Ауданда 1980-1989 жылдары
туылған ер азаматтарды 2007 жылдың
сәуір-маусым және қазан-желтоқсан
айларында мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 23 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 – тармағының 8-тармақшасына сәйкес, әскерге шақырылушы ер азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту мақсатында аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ауданда 1980-1989 жылдары туылған ер азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 12.03.2007 г. № 63 (Ауданда 1980-1989 жылдары туылған ер азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)
1. Аудан аумағында тұратын шақырылу күніне дейін 18 жасқа толған 1989 жылы туылған және мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдыру құқығы жоқ, шақырылу күніне 27 жасқа толмаған 1980 жылы туылған ер азаматтар 2007 жылдың сәуір-маусым айларында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2. Аудандық шақыру әскери комиссиясы 1 - қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Махамбет селолық округі әкімі аппараты 2 - қосымшаға сәйкес Махамбет аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қарамағына техникалық қызметшілер бөлуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес селолық округ әкімдеріне Махамбет аудандық Қорғаныс әстері жөніндегі бөлімі белгілеп берген мерзімге және тізімге сәйкес әскерге шақырушыларды аудандық шақыру комиссиясынан өтулері үшін және қосымша тексеру үшін дәрігерлік мекемелерге тұрғылықты жерінен махамбет аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге және кері қарай тұрғылықты жеріне дейін тасуды жүзеге асыру міндеттелсін.
5. Махамбет аудандық емханаға (келісім бойынша):
1) 3 - қосымшаға сәйкес әскер қатарына шақырылатындардың денсаулығын тексеру үшін медициналық куәландыру комиссиясын құру, оны қажетті маман-дәрігерлермен толықтыру;
2) дәрігер-мамандарды қажетті медициналық құралдармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
3) 4,5-қосымшаларға сәйкес әскер қатарына шақырушылардың флюрографиялық байқаудан және дәрігерлік комиссиядан өткізілуін қамтамасыз ету;
4) шақырылуға жататын азаматтарды уақытында сапалы бруцелез, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (ЖҚТБ), қан,зәр құрамын анықтап белгілеу және жүректің электрокардиограммасын жазу ұсынылсын.
6. Селолық округ әкімдері тиісті әкім аппаратынан өкіл бөле отырып, шақырылған азаматтарды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнін шақыру пунктінде жеткізуді және шақырудан жалтарған азаматтарды жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері арқылы қамтамасыз етсін.
7. Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) 2007 жылғы көктемгі шақыру уақыты аралығында шақыруға келмегендерді іздестіріп жеткізу, шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шақырылғандар командасын облыс орталығына жеткізу үшін арнайы полиция қызметкерлерін бөлуді қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арыстановқа жүктелсін.
Қаулы ескертулерсіз келісілді:
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы Б. Қартқожақов
13.03.2007 ж.
Аудандық емхананың бас
дәрігері А. Жұмыров
13.03.2007 ж.
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы Р. Мырзабаев
14.03.2007 ж.
Аудандық әкімиятының
2007 жылғы «12» 03 № 63
қаулысына 1-қосымша
Ауданда 1980-1989 жылдары туылған ер азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссияның құрамы
Қартқожақов Бекболат Жұмабайұлы
-аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Құрманбаев Асқар Рахымұлы
-аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру –кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері
Амиржанов Болат Орынғалиұлы
-аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Рахметова Жанна Қамалқызы
-аудандық емхананың дәрігері, шақыру комиссиясының аға дәрігері (келісім бойынша)
Есенғалиева Ғалия Қабдрахманқызы
-аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Аудандық әкімиятының
2007 жылғы «12» 03 № 63
қаулысына 1-қосымша
1980-1989 жылдары туылған ер азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына бөлінетін техниалық қызметкерлер
Р/с
Кәсіпорын, мекемелер атауы
Саны
Уақыты
1
Махамбет селолық округі әкімі аппараты
4
20.04.2007-25.06.2007
Аудандық әкімиятының
2007 жылғы «12» 03 № 63
қаулысына 1-қосымша
1980-1989 жылғы туылған ер азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды байқаудан өткізетін дәрігерлік комиссияның құрамы:
Р/с
Мамандығы
Аты-жөні
Ескерту
1
Оташы
Тажмағамбетов Қайрат
2
Емдеу дәрігері
Рахметова Жанна
3
Құлақ-мұрын дәрігері
Мұстағалиева Анар
4
Тері аурулары дәрігері
Мырзағалиева Света
5
Тіс дәрігері
Қуанышев исабай
6
Фтизиатр
Еспосынов Жалғас
7
Рентгенолог
Адресов Самат
8
Психиатр
Тулегенова Лилия
9
Невропатолог
Тулегенова Лилия
Аудандық әкімиятының
2007 «12» 03 № 63
қаулысына 4-қосымша
1980-1989 жылғы туылған ер азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды флюрографиялық байқаудан өткізу мерзімдері
Р/с
Селолық округ атаулары
Өткен күндері
16.04.
2007
17.04.
2007
18.04.
2007
19.04.
2007
20.04.
2007
23.04.
2007
24.04.
2007
25.04.
2007
26.04.
2007
1
Махамбет
Х
2
Чкалов
Х
3
Сарайшық
Х
4
Есбол
Х
5
Сарытоғай
Х
6
Бақсай
Х
7
Жалғансай
Х
8
Алға
Х
9
Алмалы
Х
10
Ақтоғай
Х
11
Ақжайық
Х
Аудандық әкімиятының
2007 жылғы «12» 03 № 63
қаулысына 5-қосымша
1980-1989 жылғы туылған ер азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды дәрігерлік байқаудан өткізу мерзімдері
Р/с
Селолық округ атаулары
Дәрігерлік байқаудан қөту күндері
1
Махамбет
16.04
03.05
2
Сарытоғай
17.04
08.05
3
Ақтоғай
18.04
14.05
4
Чкалов
19.04
21.05
5
Сарайшық
20.04
28.05
6
Бақсай
23.04
04.06
7
Жалғансай
24.04
11.06
8
Алға
25.04
18.06
9
Алмалы
26.04.2007
10
Ақжайық
27.04.2007
11
Есбол
30.04.2007