1980-1989 жылы туылған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 заңының 31 бабы тармағы 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” № 74 Заңының 18,19, 44 баптарына, «Белгілеген әскери қызмет мерзімін атқарған және мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы 7 сәуірдегі № 318 Жарлығына сәйкес Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1980-1989 жылы туылған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 26.04.2007 г. № 2818 (1980-1989 жылы туылған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының, Большенарым ауылы № 38 үйде 1980-1989 жылы туылған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоксан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2. Катонқарағай ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері (келісім бойынша):
1) ауданның стационарлық емдеу мекемелерінде шақыру комиссиясының шешімімен жіберілген әскерге шақырылушылардың денсаулығын қосымша тексеру үшін резервте ұстау ұйымдастырылсын;
2) қосымша тексерулерді шақыру комиссиясы бекіткен мерзімде жүргізуді ұйымдастыру тапсырылсын;
3) 2007 жылғы сәуір, қазан айында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің есебі мен жоспарына сай, барлық әскерге шақырылғандарға емдеу мекемелері арқылы медициналық тексеру жүргізу, электрокардиограммаға, флюрографияға түсіруді қамтамасыз ету жүктелсін;
4) мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың тізімі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ұсынылғаннан кейін, емдеуді қажетсінетіндерді емдеу мекемелеріне бекітіп, кезекті шақыруға дейін емдеу жүргізуді қамтамасыз ету жүктелсін.
3. Ауылдық округ әкімдеріне:
1) әскерге шақырылғандардың шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін;
2) шақыру кезінде, стационарлық бақылау, амбулаториялық тексеру жасау кезінде әскер қатарына шақырылғандар жұмыстан босатылсын;
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Л. Ж Тоқсановаға 2007 жылдын сәуір, қазан айларынан бастап кестеге сәйкес шақыру учаскесіне, жұмыссыз ретінде тіркеуге алғандар қатарынан, техникалық қызметкерлер бөлетін болсын.
5. Аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі А. Ш. Елеусізоваға және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Қаңтарбаевқа (келісім бойынша):
Президенттік тест нормативтері бойынша шақырылғандарға тексеру жүргізсін;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына жөнелтілгендерді салтанатты аттандырып салуды ұйымдастыру жүктелсін.
6. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңының 36 бабы 2 тармағы 5 тармақшасына сәйкес, Катонқарағай аудандық әкімдігінің қаулысы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон, қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Қ. Сәдуовқа жүктелсін.