1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы көктемде, күзде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы көктемде, күзде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17- сәуірдегі, белгіленген әскери қызмет мерзімі өткерген мерзімді әскери қызметтен қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарың 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы № 318 Жарлығына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 - қаңтардағы № 148 -II Заңының 37- бабының 8- тармығының негізінде, 2007 жылғы көктемде (сәуір-маусым), кузде (қазан-желтоқсан) азаматтарды мерзімді әскери қызметке дер кезінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
Тармақ 1
1. Марат Даулетханұлы Шұрбанов – Күршім аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)
Тармақ 2
2. Руслан Женгенович Жанбакиров – Ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Тармақ 3
3. Фарида Жумагалиевна Рахиева – «Күршім орталық аудандық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)
Комиссия мүшелері:
Тармақ 4
4. Ерасыл Сағиұлы – Күршім аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша)
Тармақ 5
5. Жанат Қапасқызы Әмренова – «Күршім орталық аудандық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның меңгерушісі (келісімі бойынша)
Тармақ 2
2. Ауылдық округ әкімдеріне әскер қатарына шақырылушылардың аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімше ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету, осы мақсатқа көлік бөліп, салтанатты турде әскер қатарына шығарып салуды ұйымдастыру, олардың жанұяларын қамқорлыққа алу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (Е.Н.Жангудеев) әскерге шақырылғандарды салтанатты турде әскер қатарына шығарып салуды ұйымдастыру және аудандағы көктем, күзгі мерзімді әскери қызметке шақырылудың орындалу барысын бақылауда ұстасын.
Тармақ 4
4. Мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды дәрігерлік куәләндіру үшін «Күршім орталық аудандық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына (Ф.Ә. Игісінов, келісімі бойынша), «Теректі ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының бас дәрігеріне (М.Б.Блейменов, келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) медициналық комиссияны тәжірибиелі дәрігер-мамандармен: хирург, терапевт, дерматолог, невропотолог, психиатр, отолоринголог, көз дәрігеpi және орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) медициналық комиссияның жұмысы барысында дәрігерлерді алмастыруға жол бермеу;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды флюрографиялық тексеруден, қан, зәр құрамын, бруцеллезге адамның иммунитет тапшылығы вирусының анализдерін алу және журектің электрокардиограммасын тусіріумен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Күршім аудандық ішкі істер бөліміне (Қ.Т. Бекпау, келісімі бойынша) Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес әскерге шақырудан жалтарып жүрген шақырушыларды іздестіру және шақыру учаскелеріне жеткізу, Күршім аудандық қорғаныс істер басқармасына жөніндегі бөлімінде, Күршім орталық аудандық, Теректі аудандық ауруханаларында қоғамдық тәртіп қамтамасыз ету үшін полиция жасағын кестеге сай бөлуді ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөліміне (Р.В. Загарулько) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруға байланысты шараларды бекітілген аудандық бюджет есебінен қаржыландыру тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Куршім ауданы әкімдінің 2007 жылғы 29 наурыздағы „1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылғы көктемде, кузде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы“ (Куршім ауданының Әділет басқармасында 2007 жылдың 06-сәуірінде тіркелген, № 5-14-46, аудандық „Рауан“ газетінің 2007 жылғы 21 сәуірде 16-санында жарияланған) № 15 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімдігінің орынбасары М.Ж. Қалеловка жуктелсін.
Тармақ 7
7. Қаулы ресми жарияланған куннен бастап қолданысқа енеді.