Қолданыстағы ред. 20.04.2007

1980 - 1989 жылдары туылған азаматтарды 2007 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 20.04.2007 г. № 08/16 (1980 - 1989 жылдары туылған азаматтарды 2007 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)

0

1980 - 1989 жылдары туылған
азаматтарды 2007 жылғы көктемгі
және күзгі жедел әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18, 19, 20, 44 баптарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» (әрі қарай Заң) Заңдарына сәйкес және азаматтарды 2007 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, уақытылы және сапалы өткізу мақсатында Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 1980-1989 жылдары туылған азаматтарды 2007 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыру үшін Заңның-17 бабының 5-тармағына сәйкес №1 қосымшада көрсетілгендей құрамда аудандық әскерге шақыру комиссиясы қурылсын.

2

2. Аудан бойынша кент, селолық округтерінің әкімдері мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының басшылары және меншік түріне қарамастан ұжым басшылары әскерге шақыру комиссияларының жұмысын, 2007 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруға жататын 1980-1989 жылдары туылған барлық азаматгардың әскерге шақыру пунктіне ұйымшылдықпен келуін 2007 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында қамтамасыз етсін. Көктемгі және күзгі 2007 жылғы жедел әскери қызметке шақыруга жататын іс-сапарда және кезекті демалыста жүрген 1980-1989 жылдары туылған барлық азаматгарды Заңның 19 бабына сәйкес іс-сапардан және кезекті демалыстан шақырып алуға, оларды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру жиын пунктіне уақытылы келуін қамтамасыз етсін.

3

3. 1980-1989 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында жедел әскери қызметке шақыруға байланысты Заңның 44 бабының 1 тармағына сәйкес төмендегі іс-шаралар іске асырылып қамтамасыз етілсін:

1

1) Ауданның кент, селолық округтерінің әкімдері жедел әскери қызметке шақырылған 1980-1989 жылдары туылған барлық азаматтарды 2007 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Балқаш қаласының істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің тізімдегі және кезекті кестесі бойынша дәрігерлік куәләндіру және оларды:
мекен жайынан Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің жедел әскери шақыру комиссиясына дейін және кері қарай;
мекен жайынан Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жедел әскери шақыру комиссиясына дейін және кері қарай;
мекен жайынан Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктіне дейін жедел әскерге аттандыру үшін жеткізіп салу жұмыстарын ұйымдастырсын.

2

2) Әскерге шақыру пункті үшін қызмет ғимараты мен орны (қажетті жағдайда оларды жөндеу) коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету (электр жарығы, сумен қамтамасыз ету, жылу беру, тазарту т.б) жиһаз, кеңсе құралдарымен, байланыс құралдары және кезекші автокөлікпен;

3

3) Балқаш қаласының қалалық мамандандырылған №1 поликлиникасы (Ж.Бекдайыров-келісім бойынша) қалалық дәрігерлік шақыру комиссияларын дәрігер мамандармен және орта медбибілердің құрамын №2 қосымшада көрсетілген құрамда жасақтасын.

4

4) Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А. Түсіпбеков) 2007 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу мерзіміне, яғни 2007 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларына дейін ақы төленетін қоғамдық жұмысқа тіркелген жұмыссыздар есебінен Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру пунктіне 3 адамды техникалық қызмет көрсету үшін бөлсін.

4

4. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (А. Зейнелгабдин) Заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес 1980-1989 жылдары туылған азаматтарды 2007 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруға, өткізуге байланысты әскери міндеттілікті орындауды қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін шараларды 2007 жылғы аудандық бюджетте көзделген қаржылар шегінде қаржыландырсын.

5

5. Ауданның ішкі істер бөлімі (Қ.Е. Жанпейісов - келісім бойынша) Заңның 18 бабының 3-тармағына және 44-бабының 2-тармағына сәйкес жалтарып жүрген жедел әскерге шақырылушыларды іздестіру және ұстауды жүзеге асырсын, оларды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің жиын пунктіне апару кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.

6

6. Ауданның барлық мекеме, кәсіпорын, оқу орындары басшыларына, меншік түріне қарамастан кәсіпкерлер, басқа ұжым, қоғам басшыларына және кент, селолық округтердің әкімдеріне Заңның 18, 19, 44 бабтарына сәйкес 2007 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізудің маңыздылығы ескертілсін.

7

7. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (Б.А. Бекмагамбетов - келісім бойынша) 2009 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткені жөніндегі қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2007 жылдың 15 шілдесі және 25 желтоқсанына ұсынсын.

8

8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Әбеуоваға жүктелсін.

9

9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Балқаш қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы
Б.А. Бекмағамбетов
20.04.2007 ж.
КЕЛІСІЛДІ
Балқаш қаласының маманданырылған
№1 поликлиникасының бас дәрігері
Ж. Бекдайыров
20.04.2007 ж.
КЕЛІСІЛДІ
Ақтоғай ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы
К.Е. Жанпейісов
20.04.2007 ж.

14. «1980 - 1989 жылдары туылған азаматтарды 2007 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыру турады» құрылған аудандық комиссия құрамы:

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 20 сәуіріндегі
№ 08/16 қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
«1980 - 1989 жылдары туылған азаматтарды 2007 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыру турады» құрылған аудандық комиссия құрамы:
Бекмагамбетов Болат
Абдикешович
- комиссия төрағасы,
Балқаш қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы;
Әбеуова Салтанат
Мірәсілқызы
- комиссия төрағасының орынбасары,
Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Нөкербеков Кенарал
Кеңесбаевич
- Ақтоғай ауданы ішкі істер
бөлімі бастығының орынбасары;
Айтқұлов Ерлан
Серікұлы
- Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру және
шартты әскери қызмет бөлім бастығы;
Голайенко Валентина - Балқаш қаласының қалалық
мамандандырылған №1 поликлиникасының
терапевт дәрігері, дәрігерлік комиссияның
төрайымы;
Дүйшеева Жазгүл - комиссия хатшысы;

15. 2007 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақырылатын 1980 - 1989 жылдары туылған азаматтарды әскерге жарамды - жарамсыздығын куәландыруға арналған қалалық дәрігерлік комиссия құрамы:

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 20 сәуіріндегі
№ 08/16 қаулысымен бекітілген
№ 2 қосымша
2007 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақырылатын 1980 - 1989 жылдары туылған азаматтарды әскерге жарамды - жарамсыздығын куәландыруға арналған қалалық дәрігерлік комиссия құрамы:
Голайенко Валентина - Балқаш қаласының қалалық
мамандандырылған №1 поликлиникасының
терапевт дәрігері,
дәрігерлік комиссия төрайымы;
Водинский Георгий
Леонидович
- дәрігер хирург,
Ушакова Валентина
Сергеевна
- дәрігер терапевт,
Броневицкая Лидия
Степановна
- дәрігер неврапотолог,
Бурбель Евгений
Александрович
- дәрігер психиатр,
Табиев Әнуарбек
Шынарбекұлы
- дәрігер стоматолог,
Серікова Дария
Қапашқызы
- дәрігер отоларинголог,
Дакенова Камшат
Жаксылықовна
- дәрігер венеролог,
Елубаева Надежда
Жумахметовна
- дәрігер окулист,
Болганбаева Татьяна
Тусипхановна
- дәрігер фтизиатр,
Дүйшеева Жазгүл - комиссия хатшысы