О проведении призыва граждан 1980-1989 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Қолданыста
Басқа 0
1980-1989 жылдары туған бозбалаларды 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19-23, 44-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарағанды облысы Teміртay қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) 2007 жылдың сәуір-
маусымы мен қазан-желтоқсанында Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұратын он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ еркек жынысты азаматтарын мерзімді әскери қызметке шакыруды жүргізсін.
Тармақ 2
2. Шақыруды жүргізу кезінде 1-қосымшаға сәйкес құрамда шакыру
комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясының жұмысы 2007 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында жүргізсін.
Тармақ 4
4. «Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік
мекемесінің Теміртау аймақтық өкілдігі (келісім бойынша) мерзімді әскери
қызметке шақырылатын азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін:
Тармақша 1
1) «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
медициналық мекемелер және кэс1порындармен жасаган медициналык
қызметті төлеу жөніндегі келісімшарттарына байланысты медициналық
шақыру- комиссиясын жүргізу үшін 2007 жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында есепке сәйкес дәрігер-мамандар мен орта медициналық
персонал бөлсін (2-қосымша);
Тармақша 2
2) «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өтініміне сәйкес медициналық комиссияны қажетті құрал-сайманмен, дәрі-дәрмектермен және мүліктермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) шақыру комиссиясы жіберген әскер қатарына шақырылатындарды
кезексіз тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін (кеуде клеткаларына флюрография, жүрекке электрокардиограмма, зәр, қан анализдері, тағы баскалары).
Тармақ 5
5. Ұйымдардың басшыларына шақырылуға жататын азаматтарды
іссапарлардан (демалыстардан) шақырып алу, олардың хабардар етілуін және
шақыру учаскесіне уақытылы келіп жетуін ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлiмi» мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды жүргізу кезеңіне 2007 жылдың
сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақыруға
жататын 1980-1989 жылдары туған азаматтарға хабар беру үшін «Қарағанды
облысы Теміртау қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 30 техникалық жұмысшы бөлсін.
Тармақ 7
7. «Қарағанды облысы iшкi icтep департаментінің Теміртау қаласының
iшкi icтep басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге
шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, әскерге шақырылушылардың
әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кeтyi кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын
қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық
қызметкерлердің, сондай-ақ шақыру учаскесінде қызмет көрсетуге бөлінген
персоналдың осы Міндеттері атқару уақытында жұмыс орны, кызметі және
жалақысы сақталынады.
Тармақ 9
9. «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әскери
қызметке шақыруды жүргізу шараларын жергілікті бюджет қаражаты есебінен
қаржыландырсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары
Татьяна Михайловна Куриннаяға және «Қарағанды облысы Теміртау
қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
бастығы полковник Бақыт Құдайбергенұлы Әбдібаевқа жүктелсін.
Тармақ 11
11. Қаулының орындалуы туралы ақпарат 2007 жылғы 5 шілдеде және
2008 жылғы 5 каңтарда берілсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік
күн өткеннен соң қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ
«Қарағанды облысы Теміртау қаласының
қорғаныс icтepi жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесі бастығы
________________ Б.Әбдібаев
«19» наурыз 2007 ж.
КЕЛІСІЛДІ
«Қарағанды облысы ішкі істер депатаментінің
Теміртау қаласының ішкі істер басқармасы»
мемлекеттік мекемесі бастығы
________________ М.Жаппаров
«20» наурыз 2007 ж.
КЕЛІСІЛДІ
«Қарағанды облысы денсаулық сақтау
Департаменті мемлекеттік мекемесінің
Теміртау аймақтық өкілдік бөлімінің бастығы»
________________ С.Кенжебаев
«20» наурыз 2007 ж.
Басқа 16
Теміртау қаласы әкімдігінің
«21» наурыздағы 2007 жылғы
№ 3/181 қаулысына
1-қосымша
Шақыру комиссиясының құрамы
Бакыт Құдайбергенұлы Әбдібаев «Қарағанды облысы Теміртау
қаласының қорғаныс icтepi
жөніндегі басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы,
полковник, комиссия төрағасы
Захида Бамат-Гиреевна Парижева «Теміртау қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
әлеуметтік бағдарламалар мен
жұмыспен қамту мониторингі
бөлімінің бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Төлеутай Дәрменұлы Кенжекеев «Қарағанды облысы iшкi icтep
департаментінің Teмipтay қаласының
iшкi icтep басқармасы» мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары,
полиция подполковнигі
Таисия Николаевна Петрухина «№2 Емхана» коммуналдық
мемлекеттiк қазыналық
кәсіпорынның дәрігер-терапевті,
медициналық комиссияның төрағасы
Юлия Владимировна Заверуха «№2 Емхана» коммуналдық
мемлекеттiк қазыналық кәсіпорынның
медбикесі, комиссия хатшысы
📌 Ескерту.
«Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы полковник Бақыт Құдайбергенұлы Әбдібаевтың болмаған кезінде шақыру комиссиясының төрағасы міндетін атқару бipiншi бөлімшенін бастығы, «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығынын орынбасары Талғат Болатұлы Орманбетовке жүктелсін.
Басқа 17
Теміртау қаласы әкімдігінің
«21» наурыздағы 2007 жылғы
№ 3/181 қаулысына
2-қосымша
Медициналық шақыру комиссиясын жүргізу үшін бөлінетін дәрігер-мамандар мен орта медициналық персоналдардың есебі
Медициналық мекеменің атауы
Медициналық қызметкелердің мамандығы
Медициналық қызметкелердің саны
"№ 2 Емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Окулист
1
Отоларинголог
1
Терапевт
1
Медбике
3
"№ 3 қалалық аурухана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Хирург
1
"Жұқпалы аурулар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Медбике
1
Қарағанды облысы әкім жанындағы "Теміртау қаласының тері-жұқпалы аурулар диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Дерматовенеролог
1
"Психиатриялық диспансер" мемлекеттік мекемесі
Психиатр
1
Медбике
1
"№ 1 Емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Невропотолог
1
Медбике
1
"Ботан" мемлекеттік емес мекеме
Стоматолог
1