Об организации и проведении очередного призыва граждан 1979 – 1988 годов рождения на срочную воинскую службу Қолданыста
Басқа 0
Кезекті әскери қызметке 1979 – 1988 жылдары туған азматтарды жедел әскери шақыруды ұйымдастырып өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес әскерге жөнелтуді және мерзімді жедел әскерге жөнелтуді және мерзімді әскери қызметке шақыру шараларын ұйымшылдықпен және сапалы өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылы көктемде мерзімдік жедел әскери қызметке Қазақстан Республикасының әскер және басқа Қарулы Күштері қатарына, шекара және ішкі әскерлеріне шақыру күніне 18-ге толған азаматтарды, мұрсаттық құқысы шектелген, сондай-ақ шақыру жасынан асқан азаматтар, шақыруға мұрсат мерзімінің аяқталғандары кезекті әскери қызметке шақырылу шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. 2006 жылдың сәуір-маусым айларында шақыру комиссиясының мәжілісі өткізілсін және медициналық куәландыру мен шақыруды өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп, әскерге жөнелтуді толықтыру мәселесі қолға алынсын.
Тармақ 3
3. Шақырушыларды дәрігерлік куәландыруды ұйымдастырып, жедел әскери міндетке шақыру туралы шешім қабылдау және шақырушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құрамаларға белгілеу, шақырудан босату мен мәулетті ұсыну үшін аудандық шақыру комиссиясының құрамы құрылсын:
Сарин Арман Кәкімұлы – Ертіс ауданының қорғаныс істері жөніндегі бһлімінің бастығы (бұдан әрі - ҚІБ), комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Воронин Александр Николаевич – аудан әкімінің орынбасары, комиссия тһрағасының орынбасары
Рспаев Ерлан Шектібайұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (бұдан әрі - АШІБ) (келісім бойынша)
Жүсіпов Хамит Мүтәләпұлы – аудандық аурухананың дәрігер-хирург, медициналық комиссияның төрағасы
Даниярова Мәдина Бәриқызы – комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Шақыру орны Ертіс ауданының ҚІБ ғимараты болып анықталсын.
Тармақ 5
5. Аудандық аурухананың бас дәрігері Махамбетов М.М. төмендегідей міндеттер жүктелсін:
Тармақша 1
1) шақырушыларды медициналық куәландыру жұмысында тәжірибесі бар дәрігер мамандар, орта медициналық қызметкерлердің қажетті саны бөлінсін;
Тармақша 2
2) шақырушылардың барлығын ҚІБ есеп айырысуы мен жоспарына сәйкес рентгенологиялық, зертханалық зерттеулермен қамтамасыз етіп, оның нәтижесін ҚІБ комиссиясына күні бұрын тапсырсын;
Тармақша 3
3) медициналық комиссиясына, медициналық және шаруашылық мүліктермен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) аз ауқыт аралығында медициналық комиссияның жолдаумен жастарды қосымша зерттеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) анықталған науқас шақырушыларды емдеу (профилактикалық емдеу) мекемелеріне тіркеу.
Тармақ 6
6. Шаруа қожалықтары басшыларының (келісім бойынша) қолдаумен ауыл және ауылдық округтердің әкімдері міндеттелсін:
Тармақша 1
1) ҚІБ көрсетілген күндері бойынша, шақыруға жарамды азаматтарға арнайы шақыру қағаздарын табыс етуін ұйымдастыру және комиссияға келуін, жөнелтуді қамтамасыз ету, демалыста және іс-сапарда комиссияға келуін, жөнелтуді қамтамасыз ету, демалыста және іс-сапарда жүрген азаматтар шақырылсын;
Тармақша 2
2) азаматтарды тасымалдау кезінде келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін қажетті шаралар қолдансын;
Тармақша 3
3) жедел әскери қызметке шақырылатын шақырушылардың салтанатты жіберулерін ұйымдастырылсын;
Тармақша 4
4) шақырушылардың шақыру комиссиясын өту үшін, шақыру учаскесіне уақытында баруын жеке бақылауға алынсын;
Тармақша 5
5) қағазында көрсетілген қажетті құжаттардың баршылық тексеруін қадағалансын;
Тармақ 7
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында, шақыру кезінде және әскерге жөнелтуін Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне, техникалық жұмыстарды жасау үшін төрт адам бөлінсін;
Тармақ 8
8. «Нұрал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Жаңсұлтанов С.Т. (келісім бойынша) шақыру учаскесінде кезекшілік кестесіне сәйкес кезекшілік етуге және шақырушыларды тасымалдауға, Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарамағына автокөлік бөлуін ұсынсын.
Тармақ 9
9. Қаржы бөлімінің (Антонюк Н.В) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 6 мамырдағы № 560 - 30С «Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының әскери басқармасы Қағидасын бекіту» қаулысының негізінде сәйкес, 2006 жылдың көктемгі шақыру шығындарына қажет қаржы аудан бюджетінен бөлінсін.
Тармақ 10
10. 2006 жылы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы күшіне енгеннен кейін берілген қаулы күшіне енеді.
Тармақ 11
11. Осы қаулы әділет органдарынан мелекеттік тіркеуден өткеннен кейін, аудандық «Ертіс нұры» және «Иртыш» газеттерінде жариялануға жатады.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Воронин А.Н. және Ертіс ауданының ҚІБ бастығы Сарин А.К. (келісім бойынша) жүктелсін.
Келісілді
Ертіс ауданының
ҚІБ бастығы А. Сарин
2006 ж. 21.03
Келісілді
Ертіс аудандық ІІБ бастығы Е. Сембин
2006 ж. 24.03