаға сәйкес техникалық қызметшілерді тартуға рұқсат етілсін.
Тармақ 6
6. Аудандық қаржы бөлімінің бастығына (келісім бойынша) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыртуларды жүргізуге уақытында қаржы бөлсін.
Тармақ 7
7. Ауданның ішкі істер бөлімінің бастығына (келісім бойынша) қорғаныс істер жөніндегі бөлімге азаматтарды мезгілді әскери қызметке шақыртуға жәрдем көрсетсін және ықпал жасасын, әскерге шақыртылғандармен полицияның учаскелік инспекторларының еріп жүрү міндеттеріне аса көніл бөлінсін.
Тармақ 8
8. Медициналық комиссияның төрағасына әскерге шақыру кезеңінде комиссия әскери міндеттілерді медициналық куәләндіруден өткізсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөнінен орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 10
10. «1978-1987 жылдарды туған азаматтарды мезгілді әскери қызметке шақыру туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылдың 13 мамырындағы № 174 қаулысының (2005 жылдың 15 мамыры, тіркеу нөмірі 13-7-3, 2005 жылғы 27 мамырдағы «Ауыл-арайы-Сельская новь» № 23, 2005 жылғы 17 маусымдағы № 26) және «Жамбыл ауданы әкімдігінің 2005 жылдың 13 мамырындағы «1978-1987 жылдарды туған азаматтарды мезгілді әскери қызметке шақыру туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылдың 15 қыркүйектегі № 304 қаулысының (2005 жылғы 29 қыркүйек, тіркеу нөмірі 13-7-12, 2005 жылғы 14 қазандағы «Ауыл-арайы-Сельская новь» № 45, 2005 жылғы 18 қарашадағы № 51) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 11
11. Аудан әкімдігінің қаулысы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
Келісілген:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
Сақтау Министрлігінің Солтүстік
Қазақстан облысы Жамбыл аудандық
орталық ауруханасы» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның
бас дәрігері
С.Таңатаров
21.04.2006 ж.
«Жамбыл аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Д.Кеженев
21.04.2006 ж.
«Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің бастығы
А.Құтышев
21.04.2006 ж.
Басқа 14. Жамбыл ауданының қорғаныс істері болімі бойынша 1979-1988 жылдары туған азаматтарды шақырту үшін тартылатын техникалық қызметшілер, автобусқа жургізушінің ТІЗІМІ
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
20 сәуіріндегі №78 қаулысына
1 қосымша
Жамбыл ауданының қорғаныс істері болімі бойынша 1979-1988 жылдары туған азаматтарды шақырту үшін тартылатын техникалық қызметшілер, автобусқа жургізушінің ТІЗІМІ
№
Атаулары
Адамның саны
Кәсіпорындардың атауы
1
Техникалық қызметшілер
3
Еңбек рыногі
2
Автобус жүргізушісі
1
Еңбек рыногі
Басқа 15. Азаматтарды шақыртуды жүргізуді және шақыртудан бас тартқандарды іздестіруді қамтамасыз ету үшін пайдаланатын автокөліктің ТІЗІМІ
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
20 сәуіріндегі №78 қаулысына
1 қосымша
Азаматтарды шақыртуды жүргізуді және шақыртудан бас тартқандарды іздестіруді қамтамасыз ету үшін пайдаланатын автокөліктің ТІЗІМІ
№
Атаулары
Автокөлікті пайдалануға тағайындау
1
Мемлекеттік нөмірі Т 876 АZ
ПАЗ -3205 маркалы автобусы
Азаматтарды шақыртуды қамтамасыз ету үшін
2
Мемлекеттік нөмірі 90-06 ПТ
УАЗ 3115 маркалы жеңіл автокөлігі
Шакыртудан бас тартқандарды іздестіруді қамтамасыз ету үшін