О проведении призыва граждан 1980-1989 годов рождения на срочную военную службу весной и осенью 2007 года в Вооруженные Силы Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың көктемі мен күзінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 баптың 1 тармағының 8 тармақшасын басшылыққа алып Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін, 2007 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін кейінге қалдыруға құқығы жоқ 1980-1989 жылдары туған азаматтарды, бірінші кезекте кейінге қалдыруға құқығын жоғалтқан, жасы үлкен шақырылушылардың шақыруы өткізілсін. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қатаң сәйкестікте берілсін.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың жетекшілеріне, Саяқ, Гүлшат, Қоңырат кенттерінің әкімдеріне әскерге шақырушыларды тұрғылықты жерінен Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне темір жол немесе жолаушы көлігімен участкелік полиция инспекторы және әкімият өкілімен бірге әкелуін қамтамасыз етуді және Саяқ станциясынан Балқаш сатнциясына, Балқаш станциясынан Саяқ станциясына, Гүлшат кентінен Балқаш қаласына, Балқаш қаласынан Гүлшат кентіне, Қоңырат кентінен Балқаш қаласына, Балқаш қаласының Қоңырат кентіне дейін жол төлемақысын қамтамасыз етуді ұйымдастыруды.
Тармақ 3
3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін мына құрамда қалалық шақыру комиссиясы құрылсын: Бекмағамбетов Болат Абдикешұлы комиссия төрағасы, Балқаш қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы Төлеуова Айнұр Мухаметкалиевқызы комиссия төрағасының орынбасары, Балқаш қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ Боровицкий Станислав Дмитриевич қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Бижанов Қайрат Бокентай ұлы медицина комиссиясының төрағасы Дуйшеева Жазгүл Кәнібекқызы комиссия хатшысы, «Балқаш қаласының № 1қалалық емханасы» КМҚК медбикесі
Тармақ 4
4. Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаменті Балқаш аумақтық өкілеттілігіне (М.О. Жанов) (келісім бойынша) шақырылушыларды сапалы куәландыру мақсатында:
Тармақша 1
1) медициналық комиссия құрамына жоғары білікті дәрігер мамандар мен орта медициналық қызметкерлер (қосымша сәйкес) бөлінсін (Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі «Балқаш қаласының № 1 қалалық емханасы» КМҚК арасында жасалған шарт бойынша);
Тармақша 2
2) шақыру мерзіміне рентгенкабинеттер мен флюрографиялық қондырғылардың үздіксіз жұмысын ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) медициналық комиссия бағыттаған әскерге шақырылушалырды стационар жағдайында емдеу, сауықтыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде қалалық шақыру комиссиясының, жұмысын қамтамасыз ету үшін: Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Қ. Адамова) 2007 жылғы 1 сәуірден 30 маусым және 2007 жылдың 1 қазаннан 31 желтоқсан аралығында Балқаш қаласының қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің берілген өтінішіне сәйкес жұмыссыздар қатарынан техникалық жұмыскерлердің қажетті санын бөлсін.
Тармақ 6
6. Қалалық ішкі істер бөлімі (Е.М.Киякин) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушы жастар арасында профилактикалық жұмыс жүргізу белсенділігін арттырсын;
Тармақша 2
2) әскери шақырудың барлық кезеңінде Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөліміне шақыру пунктінде, теміржол және автомобиль отырғызу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауға пәрменді көмек көрсету;
Тармақша 3
3) Балқаш станциясынан Қарағанды қаласының облыстық жинау пунктіне дейін шығарып салу ұшін әр жіберілген командаға бір полиция қызметкерін бөлу;
Тармақша 4
4) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздеуді, жеткізуді қажетті жағдайда ұстауды ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Балқаш қаласының қаржы бөлімі (Ж.К. Томпиева) жалпыға бірдей әскерге шақыру іс шарасын орындауға байланысты, шығындарғы қажетті қаражат бөлсін.
Тармақ 8
8. Балқаш қаласы әкімдігіінің 2006 жылғы 24 наурыздағы № 15/02 «1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемі мен күзінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Балқаш қаласы қорғаныс істер жөніндегі біріккен бөлімі (Б.А. Бекмағанбетов) (келісім бойынша) 2007 жылғы 10 маусымда көктемгі, 2008 жылғы 10 қантарға күзгі әскерге шақыру нәтижелері жөнінде қала әкіміне ақпарат берсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Л.М.Түкбаеваға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбеліқ он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерішесі 26. 03. 2007 жыл _____________________ Қ. Адамова Балқаш қалалық қорғаныс істер жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы 26. 03. 2007 жыл ______________________Б. Бекмағамбетов Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаментінің Балқаш аумақтық бөлімінің өкілеттілігінің бастығы 26. 03. 2007 жыл ______________ М. Жанов Балқаш қаласынын ішкі істер бөлімінің бастығы 26. 03. 2007 жыл _________________Е. Киякин Балқаш қаласынын қаржы бөлімінің меңгерушісі 26. 03. 2007 жыл _______________Ж. Томпиева
Басқа 19. 1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу медициналық комиссиясының ҚҰРАМЫ
Балқаш қаласы әкімдігінің 29 наурыз 2007 жылғы № 12/53 қаулысына қосымша 1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу медициналық комиссиясының ҚҰРАМЫ Рет № Дәрігер-мамандар Негізгі құрамы Резервтік құрамы 1 Медициналық комиссия төрағасы Бөкетай улы Қайрат Бижанов 2 Комиссия хатшысы Жазгүл каныбекқызы Дүйшеева 3 Хирург Леонид Георгиевич Водинский Рашида Куатбекқызы Ибраева 4 Терапевт Валентина Сергеевна Ушакова Мағмраш Қожкенқызы Тоғызбаева 5 Офтальмолог Елубаева Надежда Жумахмеовна Сәуле Харатқызы Тілеубекова 6 Отоларинголог Дәрия Қақашқызы Серікова 7 Невропотолог Лидия Степановна Бронивицкая Әлия Қажымұратқызы Молдабаева 8 Психиатр Евгений Александрович Бурбель Жанна Рамазанқызы Алғожина 9 Тіс дәрігері Әнуарбек Шынарбекұлы Табиев 10 Дерматолог Саят Махметович Махметов Нариман Каукенұлы Қасымов 11 Фтизиатр Татьяна Түсіпханқызы Болғамбаева 12 Рентгенолог Валентина Викторовна Голоненко 13 Медбике Зәмзәгүл Мұстафина Құралай Оспанқызы Әлімжанова 14 Медбике Бақыт Мухамеджанқызы Терлібаева 15 Медбике Светлана Николаевна Холоденко Наталья Петровна Ли 16 Антропометрия Медбике Күлғайша Жаңабайқызы Жексембина 17 Лаборант Сәулет Орынбекқызы Серәкова Айгүл Сергейқызы Кондратова