Об организации и проведении очередного призыва граждан 1979 – 1988 годов рождения на срочную воинскую службу Қолданыста
Басқа 0
Кезекті әскери қызметке 1979 - 1988 жылдары туған азаматтарға жедел әскери шақыруды ұйымдастырып өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заңына және 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 «Жедел әскери қызметтің әскери қызметкерлердің запасқа кеткендері , әскери қызметте белгіленген мерзім өтегендер мен 2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке Қазақстан Республикасынының азаматтарын кезекті шақыруды өткізу туралы» Президентінің Жарғысына сәйкес , жастарды әскерге жөнелтуді және мерзімді жедел әскери қызметке шақыру шараларын ұйымшылдықпен және сапалы өткізу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың күзінде мерзімдік жедел әскери қызметке Қазақстан Республикасының әскери және басқа Қарулы Күштері қатарына, басқа жасақтарына мен әскери құрамаларға, әскерлеріне шақыру күніне 18-ге толған азаматтарды, мұрсаттық құқысы шектелген, сондай-ақ шақыру жасынан асқан азаматтар, шақыруға мұрсат мерзімінің аяқталғандары кезекті әскери қызметке шақырулы шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. 2006 жылдың қазан-желтоқсан айларында шақыру комиссиясының мәжілісі өткізілсін және медициналық куәландыру мен шақыруды өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп, әскерге жөнелтуді толықтыру мәселесі қолға алынсын.
Тармақ 3
3. Шақырылушыларды дәрігерлік куәландыруды ұйымдастырып, жедел әскери қызметке шақыру туралы шешім қабылдау және шақырылушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы Куштері жасақтарының түрлеріне, басқа жасақтар мен әскери құрамаларға белгілеу , шақырылудан мұрсаттық құқысы шектелген және босатылуы ұсыну үшін аудандық шақыру комиссиясының құрамы құрылсын:
Сарин Арман Кәкімұлы – Ертіс ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (бұдан әрі - ҚІБ) (келісім бойынша), комиссия төрағасы
Воронин Александр Николаевич – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Рспаев Ерлан Шектібайұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (бұдан әрі - АІІБ) (келісім бойынша)
Жүсіпов Хамит Мүтәліпұлы – аудандық аурухананың дәрігер-хирург, медициналық комиссияның төрағасы
Даниярова Мәдина Бәриқызы – комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Шақыру орны Ертіс ауданының ҚІБ ғимараты болып анықталсын.
Тармақ 5
5. Аудандық аурухананың бас дәрігері М.М. Махамбетовке жүктелсін:
Тармақша 1
1) шақырылушыларды медициналық куәландыру жұмысында тәжірибесі бар дәрігер – мамандар, орта медициналық қызметкерлердің қажетті саны бөлінсін;
Тармақша 2
2) шақырылушылардың барлығын ҚІБ есеп айырысуы мен жоспарына сәйкес Рентгенологиялық және зертханалық зерттеулермен қамтамасыз етіп, оның нәтижесін ҚІБ комиссиясына күні бұрын тапсырсын;
Тармақша 3
3) медициналық комиссиясына қажеті медициналық және шаруашылық мүліктермен құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) аз уақыт аралығында медициналық комиссияның жолдаумен жастарды қосымша зерттеуді қамтамасыз ету;
Тармақ 6
6. Шаруа қожалықтары басшыларының (келісім бойынша) қолдаумен, ауыл және ауылдық округтердің әкімдеріне міндеттелсін:
Тармақша 1
1) ҚІБ көрсетілген күндері бойынша, шақыруға жарамды азаматтарға арнайы шақыру қағаздарын табыс етуін ұйымдастыру және комиссияға келуін, жөнелтуді қамтамасыз ету, демалыста және іс-сапарда жүрген азаматтар шақырылсын;
Тармақша 2
2) азаматтарды тасымалдау кезінде келеңсіз жағдайларды болырмау үшін қажетті шаралар қолдансын;
Тармақша 3
3) жедел әскери қызметке шақырылатын шақырылушылардың салтанатты жіберулерін ұйымдастырылсын;
Тармақша 4
4) запастағы әскери қызметкерлердің, сонымен қатар жедел әскери қызметке шақырылғандардың жұбайларының жұмысқа орналастыру және олардың балаларының балабақшаға орналасуына қолдау жасалсын;
Тармақша 5
5) шақырылушылардың шақыру комиссиясының өту үшін, шақыру учаскесіне уақытында баруын жеке бақылауға алынсын;
Тармақ 7
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2006 жылдың қазан-желтоқсан айларында, шақыру кезінде және әскерге жөнелтуін қорғаныс істері жөніндегі бөліміне техникалық жұмыстарды жасау үшін төрт адам бөлінсін;
Тармақ 8
8. АІІБ бастығы Б.Ж. Дүйсекеновке (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақыру учаскесінде, автостанцияда және өзге шақырылу жиындары орындарында, шақыру комиссиясын өткізу кезіңінде және әскерге жөнелтуде қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында ҚІБ сұранысы бойынша полиция жасақтары;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қолданбалы заңнамасына сәйкес, кезекті әскери қызметке шақырудан жалтарушы азаматтарды іздестерді және қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын қолдану.
Тармақ 9
9. Әскерге шақырылушыларды жөнелту кезінде, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, соғыс және еңбек ардагерлерін шақыру отырып, Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірігіп шығарып салу салтанатының жоспарын дайындасын.
Тармақ 10
10. Қаржы бөлімінің бастығы Н.В. Антонюкке Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 6 мамырдағы № 560-30 С «Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының әскери басқармасы Қағидасын бекіту» қаулысының негізіне сәйкес, 2006 жылдың күзге шақыру шағындарына қажет қаржы аудан бюджетінен бөлінсін.
Тармақ 11
11. Қаулы әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, аудандық «Ертіс нұры» және «Иртыш» газеттерінде жариялануға жатады.
Тармақ 12
12. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Н. Воронинге және Ертіс ауданының ҚІБ бастығы А.К. Саринге (келісім бойынша) жүктелсін.
Келісілді
Ертіс ауданының ҚІБ бастығы
А. Сарин
2006 ж. 21 қыркүйек
Келісілді
Ертіс АІІБ бастығы
Б. Дүйсекенов
2006 ж. 20 қыркүйек