Об очередном призыве граждан 1980-1989 годов рождения на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Қолданыста
Басқа 0
1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бап 4-тармағының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының 1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығының негізінде, әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жоспарлы және ұйымшылдықпен жіберу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл ауданының аумағында 1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылғы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан айларындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыру пункті мына мекен жайда ұйымдастырылсын: Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 211 ғимарат, Ақкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңындағы 20 - бапқа сәйкес, аудандық шақыру комиссиясы құрылсын (1-қосымша).
Тармақ 4
4. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы, комиссияның толық емес құрамда жұмыс істеу жағдайларына жол бермеуге және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық орталық аурухана, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, міндеттелсін:
Тармақша 1
1) әскерге шақыру комиссиясынның қарамағына әскерге шақырылушыларды дәрігерлік анықтамадан өткізу үшін қажетті сандағы маман - дәрігерлер мен орта медициналық персоналдарды бөлсін.
Тармақша 2
2) аудандық орталық аурухананың стационарында шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша барған әскерге шақырушылардың денсаулықтарын қосымша тексеруден өткізу үшін резервті керуеттер болсын, қосымша тексерулер шақыру комиссиясы белгіленген мерзімде өткізілсін;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дәрігерлік тексеріс туралы Қағидасына» сәйкес шақыру комиссиясы қажетті дәрігерлік және шаруашылық құралдарымен қамтамасыз етілсін;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыларды тексеруден өткізіп, олардың әскери қызметке жарамды екендігі туралы арнаулы рентгендік пленкалардың резерві болсын.
Тармақша 5
5) әскерге шақырылушы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды аяқтаған соң, Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім емделуді қажет ететін әскерге шақырылушылардың тізімін бергеннен кейін азаматтарды емдеу мекемелеріне бекітіп, кезекті шақыруға дейін емдеу жүргізсін.
Тармақ 6
6. 2007 - жылғы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан айларындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын 1980-1989 жылы туған азаматтардың дәрігерлік комиссиядан өту кестесі бекітілсін.
Тармақ 7
7. Ақкөл қалалық, село және селолық округтердің әкімдеріне, кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардын және ауданның оқу орындарының басшыларына:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушылардың шақыру комиссиясына келулерін қамтамасыз етсін. Барлық кәсіпорындардағы, мекемелердегі, іссапарлардағы және демалыстағы әскерге шақырылушылардың барлығы шақыртылып, олардың Ақкөл аудандық қорғаныс істері бөліміне келіп, комиссиядан өтулері міндеттелсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушылар әскерге шақырту кезінде стационарлық тексеруден өту, сондай-ақ амбулаторлық анализдер тапсыру үшін жұмыстарынан босатылсын.
Тармақша 3
3) Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру қағаздарын алған әскерге шакыртылушыларға кетулеріне 7 күн қалған уақыт ішінде толық есептесу жүргізілсін.
Тармақ 8
8. Ауыл, село, және селолық округтердің әкімдері, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңындағы талаптарға сәйкес міндеттелсін:
Тармақша 1
1) барлық шақыруға жататын әскерге шақырылушыларды шақыру қағаздарына жеке өз қолдарын қойғызу арқылы тапсырып, олардың шақыру комиссиясына Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім көрсеткен күндері келулерін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды шақыру бөліміне жеткізу үшіп жауапты жетекшілер бөлінсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды тасымалдағанда оқыс жағдайларды болдырмаудың алдын алу шаралары қарастырылсын;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыларды шақыру бөліміне жібермес бұрын, олардың жеке шақыру қағаздарында көрсетілген қажетті құжаттарының түгелдігі тексерілсін;
Тармақша 5
5) шақырудан бас тартқан әскерге шақырылушыларды іздестіруде Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге көмек көрсетілсін.
Тармақ 9
9. Білім беру бөлімінің бастығына, Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесе отырып әскерге жіберілетін құрамның нормативтік президенттік тест тапсыруларына тексеріп, бақылау ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Ақкөл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына:
Тармақша 1
1) Ақкөл аудандық қорғаныс істері бөлімі, әскерге шақырылушылардың бұрын сотталғандығы, қылмыстық жазасын өтегендігі, қылмысты үшін сотта және тергеуде жүргендігі туралы ақпарат берсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды әскерге шақыру және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына жіберу кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) Әскери міндеттен бас тартқандар іздестірілсін.
Тармақ 11
11. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі № а-4/158 «1979-1988 жылы туған азаматтарды 2006 жылғы сәуір - маусым, қазан - желтоқсан айларындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысы өз күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 12
12. Аудан әкімдігінің қаулысы Ақкөл аудандық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланган күннен бастап қолданысқа енеді.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.С.Балпанға жүктелсін.
Басқа 30. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ
Аудан әкімдігінің 2007 ж. «25» 04
№ А-4/155 қаулысына 1-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЬІ
Нұрмағамбетов Келден Төлегенұлы Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы
Сейітов Ахмет Мағзұмұлы ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ
Досжанов Болат Қаметұлы Ақкөл АІІБ бастығының кадрлар және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Бердімұратова Шырақ Қайрошқызы дәрігер-терапевт
Роппель Любовь Поликарповна медбике, комиссия хатшысы
Гернер Александар Иванович әскерге шақыру және әскери қызметшілерді ӘТМ-ке және БӘД-қа келісім-шартпен алу бөлімшесі бастығының көмекшісі
Тақысов Сайлау Сағындықұлы аудан әкімі аппараты заң бөлімінің АҚ және ТЖ мәселесі жөніндегі жетекші маман
Басқа 31
2007 жылғы 25.04
Аудан әкімдігінің
№ А-4/155 қаулысына
Бекітілген 2-қосымша
2007 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылатын, 1980-1989 жылы туған жас өспірімдердің дәрігерлік комиссияны өту графигі.
Кеуде қуысын рентгентке түсіру және анализдерді тапсыру сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін орталық аудандық ауруханада және отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларда.
Ауылдық, селолық және селолық округтердің әскери-есептік үстелдерінің инспекторлары 1980-1989 жылы туған жас өспірімдерді аудандық дәрігерлік комиссиядан өтуге алып келгенде, өздерімен бірге анализ қорытындыларын алып келсін.