О проведении очередного призыва на срочную воинскую службу граждан 1980-1989 годов рождения в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Күшін жойған
Басқа 0
1980-1989 жылдары туған азаматттарды, 2007 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудан өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 23 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірде «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданының аумағында 1980-1989 жылдары туған, шақырудан кейінге қалдырылғаны немесе босатылғаны туралы құқығы жоқ еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ оқу орнынан босатылған, он жетіге толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген мерзімде әскери қызметін өтемеген азаматтарды, 2007 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудан өткізсін.
Тармақ 2
2. Қосымшаға орай, аудандық шақыру комиссиясын құрсын.
Тармақ 3
3. Аудандық шақыру комиссиясының жұмысын «Ақмола облысы Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру пункті жайында өткізсін.
Тармақ 4
4. 2007 жылдың сәуір-маусым айларында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды медициналық куәландыру осы қаулы күшіне енген күннен бастап 14 күннің ішінде өткізілсін.
Тармақ 5
5. 2007 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды медициналық куәландыру 2007 жылдың 1 қазанының 23 қазанына дейінгі аралықта жүргізілсін.
Тармақ 6
6. «Ақмола облысы Деңсаулық сақтау департаментінің «Сандықтау аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің (ПоляковаТ.В.) (келісімі бойынша) және «Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаментінің жанындағы Сандықтау аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшыларына (келісімі бойынша) азаматтарға медициналық тексеру жүргізу үшін:
Тармақша 1
1) медициналық куәландыру жүргізу үшін қажетті мөлшерде білікті дәрігер-мамандар, сондай-ақ орта буын медицина қызметкерлерін бөлуді;
Тармақша 2
2) азаматтарды тұрақты емдеу, емдеу-сауықтару мекемелерінде шақыру комиссиясының жолдамалары бойынша қосымша тексеру үшін бос орындар ұстауды;
Тармақша 3
3) комиссияны аспаптар мен мүліктің қажеті санымен қамтамасыз етуді ұсынсын.
Тармақ 7
7. Ұйым басшыларына әскерге шақыртылуға жататын азаматтарды іссапарлардан (демалыстардан) шақыртып алуды, олардың шақыру учаскесіне келуін хабардар етуді және уақытында келуін қамтамасыз етуді ұсынсын.
Тармақ 8
8. Ауыл әкімдері және селолық округтердің әкімдері, ұйым басшылары әскери міндеттілерді және әскерге шақырылғандарды Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміге шақырылғаны туралы хабарласын және олардың уақытында келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Шақыру бойынша іс-шаралардың орындауына байланысты шығындар, аудандық бюджеттен көзделген ақша есебінен іске асырылсын.
Тармақ 10
10. «Ақмола облысы ішкі істер департаментінің Сандықтау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қылмыстық іс қозғалған және тексеру жүргізіліп жатқан әскерге шақырушылар туралы ақпарат беруді;
Тармақша 2
2) шақырудан бас тартушы тұлғаларды, іздеп тауып Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізуді;
Тармақша 3
3) шақырту комиссиясы өткізілуі және әскерге шақырылғандарды әскери бөлімге шақырып салу кезінде шақыру пунктінде тәртіп болуын қамтамасыз етуді ұсынсын.
Тармақ 11
11. Сандықтау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № А-4/85 «1988 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақырудан мерзімі өткен 1979-1987 жылдары туған азаматтарды, 2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудан өткізу туралы», Сандықтау ауданың Әділет басқармасында 2006 жылдың 04 мамырынды 1-16-37 нөмірімен тіркелген, «Сандықтауские вести» газетінде 2006 жылдың 17 мамырында 37 нөмірімен (7497) жарияланған қаулысы күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Ізбасарова Балым Сабетқызына жүктелсін.
Тармақ 13
13. Қаулы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен іске қосылынды.
Басқа 20. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Сандықтау ауданы әкімдігінің
2007 жылғы № «1980-1989 жылдары
туған азаматтарды, 2007 жылғы
сәуір-маусым және қазан-желтоқсан
айларында мерзімді әскери
қызметке кезекті шақырудан
өткізу туралы» қаулысына қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Журбин Андрей Юрьевич Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
Әлімжанова Алтын Қазиқызы Сандықтау ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
Уразов Ақайдар Молдаипович Сандықтау ауданының ішкі істер бөлімі бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары (келісімі бойынша);
Шмаль Ирма Робертовна Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің жанындағы Сандықтау аудандық емхананың дәрігері, медициналық комиссия төрайымы (келісімі бойынша);
Кагомлык Ольга Владимировна шақыру комиссиясының хатшысы;