О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан 1980-1989 годов рождений весной и осенью 2007 года Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылдың көктемі мен күзінде 1980-1989 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ Заңының 19, 23 баптарына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бап 1-тармақ 8) тармақшасына сәйкес, 2007 жылдың көктемі (сәуір-маусым) мен күзінде (қазан-желтоқсан) шұғыл әскери қызметке шақыруды сапалы және дер кезінде өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында, Глубокое аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың көктемі (сәуір-маусым) мен күзіндегі (қазан-желтоқсан) шұғыл әскери қызметке шақыру Глубокое аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде өткізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы келесі құрамда құрылсын:
Сарсенбин Талғат Маратұлы - Глубокое ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник, аудандық комиссиясының төрағасы;
Пекур Мария Яковлевна - Глубокое ауданы әкімінің орынбасары, аудандық әскерге шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Иванов Марклен Жангазинович - Глубокое аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі;
Пахотина Светлана Ивановна - аудандық орталық аурухананың жасөспірімдер дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы.
Спиридонова Любовь Петровна - жасөспірімдер кабинетінің медбикесі, медициналық комиссия хатшысы.
Тармақ 3
3. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері шақыру пунктіне азаматтардың қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының бұйрығында көрсетілген мерзімде немесе жеке шақыру қағазында көрсетілген уақытында әскери санақ инспекторы мен учаскелік инспектордың жетекшілік етуімен ұйымдасқан түрде жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Глубокое аудандық орталық аурухананың бас дәрігері М.С. Ластаевқа ( келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақыру комиссиясының жұмысын, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың сапалы тексерілуін, әскерге шақырылушылардың кезектен тыс өтуін, емделуін, тексерілуін бақылауға алсын;
Тармақша 2
2) медициналық әскерге шақыру комиссиясын маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен толықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге аттандыру күні соңғы тексеруден өткізуге кезекші дәрігер етіп Пахотина С.И. тағайындалсын.
Тармақ 6
6. «Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі» ММ бастығы С.Қ. Имамбаев қамтамасыз етсін (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери қызметтен бас тартқан азаматтарды іздестіру мен шақыру пунктіне жеткізуді;
Тармақша 2
2) азаматтарды әскерге шақыру мен әскерге аттандыру кезеңінде шақыру пунктінде тәртіп сақтау шараларын;
Тармақ 7
7. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Т.М. Сарсенбин (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақыру комиссиясының әскерге шақыру жұмысын жүргізу кезеңінде тәртіп пен ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету үшін шакыру учаскесінің коменданты запастағы офицерлер қатарынан тартылсын.
Тармақша 2
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлім жанынан қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының бұйрығымен бекітілген шақыру мен аттандыруды, шақырылушылардың дер кезінде келуін бақылауды қамтамасыз ететін бақылау мен іздестіру тобы келесі құрамда құрылсын:
қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 2-бөлімше бастығы, аудандық ішкі істер бөлімінің өкілі, келмеген әскерге шақырылушы тұратын аумақтың ауылдық округтің немесе кенттің әскери санақ үстелінің инспекторы.
Тармақ 8
8. 1980-1989 жылдары туған азаматтардың медициналық комиссияға келу кестесі бекітілсін.
Тармақ 9
9. «Глубокое аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Ф.И. Сатаеваның әскерге шақырылған жастармен әскерге шақырылу барысында тәрбиелік шаралардың ұйымдастырылуына және өткізілуіне белсенді қатысып, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. «Глубокое аудандық білім беру бөлімі» ММ басшысы М.Ж. Асамбаев, «Мәдениет және тілдерді дамыту» ММ басшысы Б.Н. Кенчимбаев және «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы А.И. Павлов әскерге шақырылушыларды жөнелту барысында көркем өнерпаздар ұжымының өнер көрсетуін ұйымдастырсын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне жіберілетін әскерге шакырылушылардың дене жаттығуы дайындықтарын тексерсін.
Тармақ 11
11. «Глубокое ауданының қаржы бөлімі» ММ басшысы Карибаев Қ.С. қаржыландыруды 2007 жылдың аудан бюджетінде қарастырылған көлемде жүзеге асырылсын.
Тармақ 12
12. «1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде, күзінде шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Глубокое аудандық әкімдіктің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 1619 қаулысымын (аудандық «Огни Приртышья» газетінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 20 санында жарияланған, тіркеу № 5-9-34 2006 жылдың 19 мамыры) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Я. Пекурге жүктелсін.
Тармақ 14
14. Осы қаулы Глубокое аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуге алынған кезден бастап өз күшіне енеді.
КЕЛІСІЛГЕН:
Глубокое ауданы қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы Т. Сәрсенбин
Глубокое ішкі істер бөлімінің
бастығы С. Имамбаев
Глубокое аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері М. Ластаев
Глубокое аудандық қаржы
бөлімінің меңгерушісі К. Карибаев
Басқа 22. 1980-1989 жылдары туған азаматтардың 2007 жылдың көктемінде медициналық комиссиядан өту
Глубокое аудандық
әкімдігінің 2007 жылғы
15 наурыз № 17 қаулысымен бекітілген
1980-1989 жылдары туған азаматтардың 2007 жылдың көктемінде медициналық комиссиядан өту
КЕСТЕСІ
№
Әкімдіктер атауы
26.03.07
27.03.07
28.03.07
29.03.07
30.03.07
02.04.07
03.04.07
04.04.07
1
Алтайский
13
13
2
Белоусовка
54
54
3
Белокаменка
8
8
4
Бобровка
12
12
5
Ушанов
22
22
6
Веселов
7
7
7
Верхнеберезовка
7
7
8
Глубокое
88
15
20
30
10
13
9
Калинин
6
6
10
Киров
36
36
11
Кожохово
18
18
12
Краснояр
33
33
13
Куйбышев
6
6
14
Малоубинка
7
7
15
Опытноеполе
33
33
316
Секисовка
11
11
17
Фрунзе
19
19
18
Черемшанка
12
12
БАРЛЫҒЫ
392
42
54
46
48
49
44
40
69
Глубокое ауданы қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Т. Сәрсенбин