1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың cәyip-маусым айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың cәyip-маусым айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңының 31-бабының 1 тармағының 8-тармақшысы және Қазақстан Республикасының Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Заңының 4 тарауын басшылыққа ала отырып, 2007 жылғы сәуір-маусым айларынды азаматтарды мерзімді әскери қызметке ұйымдастыруды және сапалы өткізуді қамтамасыз ету үшін Аягөз аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың сәуір-маусым айларында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы аумағында жасы 18-ге толған және 27-дейінгі белгілі бір себептермен әскер қатарына шақырылуы кейінге қалдырылған 1980-1989 жылы туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып өткізу үшін төмендегі құрамда аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:
Мұрат Асқарұлы Жақашев - Аягөз қаласының қорғаныс істер бөлімінің бастығы, аудандық шақыру комиссиясының төрағасы;
Сәуле Төлеужанқаза Жақсыбаева - Аудандық емхананың аяжаны, комиссия хатшысы.
Тармақ 2
2. Аудандық орталық ауруханасы (А. Көтельбаев):
Тармақша 1
1) әскер қатарына шақырылатын азаматтарды медициналық куәландырудан сапалы өткізу үшін 5 медициналық аяжан және төменгі құрамда маман-дәрігерлермен қамтамысыз етсін:
хирург - Ерік Мақсұтұлы Исабеков;
терапевт - Светлана Кабылахметқызы Хамитова;
фтизиатр - Дәния Абдрашқызы Салқынбаева;
қосалқы - Ғалия Нұрғалиқызы Оспанова;
рентгенолог - Мұхтар Ешкенұлы Ешкенов;
медициналық медбикелер:
- Бахыт Жұмаханова;
- Гүлмира Нүктенқызы;
- Мәрияш Шакетаева.
Тармақ 3
3. Кент, ауылдық округтері әкімдеріне, меншік нысанына қарамастан ұжым басшыларына әскерге шақырылушыларды медициналық куәландырудан және аудандық әскерге шақыру комиссиясынан өткізуге тасымалдау жүктелсін.
Тармақ 4
4. Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар басқармасы әскерге шақырылушылардың жеке іс-қағаздарын толтыру үшін Аягөз қалалық қорғаныс істер бөліміне техникалық қызметкерлер бөлу тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі саясат бөліміне әскер қатарына шақыру кезіндегі жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттау тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бықылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Әзімбаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Қаулы әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.