«О проведении очередного призыва граждан 1980-1989 годов рождения на воинскую службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан в апреле - июне 2007 года» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2007 жылдың сәуір - маусым айларында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне кезекті әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуіріндегі №318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31,37 баптарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық шақыру комиссиясы және оның қосалқы құрамы №1 қосымшаға сәйкес қурылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауыл және ауылдық округ әкімдері шақырылушылардың аудандық шақыру және дәрігерлік комиссияға уакытында келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Жақсы аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесіне:
Тармақша 1
1) аудандық дәрігерлік комиссияны білікті дәрігер мамандармен, орташа дәрігерлік қызметшілермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) емделу мекемелерінде шақырылғандардың денсаулығын кезектен тыс және тұрақты емдеу үшін қажетті емделу орындарын бөлсін;
Тармақша 3
3) аудандық медициналық комиссияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде медициналық тексеруден өткізу Ережесін енгізу туралы» бірлескен Бұйрығының №7 қосымшасына сәйкес қажетті медициналық және шаруашылық құрал - жабдықтармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөліміне:
Тармақша 1
1) Жақсы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесе отырып, әскерге шақыру бөлімдерінде және аттандыру станциясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушылардың анықтау және алдын-ала тергеуде болғаны жайында уақытында хабарлау;
Тармақша 3
3) әскери міндетін өтеуден бас тартушыларды іздестіру, ұстау ұсынылсын;
Тармақ 6
6. «Жақсы аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жақсы аудандық корғаныс істері жөніндегі бөлімнің өтінімі бойынша аудандық бюджетте қаралған қаржыдан шақыру көлеміндегі қажетті қаржыландыруды уақытында қамтамасыз етсін;
Тармақ 7
7. Меншік түріне қарамастан, барлық ұйым басшылары әскерге шақырушыларды іссапардан (демалыстарынан) щақырту, оларға хабар жіберіп және шақыру учаскелеріне уақытында келуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Б.Мұғаловаға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Жақсы аудандык әділет Басқармасында тіркелген күннен кейін күшіне және қолданысқа енгізіледі, жарияланады.
Басқа 16. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Жақсы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «19» 04 № А-6/100 қаулысына 1 қосымша Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Мельников Николай Ильич - Жақсы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Копеева Жанна Ерғазықызы - аудан әкімі аппараты әкімшілік-құқықтық бөлімінің жетекші маманы Ахметов Қуанышбай Мұратұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Әбілдаева Гүлжан Тарғынқызы - аудандық емхананың хирург дәрігері, аудандық медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) Титова Екатерина Николаевна - аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 17. 2007 жылдың көктемінде азаматтарды әскерге шақыруды ұйымдастыру мен өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясының КЕСТЕСІ
Жақсы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «19» 04 № А-6/100 қаулысына 2 қосымша 2007 жылдың көктемінде азаматтарды әскерге шақыруды ұйымдастыру мен өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясының КЕСТЕСІ № Ауыл және ауылдық округтердің атаулары Комиссияның жұмыс күңдері 1 Белағаш ауылы 2 Беловод а/о 3 Есіл а/о 4 Жақсы ауылы 5 Жаңақима а/о 6 Запорожье а/о 7 Ешім а/о 8 Қайрақты а/о 9 Калинин а/о 10 Қызылсай а/о 11 Киев а/о 12 Новокиенка а/о 13 Подгорное ауылы 14 Тарас а/о 15 Терісаққан а/о 16 Чапай ауылы Қорытынды