О проведении очередного призыва граждан 1980-1989 годов рождения на срочную воинскую службу в апреле-июне 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылдың сәуір-маусым айларында 1980-1989 жылдарда туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» қаулысын негізге алып, 1980-1989 жылдарда туған, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған жастары үлкен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1980-1989 жылдарда туған шақыруды кейінге қалдыруға немесе мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтардың 2007 жылдың сәуір-маусым айларында Степногорск қаласының аумағында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуы жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Степногорск қаласы, 1 шағынаудан, 22 үй, «Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекен-жайы бойынша шақыру пункті ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамында бекітілсін.
Тармақ 4
4. «Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери кызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды 2007 жылғы сәуір-маусымында әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұсынсын.
Тармақ 5
5. «Степногорск қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері (Дүйсенов А.Х., келісім бойынша) шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін шақыру комиссияның қарамағына дәрігерлер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлердің қажетті санын бөлуді ұсынсын.
Тармақ 6
6. Степногорск аймақтық психиатрия ауруханасы (келісім бойынша) шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін шақыру комиссияның қарамағына психиатр-дәрігерін бөлуді ұсынсын.
Тармақ 7
7. Степногорск қаласы кәсіпорындарының, мекемелерінің, ұйымдарының, оқу орындарының басшылары:
Тармақша 1
1) іссапарларда жүрген шақырылушыларды шақырып алсын және шақыру комиссиясын өту үшін Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуді оларға жүктесін, шақырушылардың шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды шақыру, стационарлық тексеру, сондай-ақ амбулаторлық анализдерді жүргізу уақытында жұмыстан босатсын.
Тармақ 8
8. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру пунктіне алты адамнан тұратын техникалық жұмысшыларды бөлсін.
Тармақ 9
9. Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінің және Қарабұлак селолық оқругінің әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыруға жататын барлық шақырылушыларға жеке шақыру қағаздарын тапсырып және оларды шақыру комиссиясына Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен белгіленген күндерінде келуін камтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды шақыру пунктіне жеткізу үшін алып барушыларды және қажетті көлікті беруді қамтамасыз етсін, апарған уакытта шақырылушыларды жол апаттарынан сақтандыру үшін шаралар қолдансын;
Тармақша 3
3) шақырылушыларды шақыру пунктіне жіберер алдында, олардың жеке шақыру қағаздарында көрсетілген құжаттардың түгел болуын тексерсін.
Тармақ 10
10. Шақыруды өткізуіне байланысты шығындардың қаржыландыруы Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтінімі бойынша қалалық бюджетте көзделген қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің Степногорск қалалық ішкі істер бөлімі (Есентеміров Т.О., келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне алдын ала тексеру мен тергеу жүргізіліп жатқан шақырылушылары туралы жеті күн мерзімі ішінде ақпарат етуін;
Тармақша 2
2) Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтінімдері бойынша шақыру мерзімінде шақыру пунктінде шақырылушыларды облыстық шақыру пунктіне жіберу мен апару кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуді;
Тармақша 3
3) әскери міндеттен бас тартып жүрген азаматтарға іздеуді жүргізуін ұсынсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы С.Е. Есмағамбетовке жүктелсін.
Басқа 22. Шақыру комиссиясының құрамы
Степногорск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № ә-4/150 қаулысына қосымша Шақыру комиссиясының құрамы Қатышев Төлеген Саттарұлы - Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы Боцман Николай Яковлевич - Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құкықтық бөлімінің ТЖ жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Вернигора Наталья Ивановна - Степногорск қалалық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Есжанов Қанат Рахметоллаұлы - тәрбиелеу және кадр жұмысы бойынша Степногорск қаласының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Пішенбаев Ақылбек Бекішұлы - Степногорск қалалық емханасының хирургиялық қызметінің меңгерушісі, медициналық комиссияның төрағасы Оспанов Болат Кеңесұлы - «Отан» республикалық коғамдық бірлестігінің кәсіби-техникалық оқу орталығының директоры (келісім бойынша) Штундер Георгий Георгиевич - «Отан» республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби-техникалық оқу орталығының өкілі (келісім бойынша)