Об очередном призыве на срочную воинскую службу граждан 1979-1988 годов рождения Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1979 - 1988 жылдары туған, азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңы негізінде, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі №.96 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, 1988 жылы туған азаматтарды 2006 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу, сондай-ақ жасы жоғары жастағы әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылған азаматтарды әскери бөлімдеріне жоспарлы және ұйымшылдықпен жіберу үшін, Атбасар ауданының әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Атбасар қаласының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімінің жанында азаматтардың медициналық қуаландырылуын жүргізу үшін азаматтарды әскери қызметке шақыру кезеңінде шақыру учаскесі мен шақыру пунктін мына мекен-жай бойынша ұйымдастырылсын: Атбасар қаласы, Л. Белаш көшесі, 52/1.
Тармақ 2
2. Азаматтардың шақырылуын жүргізу кезеңінде қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Атбасар қаласының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімінің бастығы М.Е. Тұрмановқа (келісім бойынша) 2006 жылдың сәуір - маусымы мен қазан - желтоқсанында шақыру комиссиясына азаматтардың шақыртылуын жүргізуді тапсыру.
Тармақ 4
4. «Атбасар орталық аудандық ауруханасы» Т.М.Махамбетоваға (келісім бойынша), «Атбасар аудандық емханасы» С.А. Аужановаға (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелерінің (алдағы - ММ) бас дәрігерлеріне:
Тармақша 1
1) шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін білікті дәрігер мамандар мен орташа медицина қызметкерлерінің қажетті санын шақыру комиссиясының әкімімен бөлінсін;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери - дәрігерлік сараптама Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысы бойынша шақырылушыларды қуаландыру үшін Атбасар қаласының қорғаныс істері жөнінде бірлескен бөлімінің шақыру пунктін қажетті құралдармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) шақырылушыларды медициналық куәландыруға және қажетті тексерістің басқа түрлеріне ақысыз қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) қаланың емдеу мекемелерінің стационарында шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша шақырылушылардың денсаулығы мен емделу жағдайын қосымша тексеру үшін резерв болуы;
Тармақ 5
5. 7 Атбасар қаласы, селолар, ауылдық және селолық округтердің әкімдеріне, меншік түріне тәуелсіз оқу орындарының, шаруашылықтардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшыларына:
Тармақша 1
1) іссапардан (демалыстан) шақырылушыларды шақыртуды, Атбасар қаласының қорғаныс істері жөнінде бірлескен бөліммен белгіленген күндерде оларды шақыру комиссиясынан өткізу үшін шақыру пунктіне дер кезінде келуіне құлақтандыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жедел әскери қызметке шақыруға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытта шақыруға тиісті азаматтарды жұмыстан және оқудан босату;
Тармақша 3
3) азаматтарды шақыру пунктіне жеткізу үшін автокөлік бөлуді қамтамасыз ету, адамдарды тасымалдау кезінде бақытсыз жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдау.
Тармақ 6
6. Атбасар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.Т.Жапаровқа (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан қашатын тұлғаларды жеткізу, сонымен қатар шақырылушыларды әскери бөлімдеріне жіберу және кету кезінде қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз ету.
Тармақ 7
7. Жедел әскери қызметке азаматтарды шақыру бойынша іс-шараларды орындаумен байланысты шығындарды аудандық бюджеттің қаражаты есебінде жүзеге асыру.
Тармақ 8
8. Атбасар қаласының қорғаныс істері жөнінде бірлескен бөлімнің бастығы М.Е. Тұрмановқа (келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақырту қорытындылары туралы 2006 жылдың 3 шілдесіне және 2007 жылдың 4 қаңтарына әкімдікке ақпараттау.
Тармақ 9
9. Атбасар ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № а-4/134 «1978-1987 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» қаулысы күшін жойған деп танылсын (№ 1-5-2; 2005 жылғы 11 мамыр, «Простор»).
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.И. Боброваға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулының іс-әрекеті 2006 жылғы 20 сәуірде шыққан құқықтық қатынасқа таратылады.
Тармақ 12
12. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Басқа 20. Комиссия мүшелері:
Атбасар ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «26» сәуір № а-4/71 қосымша. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ. Тұрманов Мырзағүл Ерғалиұлы - Атбасар қаласының қорғаныс істері жөнінде бірлескен бөлімнің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы Боброва Людмила Ивановна - аудан әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Темірбеков Мурат Сабырұлы - Атбасар аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Ахметова Гүлшарат Өндірісқызы - «Атбасар аудандық емханасы» ММ терапевт дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) Палагенко Ирина Владимировна «Атбасар орталық аудандық ауруханасы» ММ қабылдау бөлімінің медбикесі, хатшы (келісім бойынша) Келісілді: Атбасар қ. Қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімінің бастығы М.Е. Тұрманов «25» сәуір 2006 ж. Атбасар аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ж.Ж. Қалықов «25» сәуір 2006 ж. Атбасар орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Т.М.Махамбетова «25» сәуір 2006 ж. Атбасар аудандық емхананың бас дәрігері С.А.Аужанова «25» сәуір 2006 ж.