Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 1979-1988 жылғы жастарды кезекті қысқа мерзімді әскери қатарына шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 1979-1988 жылғы жастарды кезекті қысқа мерзімді әскери қатарына шақыру туралы от 13.03.2006 г. № 63 (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 1979-1988 жылғы жастарды кезекті қысқа мерзімді әскери қатарына шақыру туралы)
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына жөне басқа әскери құрылымда 18 жасқа толған, кейінге қалдыру немесе одан босатылуға құқығы жоқ 1979-1988 жылдарда туған жастарды тиісті әскери міндетін атқаруға 2006 жылдың сөуір-маусым жөне қазан-желтоқсан айлары аралығында әскери қатарына жөне әскери қызметке жарамсыз азаматтарды куәләндіру үшін шақырылсын.
2. Ауданішілік шақыру және медицина комиссиясы құрылсын (№ 1 қосымша).
3. Селолық округ әкімдері, Шыңғырлау аудандық мемлекетті санитарлық қадағалау эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Е.Сабиров), Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімі (М.Жақыпбеков), Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі (О.Қаленов), Шыңғырлау аудандық аумақтық медициналық бірлестігі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдау ұсынылсын. (келісім бойынша).
4. Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту жөне әлеуметтік бағдарламалар, және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, шақыру кезінде азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізуде, Шыңғырлау ауданының қорғаныс, істері жөніндегі бөліміне көмекке бір-бір қызметкерлерін бөліп отырсын.
5. Селолық округ әкімдері, азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесіне сәйкес (№2 қосымша), уақытында жеткізуді ұйымдастырсын.
6. Аудан әкімдігінің
1) 2005 жылғы 26 қазандағы № 187 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 1978-1987 жылғы жастарды кезекті қысқа мерзімді әскери қатарына шақыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Шыңғырлау ауданының Әділет басқармасында 2005 жылғы 28 қарашада тіркелген, тіркеу № 7-13-11, аудандық «Серпін» газетінде 2005 жылғы 3 желтоқсандағы № 50 санында жарияланған);
2) 2005 жылғы 16 наурыздағы № 51 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 1978-1987 жылғы жастарды кезекті қысқа мерзімді әскери қатарына шақыру туралы» (Батыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінде 2005 жылғы 31 наурызында тіркелген, тіркеу № 2911, аудандық “Серпін" газетінде 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 18 санында жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Хангереевке жүктелсін.