1980 - 1989 жылдары туған азаматтарды
2007 жылғы көктемде, күзде мерзімді әскери
қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8-шілдедегі № 74-111 Заңының 19,20- баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23- қаңтардағы № 148 -II Заңының 31- бабы 1-тармағының 8-тармақшасын басшылыққа ала отырып, 2007 жылғы көктемде (сәуір, мамыр, маусым), күзде (қыркүйек, қазан, желтоқсан) азаматтарды мерзімді әскери қызметке дер кезінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1980 - 1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы көктемде, күзде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 29.03.2007 г. № 15 (1980 - 1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы көктемде, күзде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)
1. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
1. Марат Даулетханұлы Шұрбанов - Күршім аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
2. Руслан Женгенович Жанбакиров - ішкі саясат бөлімінің бас маманы,
комиссия төрағасының орынбасары;
3. Фарида Жумагожановна Рахимова - "Күршім орталық аудандық
аурухана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша);
Комиссия мүшелері:
Ерасыл Сағиұлы
- Күршім аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша);
Жанат Қапасқызы Әмренова - «Күршім орталық аудандық аурухана»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының поликлиника меңгерушісі (келісімі бойынша).
2. Ауылдық округ әкімдеріне әскер қатарына шақырылушылардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ұйымдасқан түрде келуін камтамасыз ету, осы мақсатқа көлік бөліп, салтанатты түрде әскер қатарына шығарып салуды ұйымдастыру, олардың жанұяларын
қамқорлыққа алу тапсырылсын.
З. Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (Е.Н.Жангүдеев) әскерге шақырылғандарды салтанатты түрде әскер қатарына шығарып салуды ұйымдастыру және аудандағы көктемгі, күзгі мерзімді әскери қызметке шақырылудың орындалу барысын бақылауда ұстасын.
4. Мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды дәрігерлік куәләндіру үшін «Күршім орталық аудандық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына (Ф.О.Игісінов, келісімі бойынша), "Теректі ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының бас дәрігеріне (М.Б.Блейменов, келісімі бойынша):
1) медициналык комиссияны тәжірибиелі дәрігер-мамандармен: хирург, терапевт, дерматолог, невропотолог, психиатр, отолоринголог, көз дәрігері және орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету;
2) медициналық комиссияның жұмысы барысында дәрігерлерді алмастыруға жол бермеу;
3) әскерге шақырылушыларды флюрографиялық тексеруден, қан, зәр құрамын, бруцеллезге адамның иммунитет тапшылығы вирусының анализдерін алу және жүректің электрокардиограммасын түсірумен қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Күршім аудандық ішкі істер бөлімінен (И.A. Әбиханов, келісімі бойынша) Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери кызмет туралы» Заңына сәйкес әскерге шақырудан жалтарып жүрген шакырушыларды іздестіру және шақыру учаскелеріне жеткізу, Күршім аудандык қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде, Күршім орталық аудандық, Теректі аудандық ауруханаларында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция жасағын кестеге сай бөлуді ұйымдастыру ұсынылсын.
6. Аудандық қаржы бөліміне (Р.В. Загарулько) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруға байланысты шараларды бекітілген аудандық бюджет есебінен қаржыландыру тапсырылсын.
7. Күршім ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 10-мамырдағы "1979-1988 жылы туған азаматтарды 2006 жылғы көктемде, күзде мерзімді әскери кызметке шақыруды өткізу туралы" (Күршім ауданының Әділет
баскармасында 2006 жылдың 17 -мамырында тіркелген, № 5-14-32,
аудандық "Рауан" газетінің 2006-жылгы 3-маусымдағы 22-санында жарияланған) № 1632 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Қалеловқа жүктелсін.
9. Қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енеді.
10. Қаулы Әділет органдарында тіркеуден өткізілсін.